«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының атқарған жұмысы .
«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының жұмысы . 2020-2021 оқу жылына «Жас Ұланбірыңғай балалармен жасөспірімдер ұйымының» іс – шаралар жоспары жасақталды.
Мақсаты: Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін - өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік,Отан тарихына,Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру;
Міндеттері: - Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру;
- балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру;
- танымдық жұмыстарды ынталандыру;
-балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасау;
- жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.
1.Оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесі жолға қойылды.
2.Қоғам алдындағы жауапкершіліктері артты.