Өмірбаян Оспанова Қарлығаш
Өмірбаян
Мен Оспанова Карлыгаш Муслимовна 1987 жылы 28-маусымда Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы Қошқар ата ауылында дүниеге келдім.
1993 жылы Бесқұбыр ауылындағы Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебінің бірінші сыныбына бардым.Сол жерде 2004 жылы 11-сыныпты аяқтадым.Сол жылы Алматы қаласында орналасқан «Орталық Азия» университетінің гуманитарлық факультетінің «Педагогика және психология» мамандығына оқуға түстім.Оқу орнын 2008 жылы қызыл дипломмен аяқтадым.
2018 жылы Шымкент қаласында орналасқан Академик Ә.Куатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің бастауыш оқыту педагогикасы әдістемесі мамандығына сырттай оқуға түсіп, 2022 жылы оқу орнын аяқтап, өз мамандығым бойынша диплом алдым.
Еңбек өтілі: 5 жыл
Санаты: модератор
Тұрмыстамын: 4 балам бар
Жұмыс тәжірибем
2009-2010 жылы Алматы қаласы Каскелен ауданы,Теректі ауылында орналасқан А.Молдағұлова атындағы орта мектебіне педагог-психолог мамандығы бойынша жұмыс атқардым.
2017-2018 жылы Алматы облысы, Алакөл ауданы. Лепсі ауылында орналасқан «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар Лепсі орта мектебі» КММ-ға мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі болып жұмыс жасадым.
2019-2020 оқу жылынан бастап Байзерек негізгі орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс жасап келемін.
Жетістіктерім
2021 ж Диплом II –дәрежелі Аудандық «Лучший бастауыш сынып мұғалімі - 2021» байқауы
Біліктілік арттырудан және қайта даярлаудан өткен туралы мәлімет:
2019 ж Сертификат « Өрлеу » біліктілікті арттыру ұлттық орталығы жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндер бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 120 академиялық сағат көлемінде оқыту курсын аяқтадым.