Ақпараттандыру бағдарламасы » Байзерек негізгі мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Байзерек негізгі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72859) 3-17-10
Есепші бөлімі:
+7(72859) 3-17-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ақпараттандыру бағдарламасы
31
май
2021

Ақпараттандыру бағдарламасы

Ақпараттандыру бағдарламасы бойынша -  информатика пәнінің мұғалімі А.Аблайханов жауапты. «Ақпараттандыру» бағдарламасының орындалуын жүзеге асыру мақсатында жылдық жұмыс жоспары жасалып, бекітілді. Жоспар бойынша жұмыстар атқарылды. Мектепте жалпы саны 5 компьютер, 2 мультимедиалық құрал орнатылған. Олар: 2010 жылы келген 3 компьютер, 2016 жылы келген 1 компьютер, 2017 жылы келген 1 компьютер, 2017 жылы келген 2 мультимедиалық құрал. Оның 4 информатика кабинетіне орналастырылған. 1 компьютер үйде оқитын оқушының үйінде орналастырылған.  2019 жылы 1 «Bilimdook» наутбугі, 2020 жылы 10 «Bilimdook» ноутбук,  18 нетбук, 3 планшет келді.    Интернет   желісі 2 компьютерге қосылған. Интернет «Dual-up» «Қазақ телеком» желісінде интернет орнатылған болатын. Қазіргі уақытта «Dual-up» желісіндегі интернет істемейді. «Қазақ телеком»   желісіндегі интернет те баяу жұмыс істейді. Интернетке шығу барысына тарифтік лимит кестесі сақталынды. Интернеттен алған ақпаратты тіркеу журналы жасалынып, парақтары саналып, бекітілді. Электрондық оқулықтармен сабақ өткізу кестесі жасалып, сол бойынша пән мұғалімдері сабақ өткізді. Сонымен қатар 2 мультимедиалық құралға орнатылған «i-Mektep» және «BilimLand» бағдарламаларын пайдалана отырып, сабақтар өткізуде. Ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасының шеңберінде компьютерлік сауаттылықты толық оқу курсынан өткен мұғалімдер анықталып, тізімі жасалынды.    

Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Байзерек ауылы Ж.Жабаев көшесі, 20 үй

Жетысуская область, Алакольский район, село Байзерек, улица Ж.Жабаева 20
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Байзерек негізгі орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru