«Театр сабақтары» жобасының іс-шара жоспары
«Театр сабақтары»
Жобаның тақырыбы
Жобаның өзектілігі:
Театр – халықты эстетикалық адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеудің аса маңызды құралы болып есептеледі.
Театр – өнер түрлерінің ішіндегі балалар үшін оңай және тиімдісі, ол қазіргі заман педагогикасы мен психологиясының көкейкесті мәселелерін шешуге жағдай жасайды.
Театр баланың рухани және шығармашылық потенциалын ашады және әлеуметтік ортаға бейімделуіне мүмкіндік береді.
Баланың эмоционалды ашылуына, сезінуге және көркемдік қиялдауға үйрету ең қысқа жолы – ойын, қиялдау, ойдан шығару болып табылады. Осының барлығын театр сабақтары арқылы жүзеге асыруға болады.
Жобаның мақсаты:
Театр әрекетімен айналысу арқылы білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, бойларындағы табиғи дарындылығын ашу
Міндеттері:
Театр әрекеті негізінде баланың дамуына жағдай жасау.
Көру, есту зейінін, есте сақтау, байқағыштық, тапқырлық, қиялдау, кеңістік ойлау қабілеттерін дамыту.
Балаларды көркемдік-әсемдік, адамгершілік-рухани бағытта тәрбиелеу;
Театралды – ойын әрекетіне, көрермен мәдениетіне тұрақты қызығушылықтарын тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
· Халық педагогикасын –сан ғасырларда қалыптасқан салт – дәстүрлерді, әдет ғұрыптарды жан жақты терең біледі;
· Мектеп оқушылары әдептілік, достық, бірлік, ынтымақтастық дәстүрлерін біледі;
· Көркем сөйлеу, актерлік шеберліктерін дамытады;
· Өнерге қызығушылығы артады.
ЖҰМЫС ІСТЕУ КЕЗЕҢДЕРІ:
І кезең: Жобалау.
2021-2022 оқу жылы Қыркүйек айы
Жобаны ұйымдастыру және жоспарлау
Театр мәдениетінің негіздерімен танысу
ІІ кезең: Сынақтан өткізу.
2021-2022 оқу жылы Қазан-сәуір айлары
Театралдық қойылымдар көрсету
ІІІ кезең: Қорытындылау.
2021-2022 оқу жылы Мамыр айы
Театралдық қойылыммен жұмыс жасаудың қорытындысы
Қойылымды көрерменге көрсету. Әлеуметтік желілерде бөлісу