«Тіл» апталығы » Байзерек негізгі мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Байзерек негізгі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72859) 3-17-10
Есепші бөлімі:
+7(72859) 3-17-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
сентябрь
2022

«Тіл» апталығы

«Тіл» апталығына орай, Байзерек негізгі орта мектебінің 4- сынып оқушылары арасында «Мемлекеттік тіл менің тілім» атты сынып сағаты өткізілді.

Сабақтың тақырыбы: «Мемлекеттік тіл менің тілім»

Сабақтың мақсаты:
Баланың сөйлеу тілін дамыту арқылы сөздік қорларын молайту; ой – өрісін кеңейту;
Жас ұрпақтың патриоттық сезімін оята отырып елін, жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Балаларға мемлекттік тілдің өркендеп,оянуына ,мемлекеттік тілімізді сүюге ,мемлекеттік тілді аяққа баспай , мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіңдік ерекшеліктері,салт-дәсүрі, діні, тілі болатынын түсіндіру. Балалардың сөздік қорын молайту , еркін сөйлеуге баулу.
Ана тіліміз жайлы қысқаша мәлімет беріледі.
Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел - өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір – қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан кез келген мемлекет өзінің салт – дәстүрін, ана тілін айрықша қорғайды. Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек, онда ең алдымен ана тілін дамытуға күш салғанымыз жөн. Ана тілін дамыту, қорғау дегеніміз біз өз ана тілімізде таза сөйлеуіміз керек және оны жақсы біліп, туған анамыздай сүюіміз керек.
Сынып сағаты екі кезеңнен тұрады.
1 – кезең «Ойлан - тап»
2-кезең «Тіл туралы мақалдар»
1- кезеңде «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы, оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді.
2- кезеңде берілген тіл туралы мақалдың жартысын табады. Мақалдардың мағынасын түсіндіреді.
Оқушыларды сергіту мақсатында сергіту сәті өткізілді. Оқушылар екі топқа бөлініп, оқушылар мақалдың жартысын тауып жазды.
Сабақтың соңында оқушылар тіл туралы білетін өлеңдерін айтты.
Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Байзерек ауылы Ж.Жабаев көшесі, 20 үй

Жетысуская область, Алакольский район, село Байзерек, улица Ж.Жабаева 20
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Байзерек негізгі орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru