Сулейменова Багдагул Еркинбековна » Байзерек негізгі мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Байзерек негізгі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72859) 3-17-10
Есепші бөлімі:
+7(72859) 3-17-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Сулейменова Багдагул Еркинбековна
24
январь
2022

Сулейменова Багдагул Еркинбековна


Өмірбаян

Мен, Сулейменова Багдагул Еркинбековна 1975 жылы 19 маусымда Талдықорған облысы Үйгентас ауданы Қарлығаш ауылында дүниеге келдім.
 1982 жылы Қарлығаш сегіз жылдық мектебінің 1-сыныбына қабылдандым. 
 1990 жылы осы мектептің негізгі курсын аяқтадым.
 1990-1992 жылдары Екпінді орта мектебінде оқып, 
орта мектепті осы мектептен аяқтадым. Сонымен қатар, мектеп жанындағы "Педагогикалық бағдар" қосымша курсы бойынша "бастауыш сынып мұғалімі" куәлігін алып шықтым. 

1992-1994 жылдары Жаркент педагогикалық училищесінде оқып, «бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша диплом алдым.

1994 жылдың 1 қыркүйегінен Алматы облысы Үйгентас ауданы Байзерек ауылы Байзерек орталау мектебіне бастауыш сынып мұғалімі қызметіне орналастым. Қазіргі уақытқа дейін осы мектепте қызмет атқарудамын.

2001-2004 жылдары Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі мамандығы бойынша жоғары білім алдым.

2009-2010 оқу жылы, 2010-2011 оқу жылында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқардым. Қазіргі уақытта бастауыш сынып мұғалімімін. 

Тұрмыстамын. Екі балам бар. 

Менің курстарым

2017 жылы  Талдықорған қаласы ПШО «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» курсы 

2020 жылы  

2021 жылы «Өрлеу» БАҰО «Педагогтердің цифрлық құзырлығын дамыту» курсы

2021жылы «Орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту»  тақырыбындағы курс

Менің жетістіктерім

2017 жыл Білім беру мекемелерінің қатысушылары арасында ұйымдастырылған республикалық  «Сауат ашу — білім бастауы» олимпиаданың жүлдегерлерін даярлағаны  үшін алғыс хат.

2017 жылы Бастауыш сынып мұғалімдеріне өткен Ұлттық интернет олимпиадасының І дәрежелі дипломы.

2017 жылы «Қазақстан Білім және ғылым әлемі» журналының жанынан ұйымдастырылған «Ізденгіш жас ғылым» байқауына жеңімпаз дайындағаны үшін алғыс хат.

2017-2018 оқу жылы «ПОНИ» жүлдегерлер дайындағаны үшін диплом.

2018-2019 оқу жылы Qaztest.kz  сайтында ұйымдастырылған ІІ Республикалық «Үздік сынып жетекші» олимпиадасында І орын диплом.

2018-2019 оқу жылы «ПОНИ» жүлдегерлер дайындағаны үшін диплом.

2019-2020 оқу жылы Аудандық жас маман мен тәлімгерлердің «Педагогикалық тандем» байқауында ІІ орын.

2020 жылы  Қазақстан педагогтар қауымдастығы өткізген республикалық «Үздік педагог-2020» байқауына ұсынған жұмыстарым үздік деп танылғаны үшін диплом және қауымдастық төралқасының шешімімен «Ы.АЛТЫНСАРИН» төсбелгісімен марапатталдым.

Конференция 

2017-2018 оқу жылы "Солнечный свет" халықаралық порталынан шыққан "Международная дистанционная педагогическая конференция Педагогика и образование" жинағына "Оқытуда сын тұрғысынан ойлауды пайдалану" атты шебер сыныбым жарияланды.


2021жылы ПШО Алматы қаласы филиалы өткізген «Сабақты зерттеу (Lesson Study): Қазақстандық мектептердің тәжірибесі» тақырыбындағы                          онлайн-конференцияға қатысып, сертификат алдым.


Семинарларға қатысу

2017-2018 оқу жылы Қарлығаш негізгі орта мектебінде өткізілген аудандық семинарда үлгілі сабақ көрсеттім.

2018-2019 оқу жылы  Қарабұлақ ауылында өткізілген облыстық семинарда қазақ тілі пәнінен «Судың да сұрауы бар. Негізгі және туынды етістік» тақырыбында үлгілі сабақ көрсеттім.

Авторлық бағдарлама

2018-2019 оқу жылы 3-сыныпқа  арналған "Тіл дамыту" таңдау пәні бойынша авторлық бағдарламам аудан көлемінде таратылды.


Озық тәжірибе тарату


2019  жылы «Білім берудегі инновациялық үдерістер:педагогтердың кәсіби өзін-өзі тануы мен өзіндік дамуы – білім берудің сапасы » тақырыбында шыққан облыстық жинаққа материалым жарияланды

2019  жылы «Жаңа үлгіде сабақтарды жоспарлаудың ерекшеліктері» тақырыбындағы облыс көлеміндегі бастауыш сынып мұғалімдерінің іс-тәжірибелерінің жинағына материалым жарияланды.

 2020 жылы Ziatker.kz сайтына материал жарияланғандығы жөнінде сертификат







Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Байзерек ауылы Ж.Жабаев көшесі, 20 үй

Жетысуская область, Алакольский район, село Байзерек, улица Ж.Жабаева 20
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Байзерек негізгі орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru