Еңбек,экономикалық және экологиялық тәрбие жұмысы бойынша атқарылған жұмыстар » Байзерек негізгі мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Байзерек негізгі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72859) 3-17-10
Есепші бөлімі:
+7(72859) 3-17-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Еңбек,экономикалық және экологиялық тәрбие жұмысы бойынша атқарылған жұмыстар
24
январь
2022

Еңбек,экономикалық және экологиялық тәрбие жұмысы бойынша атқарылған жұмыстар

Еңбек,экономикалық және экологиялық тәрбие

Мақсаты: кәсіби өзін-өзі анықтауға саналы көзқарасты қалыптастыру, экономикалық ойлауды және тұлғаның экологиялық мәдениетін дамыту мақсатымен жыл бойы төмендегідей жұмыстар атқарылды.

Қазан айында «Күз   кереметі» /2-9сыныптар/арасында «Күзгі балл»мерекесін  өткізу жоспарланғанмен крантинге байланысты іс-шараның орнына сурет байқауын өткізуге алмастырылды.Сурет байқауында бас жүлдені  8-сынып оқушысы Чакержан Аружан, 1-орынды  7-сынып оқушысы Сухомбай Аружан, 2-орын 6-сынып оқушысы Айдынқызы Айым,3сынып оқушысы Чакержан Нұрсұлтан, 3-орынды  2сынып оқушысы Чакержан алды.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ әзірлеген 1-11 СЫНЫП БІЛІМ АЛУШЫЛАР ҮШІН  ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ СЫНЫП САҒАТТАРЫНЫҢБАҒДАРЛАМАСЫн басшылыққа алып сынып сағаттарына кіріктіріліпэкологиялық сағат өткізіліп отырылды. 

Осы бағдарлама аясында, өз жоспарымызға сай мектептеде  әр бейсенбі күні экологиялық сағат  өткізілді. Экологиялық сағатта 5-сынып оқушыларымен  гүлдерді  күтіп баптау жұмысы жоспарланып,атқарылды.



Мектеп оқушылары  мектеп ауласында, мектепке бөлінген аймақта сенбілік  жұмыстары жасалды.

Еңбек, экономика және экологиялық тәрбие бағытындаміндеті нарықтық экономиканың негізгі заңдары жайлы білімдерін қалыптастыру, жасөспірімдердің өзіне-өзі қызмет көрсету шеберлігін және дағдыларын игере отырып көзделген мақсатқа жетуді, шыдамдылықты қалыптастыру болып табылады. Мектепте оқушылар «Шебердің қолы ортақ» тақырыбында қол өнер байқауына қатысты.

«Менің таңдаған мамандығым»-тақырыбында  мектеп психологы 9сынып оқушыларымен  сұрақ- жауап кешін өткізді. «Мамандығым мақтанышым»кездесу сағатын өткізе отырып ,, «Бала тәрбиесі басынан, еңбекке баулу жасынан»тақырыбында тәрбие сағаты  өз сынып бөлмелеріндегі мүлікке жауапкершілікпен қарау мақсатында ұйымдастырылды.Сонымен қатар өрт сөндіру орталығының мамандарымен кездесу өткізілді.Өрт сөндірушілер өздерінің міндеттері мен жұмыстары туралы 9-сынып оқушыларымен  әңгіме жүргізіп оқушылардың сұрақтарына жауап берді.

Кездесуден көрініс


 Ата-аналар комитеті мен әкімшілік, оқушылардың өзіндік басқару кеңесі, жергілікті қоғамдастық, құқық қорғау органдары арасындағы байланыс тығыз реттелген. Ата-аналар комитеті сыныпта оқушылардың қоғамдық жұмыстарын ұйымдастыруға қатысып отырды.



Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Байзерек ауылы Ж.Жабаев көшесі, 20 үй

Жетысуская область, Алакольский район, село Байзерек, улица Ж.Жабаева 20
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Байзерек негізгі орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru