Байзерек негізгі орта мектебінің 2022 - 2023 оқу жылының І тоқсан бойынша атқарылған әдістемелік жұмысқа талдау » Байзерек негізгі мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Байзерек негізгі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72859) 3-17-10
Есепші бөлімі:
+7(72859) 3-17-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Байзерек негізгі орта мектебінің 2022 - 2023 оқу жылының І тоқсан бойынша атқарылған әдістемелік жұмысқа талдау
29
ноябрь
2022

Байзерек негізгі орта мектебінің 2022 - 2023 оқу жылының І тоқсан бойынша атқарылған әдістемелік жұмысқа талдау

Байзерек негізгі орта мектебінің 2022 - 2023 оқу жылының І тоқсан  бойынша атқарылған әдістемелік жұмысқа  талдау  


  Мектептің келелі мәселесі:  Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін  арттыра отырып, табысты мектеп деңгейіне жеткізу.  Бұл келелі мәселе 3 жылға жопарланған.  2021-2022 оқу жылы -  дайындық кезең, 2022-2023 оқу жылы – практикалық кезең,  2023-2024 оқу жылы – қорытынды кезеңі.  Биылғы оқу жылында дайындық кезеңі боғандықтан, тек оқып, үйрену, танысу жұмыстарығана жүргізілді.

Педагог кадрлармен жұмыс. Білім мекемесінде  21 ұстаз болған. Оның ішінде 3 мұғалім қоса атқарушы (география пәнінің мұғалімі  - А.Көкебаев, физика пәнінің мұғалімі – Жарахметов Ә., музыка пәнінің мұғалімі – Житенов М.)   21 мұғалім -   жоғары  білімді (100%), .Биылғы оқу жылында жаңадан келген 2 мұғалім. Математика пәнінің мұғалімі – М.Рамазанов пен психолог -  А.Айтанова.  Біліктілігін арттырған мұғалім жоқ. Білім жетілдіру курсынан 5 мұғалімм өтті. Олар: информатика пәнінің мұғалімі А.Аблайханов, биология пәнінің мұғалімі А.Калабаева, бастауыш сынып мұғалімі К.Сакенова, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А.Айдарова.    Жалпы мектепте   педагог -зерттеуші – 3 (16,6%), педагог – сарапшы немесе бірінші санатты мұғалімдер – 4 (22,2)  педагог – модератор немесе екінші санатты мұғалімдер  – 6 (33,3%), санаты жоқ мұғалімдер – 5 (27,7%) құрайды. 

Пән мұғалімдерінің біліктілік санаттары 

Санаты


2020-2021

2021-2022

2022-2023

1

Педагог –зерттеуші

3

3

3

2

Педагог-сарапшы, І санат


6

5

4

3

Педагог –модератор, ІІ санат


6

7

6

4

Санаты жоқ

6

4 

5


Пән мұғалімдерінің санаттарының өсу деңгейі

 

                

Әдістемелік жұмыс.Мектебіміздің әдістемелік жұмысы-жаңаша оқытудың жолдарын тауып және оны дамыту мен қалыптастырудың алғы шарттарын жүзеге асыру мақсатында  жұмыстың үлгісі мен әдіс –тәсілдері  басшылыққа алынды.   Жаңа тенология негізінде оқу процесін жетілдіру, пән апталықтарын өткізу, мұғалімдерді аттестациялау жұмыстары, оқушыларды мектепішілік, аудандық пән олимпиадаларына дайындау, жаңа технологияларды қолдану бағытындағы озат педагогикалық тәжірибені тарату,  оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында білім сапасын арттыру жолдары, оқытудың тиімді технологияларын мектеп практикасына ендіру бағытындағы тәжірибе алмасу  жұмыстары, нормативті құжаттар мен педагогикалық – психологиялық әдебиеттерге шолу, тағы сол сияқты мәселелер, қажетті  тақырыптарда коучинг, тренингтер жүргізілді. 

Мектептің әдістемелік жұмыс жоспары бойынша  төмендегідей іс-шаралар атқарылды. Әдістемелік онкүндіктер  бойынша мектепте 3 бірлестік бар. Олар:  қоғамдық - гуманитарлық пәндер бірлестігі, жаратылыстану – математика,өнер және эстетикалық пәндер бірлестігі,  бастауыш сынып бірлестігі.

Қоғамдық - гуманитарлық пәндер бірлестігінің жылдық жұмыс жоспары жасалып, бекітілді. Оқу жылының басында қоғамдық - гуманитарлық пәндер бірлестігінде 6 мұғалім жұмыс жасады.  

Жаратылыстану – математика, өнер және эстетикалық пәндер бірлестігінің жылдық жұмыс жоспары жасалып, бекітілді. Оқу жылының басында жаратылыстану – математика,өнер және эстетикалық пәндер бірлестігінде 7 мұғалім жұмыс жасады.  

Бастауыш сынып бірлестігінде 5 мұғалім жұмыс жасайды. 

Дарынды оқушымен жұмыс  бойынша қыркүйек айында   дарынды оқушылармен жұмыс жоспары жасалып бекітілді. Жоспар бойынша төмендегідей іс –шаралар атқарылды.   Дарынды оқушылармен жұмыс жүргізудің мақсаты: оқушылардың интеллектуалдық потенциалын жетілдіріп, дамыту жағдайын қамтамасыз ету бойынша нормативтік – әдістемелік құжаттар және жұмыс бағыттарын жүргізу.

Қыркүйек айында инттелектуалдық потенциалын зерттеу арқылы  дарынды балаларды анықтау мақсатында  мектеп психологі А.Айтанов оқушылардан сауалнама алды.  Қазан айында «IQanat» олимпиадасына оқушы қатыстыру жоспарланған,   алайда сайтқа тіркелмей, оқушы қатыстырылмады.  23.10.2022ж. күні аудандық «Балалар жылы шеңберінде ұйымдастырылатын Республикалық балалар байқауының аудандық кезеңіне 8- сынып оқушысы Ахметхан Жанерке, 6- сынып оқушысы Түгелбй Әсия, 3- сынып оқушысы Оянова Мадина қатысып,  6- сынып оқушысы Түгелбай Әсия жүлделі ІІ орын иеленді. 05.10.2022ж. күні «Ақберен» республикалық өнер байқауының аудандық кезеңіне 9- сынып оқушысы Медведева Анжела қатысты.  Қазан айында «Дарын» республикалық  ғылыми – практикалық  орталығының ұйымдастыруымен «Кенгуру – математика барлығы үшін» интеллектуалдық ойын – конкурсына Айдынқызы Айым І орын,  5- сынып оқушысы Гармашова Алина – ІІ орын,  5- сынып оқушысы Қанатұлы Арсен –ІІ орын,  3- сынып оқушысы Тлеубек Бақытжан- І орын,  3- сынып оқушысы Оянова Мадина – ІІ орын, 9- сынып оқушысы Айдынқызы Гүлсім – ІІІ орын, 5- сынып оқушысы Абузяров Тауфик –ІІ орын иеленді.   Қазан айында аудандық  «Зерде» кіші ғылыми жоба  байқауын оқушы қатыстырылмады.

Инновациялық жұмыс. Мектептегі инновациялық жұмыс заманауи техникалық мүмкіндіктерді пайдалануды көздейді. Бұл жұмысты дұрыс ұйымдастыру үшін мұғалімдердің заманауи ақпараттық технологияларды қолдануды білуі және оларды өзінің педагогикалық қызметінде қолдануы қажет.   . Бұл мұғалімдерге біліктілігін жоғарылатуға және оқу процесін, әсіресе, қазіргі кезеңде оқыту жағдайында тиімді етуге мүмкіндік береді. Осыған орай мектебімізде бірнеше жұмыстар атқарылды.   Оқу ісі жөніндгі орынбасары А.Нысанбаева мұғалімдерге «Күнделік.кз» жүйесімен, «Онлайн мектеп» платформасымен  жұмыс жүргізу кезінде үнемі көмек көрсетіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырды. Қыркүйек айында А.Калабаева «Ерекше білім беру берілуіне қажеттілігі бар білім алушылар үшін білім беру процесін ұйымдастыру» тақырыбында коучинг өткізді.  Күзгі каникул кезінде С.Мендыбаева «Білім алушылардың тарихи ойлау дағдысын қалыптастыратын  белсенді әдістер. А.Кайранова «Оқушы мен мұғалім арасындағы   ынтымақтастық қарым қатынас орнату жолдары» ,  А.сангулова «Рефлексия – мұғалімнің кәсіби дамуының негізі»   Қазан айында бастауыш сынып мұғалімі Б.Сулейменова  «ҚМЖ құрудың тиімділігі мен артықшылығы» тақырыбында коучинг өткізді. 

2022 жылдың 11 – қазан   күні Аудандық білім бөлімінің жылдық жоспары негізінде  Байзерек негізгі орта мектебінде «Білім сапасын арттырудағы тиімді әдіс – тәсілдер» тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинарға 9 мектептен 22 мұғалім қатысты.  8.00.-8.30 аралығында келушілер  QR бойынша тіркелді. 8.30.-9.00 аралығында қонақтарды қарсы алып, мектеп психологі тренинг өткізді.  9.00.-30 аралығында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С.Канапинаның (әкесінің қайтыс болуына байланысты) орнына бастауыш сынып мұғалімі Б.Сулейменова «Білім сапасын арттыруға әдіс – тәсілдердің пайдасы бар ма?» тақырыбында қонақтармен коучинг өткізді. Коучинг мақсаты:  сабақта түрлі әдіс- тәсілдер арқылы оқушылардың  білім сапасын арттырудың тиімді жолдарын бірлесіп шешу.  Коучинг барысында қатысушыларды  «Алфавит» әдісі бойынша 3 топқа бөліп, келушілердің ойын жинақтау мақсатында   «Сабақта оқушылардың қызығушылығын қалай арттырасыз және оның  білім сапасын   арттыруға әсері бар ма? деген сұрақ қойылды. Осы сұрақ арқылы конақтар коучинг мақсаты мен тақырыбын өздері анықтады.   Мағынаны тану бөлімінде «Алфавит» әдісі арқылы  мұғалімдердің өз сабақтарында қолданатын әдіс – тәсілдерінің анықтамасын  жазу ұсынылды.  Зейінін шоғырландыру мақсатында, «Әріптер айтысы» әдісін қолданды. Ой – толғаныс бөлімінде «Білім сапасын арттыруға әдіс – тәсілдерді қолданудың 10 пайдасын» топ болып анықтап талдады.  «Активатор 3,2,1»  әдісі арқылы   кері байланыс жасады.  

                9.35.-9.55 аралығында Байзерек негізгі орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі А.Калабаева 8 сыныппен Биология сабағында «Online Mektep» платформасының тиімділігін көрсетті.  Мақсаты: «Online Mektep» платформасының тиімділігін көрсету.  Оқушылар «Online Mektep» платформасында еркін жұмыс жасай алды. Оқушылардан сабақ соңында QR код арқылы кері байланыс алды. Мұғалім сабақ мақсатына жете алды. 

10.00.- 10.20 аралығында Байзерек негізгі орта мектебінің бастауыш сынып  мұғалімі К.Оспанова бастауыш сыныпта «Learing.apps» платформасының тиімділігін көрсетті.  Мақсаты: «Learing.apps» платформасының тиімділігін көрсету.  Оқушылар сабақта «Learing.apps»  платформасында еркін жұмыс жасай алды.  Сонымен қатар QR код арқылы оқушыларға тапсырма орындатты.   Мұғалім сабақ мақсатына жетті. 

10.00.- 10.20 аралығында Ақжар орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің   мұғалімі А.Мукашева 5 сыныптың  қазақ әдебиеті сабағында  «Wordwall» платформасының тиімділігін көрсетті. Мақсаты: «Wordwall» платформасының тиімділігін көрсету.  Оқушылар сабақта «Wordwall» платформасында еркін жұмыс жасай алды. Мұғалім сабақ мақсатына жетті. 

10.25.- 10.45 аралығында Төңкеріс негізгі орта мектебінің бастауыш сынып    мұғалімі А.Канапьянова 3 сыныптың қазақ тілі  сабағында  «Құндылықтарға бағытталған тәсілдердің тиімділігін көрсетті.  Сабақта «Жебе ату» әдісін қолданды. Мұғалім сабақ мақсатына жетті. 

10.25.- 10.45 аралығында Байзерек  негізгі орта мектебінің тарих пәнінің     мұғалімі С.Мендыбаева 9 сыныптың тарих  сабағында «Online Mektep»  және  «Wordwall» платформасымен жұмыс жасады.     Мұғалім сабақ мақсатына жетті. 

10.50.- 11.10 аралығында Байзерек  негізгі орта мектебінің бастауыш сынып  мұғалімі К.Сакенова 2 сыныптың математика сабағында   «Online Mektep»  платформасымен және  «Пазл» әдісін, қолдану арқылы жұмыс жасады.     Мұғалім сабақ мақсатына жетті. 

10.50.- 11.10 аралығында Шынжылы негізгі орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің   мұғалімі А.Болатова 9 сынып оқушыларымен «Орыс тілі сабағында шығарманы талдаудағы тиімді әдіс-тәсілдерді көрсетті.   Мұғалім сабағында «kahoot.com»   платформасын қолданды.   QR код арқылы оқушыларға тапсырма берді.  Мұғалім сабақ мақсатына жетті. 

Оқу ісі жөніндегі орынбасар А.Нысанбаева   семинарға келген қонақтардын «434» стратегиясы арқылы кері байланыс алды. 

Әр өткізілген іс –шарадан кейін қонақтардан QR код арқылы кері байланыс алынып отырды. 

Келген қонақтардың семинар бойынша берген кері байланыстары: Байзерек негізгі орта мектепте аудандық семинардан аларымыз көп болды; Тиімді әдіс – тәсілдерді пайдаланды; «Online Mektep»   платформасы ұнады, тиімді қолданды. А. Канапьянованың «Жамбы ату» әдісі сабақ мақсатына жетуге жақсы ықпалын тигізді; Балалардың семинарда еркін қатысуы ұнады; Ұжымның ауыз біршілігі ұнады; Платформаларды тиімді қолданды, әр түрлі әдіс –тәсілдерді еске түсіріп,үйрендік. т.б.

Жас мамандармен жұмыс. Қыркүйек айында Жас маман мектебінің жұмыс жоспары жасалып бекітілді. Жоспар бойынша төмендегідей жұмыстар атқарылды.  Қазан айында А.Нысанбаева жас мамандардан онлайн сауалнама алды. Сауалнама бойынша анықтама жасалды.  Қазан айында А.Нысанбаева «Пән олимпиадасына білім алушылады дайындау жолдары» тақырыбында Зуммен кездесу өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бастауыш сынып мұғалімі,тәлімгер Б.Сулейменова «БЖБ, ТЖБ анықтамасын қалай жазу керек» тақырыбында түсіндіру жұмысы жүргізілді. Жас маман М.Рамазановқа, А.Аблайхановқа  мектеп әкімшілігі тарапынан, тәлімгері Б.Сулейменованың тарапынан КТЖ, ҚМЖ құрастыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мектепішілік бақылау І тоқсан бойынша  8   іс- шара жоспарларнды.  Баланың сапалы білім алу құқығын қамтамасыз ету үшін бақылау бөлімі бойынша -3, мектеп құжатнамасының жүргізілуін бақылау бойынша – 4, оқу –тәрбие процесінің ғылыми әдістемелік қатамасыз ету жағдайын бақылау – 1,  Жоғарыда аталған бөлімдер бойынша жоспарланған іс-шаралардың барлығы бақылынып, анықтамасы жазылып жинақталды.

І тоқсан бойынша атқарылмаған іс-шаралар:

Дарын бағдарламасы бойынша Айқанат олимпиадасына, «Зерде» кіші ғылыми жоба байқауына оқушы қатыстырылмады.

Анықтама жазған оқу ісі жөніндегі орынбаасар А.Нысанбаева

Похожие публикации:

23 январь 2022 2019-2020 оқу жылы
22 январь 2022 2017-2018 оқу жылы
22 январь 2022 2017-2018 оқу жылы
22 январь 2022 2018-2019 оқу жылы
Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Байзерек ауылы Ж.Жабаев көшесі, 20 үй

Жетысуская область, Алакольский район, село Байзерек, улица Ж.Жабаева 20
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Байзерек негізгі орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru