Білім күніне » Байзерек негізгі мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Байзерек негізгі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72859) 3-17-10
Есепші бөлімі:
+7(72859) 3-17-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2022

Білім күніне

2022-2023  оқу жылында   Байзерек   негізгі  орта   мектебінде

« Білімге ұмтылу,еңбексүйгіштік және отаншылдық » атты  Білім күніне   арналған  салтанатты  жиынның    өтілуі  туралы

М Ә Л І М Е Т

      Байзерек   негізгі  орта  мектебінде   1 қыркүйек  Білім   «Білімге ұмтылу,еңбексүйгіштік және отаншылдық » атты    тақырыбында күні  салтанатты жиын  өткізілді.

  29 тамыз күні   Білім күніне  арналған   іс-шаралар  жоспары  құрылды.Мектеп   екі кезеңмен оқитын болғандықтан сынып сағаттарының өтілу мерзімі  мектеп директорымен  бекітілді.сонымен қатар  сынып сағаттарына  келген қонақтар мен мектеп әкімшілігінің қатысу графигі жасалды.

1-қыркүйек Білім күніне арналған « Білімге ұмтылу,еңбексүйгіштік және отаншылдық » тақырыбындағы 1-9 сыныптар аралығындағы  ашық сынып сағаттарының өтілу  кестесі.

2022-2023 оқу жылы

Сыныптар 

Сынып жетекшісі 

Өтілу уақыты

Қатысатын  мұғалім

лауазымы

1-9сыныптар

Салтанатты жиын


09.00-10.00

Аблайханов А.М

Калабаева А.Т

Пед.орг

ТЖО

1

 1-сынып 

Көкебаева Г

10.00-10.45

Нысанбаева А.Т

ОІЖ орынбасар

2

2-сынып

Сакенова    Қ.А

10.00-10.45

Мухамедиева Г.Т

Қарт ұстаз

3

3-сынып

Сулейменова Б.Е

10.00-10.45

Канапина С.А

Директор 

4

4-сынып

Оспанова Қ.М

10.00-10.45

Аубакирова Алия 

Ата-ана кеңесі төрайымы 

5

5-сынып 

Айдарова М.А

10.00-10.45

Калабаева А.Т

ТЖО

6

6-сынып

Жанакулова Н.А

10.00-10.45

Кайранова А.Б

Кәсіподақ     төрайымы



7-9     сыныптар

 Қызықты тренингтер

10.00-10.45


                          5 минут санитарлық  уақыт,бөлмені желдету


7

7-сынып

Сангулова А.Р

10.50-11.35

Канапина С.А

Директор 

8

8-сынып

Даркембаева Ж.С

10.50-11.35

Нысанбаева А.Т

Оқу ісі орын

9

9-сынып

Абылайханов А.М

10.50-11.35

Тунгатаров Ж

Қамқоршылық кеңес төрағасы
















 Мектеп алаңы    оқу жылын салтанатты  бастауға әзірленіп,іс-шараға  қатысатын  1-сынып оқушыларын салтанатты жиын өткізуге ,2-9 сынып оқушыларын  « Білімге ұмтылу,еңбексүйгіштік және отаншылдық » атты  республикалық сынып сағатын өткізуге  шақыру  қағаздары   таратылды.Оқушылардың сабаққа дайындықтары бір тексеріліп шықты.

1-Қыркүйек Білім  күнінің « Білімге ұмтылу,еңбексүйгіштік және отаншылдық » атты    салтанатты жиын төмендегідей жоспарланды:  

1. Салтанатты жиынның  ашылуы  ,Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын кіргізіледі. 

2.Гимн  орындалады.

3.Оқу ісі орынбасарының оқу жылын бастау бұйрығымен таныстыруы  және 1-сыныпқа  қабылдау  рәсімі 

4.Мектеп директорының ,қамқоршылық кеңесі,жалпы ата-аналар кеңесінің     төрайымының  құттықтау сөзі,

5.9-сыныптың құттықтауы «Әліппе»оқулығын салтанатты тапсыру рәсімі

6. 1- сынып оқушыларының әдеби монтажы

7. Алғашқы қоңырау  соғылу рәсімі

8. Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік  туын   тұғырына қондыру 

9. Салтанатты   жиынның   жабылуы, Гимн

10.Ашық тәрбие сағаттары 

Білім  күніне арналған   салтанатты   жиынға  1- 9-сынып оқушылары қатысты.Жиынға Мемлекеттік  ту салтанатты түрде  кіргізіліп, мемлекеттік Гимн орындалды.Оқу  ісі  орынбасары Анель Таңжарыққызының  оқу жылының    басталуы  туралы  бұйрық оқуымен  басталды   және 1-сыныпты  мектепке  салтанатты түрде  қабылданды. Салтанатты  жиында   мектеп  директоры  С.А.Канапина құттықтау  сөз сөйлеп, биылғы оқу жылының ерекшеліктерімен таныстырды. 

Мектебімізді бітіруші сынып оқушылары өздерінің әзірлеген   құттықтауларын айтып,әндерін арнады.   1-сынып  оқушыларына дәстүрге сәйкес «Әліппе» оқулықтарын салтанатты түрде табыс етті.1-сынып оқушысы   Тлеубек  Інжудің анасы,қарт ұстаз Г.Тоқтаровна  құттықтау  сөз  сөйлеп, жылы   лебіздерін   білдірді.       Іс –шара   барысында  1-сынып  оқушылары   дайындаған әдеби-монтаждары   көрсетілді.

    Салтанатты жиынның соңы Алғашқы қоңырау соғылып,сынып оқушылары сыныптарымен танысумен жалғасты.Салтанатты  жиын   аяқталғаннан кейін мектеп әкімшілігі алғашқы  сынып сағаттарына  қатысты. 

2-сынып  Бүгін 1-қыркүйек күніне «Білімге ұмтылу еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. 

Мақсаты: Жас ұрпақтың бойында өз ұлтына, еліне, туған жеріне, Отанына деген сезідерін оятып, өзінің қазақ екендігімен мақтанатын ұлтжанды азаматты тәрбиелеу.Сынып сағаты «Шатасқан» әріптер ойыны, «Мозайка» әдісі , «Суреттер сөйлейді» әдістерін қолдану  арқылы қызықты болды

 

4-сынып Сынып жетекшісі Қ.М.Оспанова   «Білімге ұмтылу еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбында сынып сағатын  өткізді. 

Мақсаты: Отанды сүюге, болашақта отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді, білікті адамдар керек екенін аңғарту. Еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, әдет-ғұрып, салт-дәстүрді сақтап, әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу.

Слайд, презентация, мақал-мәтелдер жазылған плакаттар. «Сұрақ-жауап»  әдісі арқылы оқушыларға түрліше сұрақтар қойылып, жауаптар берілді. Оқушылар өз ойларын толықтай айтып, сабаққа белсене қатысты. 






5-сынып  жетекшісі М.Айдарова  «Білімге ұмтылу еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбында сынып сағатын өткізді,мақсаты: «Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. 

Міндеттері: 

- еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру; 

- еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту; 

- еңбексүйгіштікке тәрбиелеу болды.

Сынып сағаты  Мақалдың мағынасын ашудан басталды  .Адамгершілік туралы Ұлы Абайдың өлең жолдарын қалай түсінетіндері туралы әңгімелесті.Әдеп туралы тыйым сөздердің мағынасын ашып өз ойларын айтты.Проблемалық жағдаяттардан шығып   өз ойларын айтты.«Тұжырымдамалық карта»  әдісін пайдалана отырып,  «Еңбек» сөзіне жыл мезгілдеріне қарай еңбектің түрлерін  жазып шығу және қорғау ұсынылды.Суреттерге қарап еңбектін түрін анықтады

Сабақ соңында  Жүректен жүрекке. Жылы лебіздерін білдірді.


8-сынып жетекшісі Ж.Даркембаева  8-сыныппен сынып сағатын өткізді. Сынып сағатының мақсаты : білім, еңбек-адамзат баласының басты құндылығы туралы түсініктерін  кеңейту, шығармашылық тұрғыдан еңбектену қабілеттерін дамыту, отаншылдыққа тәрбиелеу.  

Жүректен жүрекке  әдісі арқылы оқушылар тақырыпқа қатысты бір-біріне тілек айтады. 

Мысалы, Еңбегің жемісті болсын! Еңбек етсең емерсің! Еңбек шынықтырады! т. б

Тұжырымдамалық карта әдісін пайдалана отырып, Еңбек сөзіне жыл мезгілдеріне қарай еңбектің түрлерін жазып шығады, қорғайды. 

"Шатастырылған логикалық тіркестер" әдісі арқылы оқушылар тіркестердің ішінен Еңбек туралы мақалды табады, мазмұнын түсіндіреді. Мысалы, Еңбек ширатады, өмір үйретеді.

"Синквейн" әдісі арқылы бес жолды өлең құрастырып шықты. 

Соңында кері байланыс Мен үшін еңбек...(оқушылар осы сөйлемді аяқтай отырып, бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөлісті)







Сынып сағаттары арасына 15 минут үзіліс   кезінде санитарлық талаптар орындалды.Сынып желдетіліп,сынып бөлмелері сүртіліп  алынды.Сынып сағаттары жоғары дәрежеде өткізілді.Сынып   сағаттарында  түсірілген суреттерден  видеолар  жасап ,әлеуметтік желіге жүктелді

                Мектеп директоры                            С.А.Канапина

Тәрбие жөніндегі  орынбасар                       А.Т.Калабаева


Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Байзерек ауылы Ж.Жабаев көшесі, 20 үй

Жетысуская область, Алакольский район, село Байзерек, улица Ж.Жабаева 20
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Байзерек негізгі орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru