Өзін өзі бағалау 2024 жыл » Байзерек негізгі мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Байзерек негізгі орта мектебі"
Управления образования Кызылординской области
Приемная
+7(72859) 3-17-10
Бухгалтерия
+7(72859) 3-17-10
Версия для
слабовидящих
» » Өзін өзі бағалау 2024 жыл
31
май
2024

Өзін өзі бағалау 2024 жыл

«Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 

«Байзерек негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің білім беру қызметінің өзін-өзі бағалауы туралы қорытындысы


2024 жыл, Алакөл ауданы
 Білім беру ұйымының жалпы сипаттамасы:


1) Мекеменің атауы:«Жетісу  облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Байзерек негізгі орта мектебі» Управления образования Кызылординской области .

Мектепте 2 ғимарат бар:     1)  01.09.1973 жылы ашылған, бейімделген ғимаратта орналасқан, 1 қабатты ,  сыйымдылығы 50 орын. 2)   1991  жылы  берілген ғимарат, әкімшілік корпус.

Жалпы мектептің ішкі алаңы - 385,3 ш.м

2) Білім беру ұйымының орналасқан жері: Жетісу  облысы, Алакөл ауданы, Лепсі а.о Байзерек а,                        Жамбыл Жабаев улица, № 20 үй,

3) Заңды тұлғаның байланыс деректері: 87285931710, 87715194159, электронды поштасы baizerek_nom@mail.ru

4) Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері:, Канапина Сауле Адильхановна, 2016 жылғы 04 қазан айының №76- ж/қ бұйрықпен тағайындалған.

5) Құқық  белгілейтін және құрылтай құжаттары: Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы Жетісу  облысының Әділет департаменті Ақсу ауданаралық әділет басқармасы2022 жылғы 15 қыркүйектегі,БСН-990840002366, алғашқы мемлекеттік тіркеу күні 1999 жылғы 04 тамыз. Жарғы  Жетісу  облысы білім басқармасы               31 тамыз 2022   жылғы №16-н  бұйрығымен бекітілген.

6) Рұқсат беру құжаттары: 20.04.202 жылғы № KZ32L АА00034060 білім беру қызметіне Лицензия (Алғашқы берілген күні: «04» мамыр 2011 ж).






2) Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, білім беру мазмұнына өлшемшарттар:

2023-2024 оқу жылында штаттық кестеге сәйкес біліктілік талаптары бойынша жалпы білім беретін мектепте 18  педагогтер   қызмет   етеді,  жыл аяғында  17 мұғалім    қалды. Олардың ішінде директор - 1, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – 1, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - 1, педагог-ұйымдастырушы – 1, педагог-психолог – 1. Сабақты 17  педагог жүргізеді 

Жоғары педагогикалық білімі бар – 100% (18 адам, оның ішінде қоса атқаратындар – 2), Қазіргі таңда педагогикалық жұмыс өтілі 4   жылға дейін – педагог, 3-5 жылдан бастап - 3 педагог, 6-10 жылдан бастап – 2 адам, 11-15 жыл – 2, 16-20 жыл -0, 20 жылдан астам –6 педагог.

Бастауыш сыныптарда  4  педагог сабақ жүргізеді, оның ішінде педагог – зерттеуші -1, педагог-модератор – 2, педагог -1 .

Негізгі  жұмыс   орны лицензиат болып табылатын жоғары және бірінші санаттағы педагогтердің, педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің , педагог-шеберлердің   бастауыш  білім беру деңгейіндегі педагогтердің жалпы  санынан үлесі – 25%-ды құрады (шағын комплектілі мектептер үшін кемінде 20% болу керек ).

Негізгі орта, жалпы орта білім беру  сыныптарында  13  педагог жұмыс істеді (оның ішінде педагог-сарапшы – 2, педагог-зерттеуші - 2.

Негізгі орта білім беру деңгейіндегі педагогтердің жалпы санынан  негізгі   жұмыс орны лицензиат  болып табылатын жоғары және бірінші санаттағы  педагогтердің, педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің үлесі – 30,7%-ды құрады (шағын комплектілі мектептер үшін кемінде 25% болу керек  )

  2023-2024 оку жылының  басталуына байланысты 01.09.2023 жылғы №92-н педагогикалық кеңістің шешіміне сәйкес, «Жас маман»»  мектебінің кұрамы бекітілді









Жас маман мектебінің құрамына тағайындалды: 

Жетекшісі – Нысанбаева Анель Танжарыковна, оқу ісі жөніндегі орынбасар, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-сарапшы. 

Хатшы – Сакенова Кымбат Амангельдиновна, бастауыш сынып мұғалімі.

Мүшелері – Кайранова Айсулу Баймолдановна, тәлімгер, бастауыш сынып мұғалімі, педагог-сарапшы және Сұлтанова Айғаным Бекмұхамбетқызы, жас маман, биология  пәні мұғалімі.  

Жас мамандардың сабақтарына қатысып, жан-жақты әдістемелік көмек көрсету мақсатында төмендегі ұстаздар №92-н Бұйрық «Жас маман» (01.09.2023 жыл) бойынша жас мамандарға тәлімгер болып бекітілді: 


1. Сұлтанова Айғаным Бекмұхамбетқызы, Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік универсиеті. Тәлімгер – Кайранова Айсулу Баймолдановна, педагог- сарапшы.

Жас маманның жылдық жұмыс жоспарын жасап, жоспар негізінде жұмыстар ұйымдастыру жас маманның тәлімгері  Кайранова Айсулу Баймолдановна жас мамандардың сабақтарына қатысып, әдістемелік көмек көрсету. Бөлінген тәлімгер ұстазға жалпы бақылау, басшылық жасау директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарына, педагог-сарапшы, Нысанбаева Анель Танжарыковнаға тапсырылды.


Соңғы 3 (2020-2023 оқу жылдарда) жылда 16мұғалім біліктілігін арттыру курстарынан өтті. Оқыған ұйымдары:"Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Акционерлік қоғамы, "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ, "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Талдықорған қ филиалы, Педагогикалық шеберлік орталығының Алматы қ.филиалы, Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Білім және жаңа инновациялық технологиялар орталығы, NT Consulting Company, "Күнделік" ЖШС, Республикалық "Даму" педагогикалық-психологиялық дамыту орталығы, KFF Kazakhstan, "Сана" зияткерлік орталығы, "Ұлағат" педагогикалық біліктілігін арттыру орталығы.

Преподаватели келесі тақырыптар бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті:

  • Тарих пәні бойынша педагогтердің пәндік құзыреттіліктерін дамыту.
  • Педагогтердің цифрлық құзырлығын дамыту. 
  • Білім берудегі менджмент.
  • Интербелсенді әдістемені мектептегі сабақтарда қолдану.
  • Цифрлық сауаттылық негіздері және ААЖ-да жұмыс істеу KUNDELIK.KZ ҚР жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдері үшін.
  • ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде "Информатика" пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру. 
  • Педагогтардың кәсіби біліктілігін арттырудың заманауи әдістері.
  • Халықаралық зерттеулердегі (PISA, TIMMS, PIRLS) қиындықтар мен оны практикада шешу жолдары.
  • Биология мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту.
  • ҚР да орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде "Биология" және "Жаратылыстану" пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру.
  • D санатты жаттықтырушылар.
  • Денешынықтыру пәнінде инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану.
  • Бастауыш сынып 1-4 мұғалімдерінің "Математика", "Қазақ тілі" және "Әдебиеттік оқу" пәндері бойынша пәндік құзыреттіліктерін дамыту.
  • Бастауыш сынып пен мектепке дейінгі ұйымдарда тың инновациялық әдіс тәсілдерді қолдану жолдары.
  • ҚР да орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде бастауыш сынып пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру..
  • Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы
  • Инклюзивті оқыту барысында түзету жұмыстар арқылы логопед-дефектологтың кәсіби құзыреттілігін дамыту.
  • Инклюзивті білім беру мен ерекше қадағалауды қажет ететін балаларды тәрбиелеу, оқыту жеке қабілеттерін дамыту әдістері.
  • Орта және мектепке дейінгі білім беру мекемелері педагог психологының коррекциялық дамыту әрекетінің мазмұны және ерекшелігі.
  • Жаңартылған бағдарлама ХХІ ғасырдағы жаңартылған білім мазмұнындағы жаңа білімнің жаңа мүмкіндіктері.
  • Сандық білім беру мен қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудағы заманауи коммуникациялық технологиялар мен құралдар.
  • Денешынықтыру пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту.
  • Денешынықтыру бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру.
  • Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің ойын құзыреттілігін дамыту.
  • Шағын жинақталған мектептерде біріктірілген сынып комплектілерінде пәндерді оқыту әдістемесі.
  • TIMMS, PIRLS халықаралық зерттеулер аясында бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы тиімді әдіс-тәсілдері.


3) Білім алушылар контингентінің сандық құрамы:

2023-2024 оқу жылында 1-9 сынып аралығында 9 сынып комплектісі, 41 оқушы. МАД-1 сынып топтамасы, 6 оқушы. Жалпы мектепалды даярлық сыныбы мен 1-9 сынып оқушыларын қосқандағы саны- 47 оқушы. Сыныптар толымдылығы толық:


Сынып 

1

2

3

4

1-4

5

6

7

8

9

5-9

1-9

Оқушы саны

3

3

3

4

13

4

6

8

6

4

28

41

        Деңгейлер бойынша, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар 2. 6-сынып оқушысы Рахметқан Әділжан (жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігімен), 7-сынып оқушысы Қалидолда Айдоос (ақыл – ой кемістігі).

2023-2024 оқу жылында оқушылар қозғалысы туралы мәлімет: жыл бойы кеткен оқушылар- 11 оқушы, жыл бойы келген оқушылар- 4 оқушы.

4) Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, білім беру мазмұнына өлшемшарттар:

Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жаңартылған мазмұнына қойылатын талаптар:

1) білім беру ұйымының басшысымен бекітілген жұмыс оқу жоспары мен сабақтар кестелерінің болуы және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) талаптарына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі – ҮОЖ) сәйкестігі;

2023-2024 оқу жылында 2023-2024 оқу жылына арналған оқу жұмыс жоспары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы №385 бұйрығы, Қазақстан   Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №726 қаулысымен бекітілген «Білімді ұлт» сапалы білім беру» Ұлттық жобасына сәйкес тұлғаны ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ету мақсатында және Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы дайындаған «2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» Әдістемелік нұсқау хаты басшылыққа ала отырып жоспарланды.

Жалпы, мектеп бойынша 9 сынып - 9 сынып комплект бар. Соның ішінде бастауыш буында 4 сынып- 4 сынып комплект, негізгі буында 5 сынып, 5 сынып комплект бар. Мектеп екі  ауысымда оқиды.  Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда 33 оқу аптасын, 2-11 (12) сыныптарда – 34 оқу аптасын құрайды.

2023-2024 оқу жылында бастауыш білім берудің оқу жұмыс жоспары 1-4 сыныптарда «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығы, ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы   8 қарашадағы №500 бұйрығыен бекітілген Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2022 жылғы 12 тамыздағы №365 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген 1- қосымшасы) негізінде құрылды.

«Өмір қауіпсіздігі негіздері» оқу курсының мазмұны 1-4 сыныптарда «Дүниетану» пәнінің шеңберінде 1-3 сыныптарда 6 сағаттан, 4-сыныпта  10 сағат көлемінде іске асырылады. 

«Жолда жүру ережелері» оқу курсы 1-4 сыныптарда әр сыныпта  6 сағаттан сынып сағаттарының есебінен және сабақтан тыс уақытта жүргізіледі. 

 «Көркем еңбек» пәні 1-2 сыныптарда екі пәнге бөлінді: «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері»

Белсенді-қозғалмалы сипаттағы жеке және топтық сабақтар 5 сағатты құрайды.

 1-4  сыныптарда математика саласы бойынша оқушыларды логикалық есептерді шешуге бейімдеу, шапшаң есептеу дағдыларын дамыту, математикалық сауаттылығын арттыру мақсатында  1-сыныпта «Жас математик» 1 сағатты, 2-сыныпта «Математика әләмі» 1 сағатты3-сыныпта «Логикалық математика» 1 сағатты, тіл және әдебиет саласы бойынша тіл дамыту мақсатында 2-сыныпта «Оқу және тіл дамыту» 1 сағатты4-сыныпта «Оқу және тіл дамыту» 1 сағатты құрады.

Негізгі білім берудің оқу жұмыс жоспары 5-9 сыныптарда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы                                  №348 бұйрығымен бекітілген Негізгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспары 2022 жылғы 12 тамыздағы №365 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) 6-қосымшасы негізінде құрылды. 

 «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 5-9 сыныптарда дене шынықтыру оқу курсының аясында 15 сағат көлемінде іске асырылады.

«Жол қозғалысы ережелері» оқу курсы мазмұны 5-8 сыныптарда аталған оқу курсы сыныптан тыс уақыттарда және сынып сағаты есебінен әр сыныпта 10 сағат көлемінде іске асырылады. 

Жаһандық құзыреттілік курсы: 5,6,7,8,9-сыныптарда оқушылардың рухани байлығымен мен мәдениетің дамыту мақсатында 5,6,7,8-сыныптарда екі аптада бір реттен 0,5 сағат, 9-сыныпта 1 сағат «Жаһандық құзыреттіліктер» курсы берілді.   Барлығы 3 сағат.

2023-2024 оқу жылында бастауыш сыныпта 1 сыныбында жұмыс оқу бағдарламасы бойынша апталық оқу жүктемесінің жоғарғы шекті көлемі 19,5 сағатты құрады, оның ішінде инварианттық оқу жүктемесі 18,5 сағатты құрады: «Тіл және әдебиет» - 6 сағат, «Математика және информатика»-4,5 сағат, «Жаратылыстану» - 1 сағат, «Адам және қоғам» - 1 сағат, «Технология және өнер» - 3 сағат, «Дене шынықтыру» - 3 сағат. Белсенді-қозғалмалы сипаттағы жеке және топтық сабақтарбелсенді-қозғалмалы сипаттағы жеке және топтық сабақтар - «Жас математик» үйрмесі – 1 сағат.

Білім беру саласының инвариантты компонентінің жылдық оқу жүктемесі – 643,5 сағат құрады: «Тіл және әдебиет» - 198 сағат көлемінде: «Математика және информатика» - 148,5 сағат, «Жаратылыстану» - 33 сағат, «Адам және қоғам» - 33 сағат, «Технология және өнер» - 99, Дене шынықтыру - 99. Вариатив «Жас математик» үйрмесі – 33 сағат. Жылдық оқу жүктемесінің жоғарғы шекті көлемі барлығы – 676,5 сағат құрады.

2-сыныпта жұмыс оқу бағдарламасы бойынша апталық оқу жүктемесінің жоғарғы шекті көлемі 24 сағатты құрады, оның ішінде инвариантты оқу жүктемесі 22 сағатты құрады : «Тіл және әдебиет» - 9 сағат, «Математика және информатика» - 5 сағат, «Жаратылыстану» - 1 сағат,«Адам және қоғам -1 сағат, «Технология және өнер» - 3 сағат, «Дене шынықтыру» – 3 сағат. 

Вариатив апталық оқу жүктемесі – 2 сағат қазақ тілінде жүргізілетін сыныпта: дамытушылық сипаттағы жеке және топтық сабақтар - «Математика әләмі» - 1 сағат, «Оқу және тіл дамыту» 1 сағат.

Білім беру саласының инвариантты компонентінің жылдық оқу жүктемесі – 748 сағат құрады: «Тіл және әдебиет» білім беру саласының инвариантты компонентінің жылдық оқу жүктемесі 306 сағат көлемінде, «Математика және информатика» - 170 сағат, «Жаратылыстану» - 34 сағат, «Адам және қоғам» - 34 сағат, «Технология және өнер» - 102, Дене шынықтыру - 102. Вариатив компоненттің жылдық оқу жүктемесінің жалпы көлемі 68 сағатты құрады. Жылдық оқу жүктемесінің жоғарғы шекті көлемі барлығы – 816 сағат құрады.

3-сыныпта жұмыс оқу бағдарламасы бойынша апталық оқу жүктемесінің жоғарғы шекті көлемі 26 сағатты құрады, оның ішінде инвариантты оқу жүктемесі 25 сағатты құрады: «Тіл және әдебиет» - 11 сағат, «Математика және информатика» - 6 сағат, «Жаратылыстану» - 2, « Адам және қоғам» - 1 сағат, «Технология және өнер» - 2, Дене шынықтыру - 3 сағат.  Вариатив апталық оқу жүктемесі – 1 сағат қазақ тілінде жүргізілетін сыныпта  -             «Логикалық математика» 1 сағат. 

Білім беру саласының инвариантты компонентінің жылдық оқу жүктемесі – 850 сағат құрады: «Тіл және әдебиет» білім беру саласының инвариантты компонентінің жылдық оқу жүктемесі 374 сағат көлемінде, «Математика және информатика» - 204 сағат, «Жаратылыстану» - 68 сағат, «Адам және қоғам» - 34 сағат, «Технология және өнер» - 68сағат , Дене шынықтыру – 102 сағат. Вариатив компоненттің жылдық оқу жүктемесінің жалпы көлемі 34 сағатты құрады. Жылдық оқу жүктемесінің жоғарғы шекті көлемі барлығы – 884 сағат құрады.

4-сыныпта жұмыс оқу бағдарламасы бойынша апталық оқу жүктемесінің жоғарғы шекті көлемі 26 сағатты құрады, оның ішінде инвариантты оқу жүктемесі 25 сағатты құрады: «Тіл және әдебиет» - 11 сағат, «Математика және информатика» - 6 сағат, «Жаратылыстану» - 2, « Адам және қоғам» - 1 сағат, «Технология және өнер» - 2, Дене шынықтыру - 3 сағат.  Вариатив апталық оқу жүктемесі – 1 сағат қазақ тілінде жүргізілетін сыныпта  - «Оқу және тіл дамыту» 1 сағат. 

Білім беру саласының инвариантты компонентінің жылдық оқу жүктемесі – 850 сағат құрады: «Тіл және әдебиет» білім беру саласының инвариантты компонентінің жылдық оқу жүктемесі 374 сағат көлемінде, «Математика және информатика» - 204 сағат, «Жаратылыстану» - 68 сағат, «Адам және қоғам» - 34 сағат, «Технология және өнер» - 68сағат , Дене шынықтыру – 102 сағат. Вариатив компоненттің жылдық оқу жүктемесінің жалпы көлемі 34 сағатты құрады. Жылдық оқу жүктемесінің жоғарғы шекті көлемі барлығы – 884 сағат құрады.


Негізгі білім беру мектепте 

5-сыныпта жұмыс оқу бағдарламасы /оқыту қазақ тілінде/ бойынша апталық оқу жүктемесінің жоғарғы шекті көлемі 28,5 сағатты құрады, оның ішінде инвариантты оқу жүктемесі 28 сағатты құрады): «Тіл және әдебиет» - 11 сағат, «Математика и информатика» - 6 сағат, «Жаратылыстану» - 2, «Адам және қоғам» - 3 сағат, «Технология және Өнер» - 3 сағат, «Дене шынықтыру» - 3 сағат.   Вариатив апталық оқу жүктемесі – 0,5 сағат: «жаһандық құзыреттер» - 0,5 сағат.

«Тіл және әдебиет» білім беру саласының инвариантты компонентінің жылдық оқу жүктемесі 396 сағат көлемінде, «Математика және информатика» - 216 сағат, «Жаратылыстану» - 72 сағат, «Адам және қоғам» - 108 сағат, «Технология және Өнер» - 108 сағат, «Дене шынықтыру» - 108 сағат. Инвариантты компоненттің жылдық оқу жүктемесі 1008 сағатты құрады. Вариатив компоненттің жылдық оқу жүктемесінің жалпы көлемі – 18 сағат: оның ішінде факультатив сабақтары «Жаһандық құзыреттер» -18 сағат. Барлығы – 1026.

6 сыныпта жұмыс оқу бағдарламасы /оқыту қазақ тілінде/ бойынша апталық оқу жүктемесінің жоғарғы шекті көлемі 28,5 сағатты құрады, оның ішінде инвариантты оқу жүктемесі 28 сағатты құрады): «Тіл және әдебиет» - 11 сағат, «Математика және информатика» - 6 сағат, «Жаратылыстану» - 2, «Адам және қоғам» - 3 сағат, «Технология және Өнер» - 3 сағат, «Дене шынықтыру» - 3 сағат. Вариатив апталық оқу жүктемесі – 0,5 сағат: ««Жаһандық құзыреттер»» - 0,5 сағат.

«Тіл және әдебиет» білім беру саласының инвариантты компонентінің жылдық оқу жүктемесі 396 сағат көлемінде, «Математика және информатика» - 216 сағат, «Жаратылыстану» - 72 сағат, «Адам және қоғам» - 108 сағат, «Технология және Өнер» - 108 сағат, «Дене шынықтыру» - 108 сағат. Инвариантты компоненттің жылдық оқу жүктемесі 1008 сағатты құрады. Вариатив компоненттің жылдық оқу жүктемесінің жалпы көлемі – 18 сағат: оның ішінде факультатив сабақтары «Жаһандық құзыреттер» -18 сағат. Барлығы – 1026.

7-сыныпта жұмыс оқу бағдарламасы бойынша апталық оқу жүктемесінің максималды көлемі 31,5 сағатты құрады, оның ішінде инвариантты оқу жүктемесі 31 сағатты құрады: «Тіл және әдебиет» - 11 сағат, «Математика және информатика» - 6 сағат, «Жаратылыстану» - 7, «Адам және қоғам» -3 сағат, «Технология және Өнер» - 1 Дене шынықтыру – 3 сағат. Вариативтік компонент 0,5 сағат: жаҺандық құзыреттілік немесе таңдау бойынша басқа курстар «Жаһандық құзыреттер»– 0,5 сағат. 

Білім беру саласының инвариантты компонентінің жылдық оқу жүктемесі – 1116 сағат құрады: «Тіл және әдебиет» білім беру саласының инвариантты компонентінің жылдық оқу жүктемесі 396 сағат көлемінде, «Математика және информатика» - 216 сағат, «Жаратылыстану» - 252 сағат, «Адам және қоғам» - 108 сағат, «Технология және Өнер» - 72, Дене шынықтыру - 108. Вариатив компоненттің жылдық оқу жүктемесінің жалпы көлемі 18 сағатты құрады. Жылдық оқу жүктемесінің жоғарғы шекті көлемі барлығы – 1134 сағат құрады.

8-сыныптарда жұмыс оқу бағдарламасы бойынша апталық оқу жүктемесінің максималды көлемі 32.5 сағатты құрады, оның ішінде инвариантты оқу жүктемесі 32 сағатты құрады: «Тіл және әдебиет» - 11 сағат, «Математика және информатика» - 6 сағат, «Жаратылыстану» - 8, «Адам және қоғам» -3 сағат, «Технология және Өнер» - 1 Дене шынықтыру – 3 сағат. Вариативтік компонент 0,5 сағат: жаҺандық құзыреттілік немесе таңдау бойынша басқа курстар «Жаһандық құзыреттер» – 0,5 сағат. 

Білім беру саласының инвариантты компонентінің жылдық оқу жүктемесі – 1152 сағат құрады: «Тіл және әдебиет» білім беру саласының инвариантты компонентінің жылдық оқу жүктемесі 396 сағат көлемінде, «Математика және информатика» - 216 сағат, «Жаратылыстану» - 288 сағат, «Адам және қоғам» - 108 сағат, «Технология және Өнер» - 72, Дене шынықтыру - 108. Вариатив компоненттің жылдық оқу жүктемесінің жалпы көлемі 18 сағатты құрады. Жылдық оқу жүктемесінің жоғарғы шекті көлемі барлығы – 1170 сағат құрады.

9-сыныпта жұмыс оқу бағдарламасы бойынша апталық оқу жүктемесінің жоғарғы шекті көлемі 34 сағатты құрады, оның ішінде инвариантты оқу жүктемесі 33 сағатты құрады: «Тіл және әдебиет» - 11 сағат, «Математика және информатика» - 6 сағат, «Жаратылыстану» - 8, «Адам және қоғам» -4 сағат, «Технология және Өнер» - 1 Дене шынықтыру – 3 сағат. Вариативтік компонент 1 сағат: жаҺандық құзыреттілік немесе таңдау бойынша басқа курстар «Зайырлылық және дінтану негіздері»– 1 сағат. 

Білім беру саласының инвариантты компонентінің жылдық оқу жүктемесі – 1188 сағат құрады: «Тіл және әдебиет» білім беру саласының инвариантты компонентінің жылдық оқу жүктемесі 396 сағат көлемінде, «Математика және информатика» - 216 сағат, «Жаратылыстану» - 288 сағат, «Адам және қоғам» - 144 сағат, «Технология және Өнер» - 72, Дене шынықтыру - 108. Вариатив компоненттің жылдық оқу жүктемесінің жалпы көлемі 36 сағатты құрады. Жылдық оқу жүктемесінің жоғарғы шекті көлемі барлығы – 1224 сағат құрады.

2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8424 болып тіркелген) жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына (бұдан әрі – ЖББ үлгілік оқу бағдарламалары) сәйкес жүзеге асырылатын оқу пәндерінің базалық мазмұнын игеру;

Бастауыш білім берудің инвариантты компонент бойынша пәндердің базалық мазмұны "Тіл және әдебиет" білім беру саласының "Әліппе", «Ана тілі», "Қазақ тілі", "Орыс тілі", "Әдебиеттік оқу", "Шетел тілі"; "Математика және информатика" білім беру саласының мазмұны "Математика", "Цифрлық сауаттылық"; "Жаратылыстану" білім беру саласының мазмұны "Жаратылыстану";"Адам және қоғам" білім беру саласының мазмұны "Дүниетану", "Технология және өнер" білім беру саласының мазмұны "Музыка", "Көркем еңбек", «Еңбекке баулу», «Бейнелеу өнері»; "Дене шынықтыру" білім беру саласының мазмұны "Дене шынықтыру" оқу пәндерінде іске асырылады.

Негізгі орта білім берудің базалық мазмұны үштілді білім беру саясаты шеңберінде іске асырылды. Үштілді білім берудің мақсаты көптілді тұлғаны – кемінде үш тілді меңгерген, қызметтің әртүрлі салаларында үш тілде еркін диалог жүргізе алатын, өз халқының мәдениетін бағалайтын, басқа халықтардың мәдениетін түсінетін және құрметтейтін Қазақстанның азаматын қалыптастыруға негізделеді.

Негізгі орта білім берудің әр білім беру саласы бойынша базалық мазмұны білім алушыларға тек ғылым негіздерін оқытып қана қоймай, олардың тиімді әлеуметтенуіне ықпал ететін рухани, әлеуметтік және мәдени тәжірибелерін одан әрі дамытуды қамтамасыз етудің қажеттілігі ескеріле отырып анықталды.

"Тіл және әдебиет" білім беру саласының мазмұны: "Қазақ тілі", «Қазақ әдебиеті», "Орыс тілі мен әдебиеті", "Шетел тілі";

"Тіл және әдебиет" білім беру саласының мазмұны басқа тілдік және тілдік емес оқу пәндерімен пәнаралық байланысты пайдалануды; білім алушылардың ойдағыдай әлеуметтенуін; білім алушылардың жас ерекшеліктеріне, қажеттіліктері мен қызығушылықтарына сәйкес тілдік дағдыларын дамытуды; қазіргі әлемде тілдерді оқытудың маңыздылығын түсінуді; рухани-адамгершілік құндылықтардың дамуын; көптілді және көпмәдениетті әлемнің тұтастығын түсінуді; қарым-қатынас процесінде тұлғаарлық және мәдениетаралық байланыстарды орнатуды; өзге елдердің мәдениетімен танысу арқылы әртүрлі көзқарастарды сыйлай білуге тәрбиелеуді; оқыту тілінде түрлі ақпарат көздерімен, оның ішінде интернет ресурстарымен өз бетінше жұмыс істей білуді; шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауды дамыту және пайдалануды қамтамасыз етеді.

"Математика және информатика" білім беру саласының мазмұны "Математика", "Алгебра", "Геометрия", "Информатика" оқу пәндерінде іске асырылады.

"Математика және информатика" білім беру саласының мазмұны математика мен информатиканың әлемдегі рөлін айқындау және түсіну қабілетін қалыптастыруды; математиканы ғылымның әмбебап тілі, құбылыстар мен процестерді модельдеудің құралы ретінде түсінуді; математика мен информатиканы оқыту кезінде орта білім беру деңгейлеріндегі сабақтастықты, пәнаралық және пәнішілік байланыстарды; жалпы орта білім беру деңгейінде оқуды жалғастыруға және сабақтас пәндерді оқуға, оларды күнделікті өмірде пайдалануға қажетті базалық математикалық білім мен біліктерді меңгеруді; бағдарламалау технологиясының және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйесін, информатиканы және басқа да пәндерді оқу кезінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды пайдалана отырып шынайы объектілер мен процестердің модельдерін қолдану және түрлендіру біліктерін меңгеруді; функционалдық сауаттылықты, логикалық, алгоритмдік және операциялық ойлауды, кеңістікті елестетуді, математика мен информатиканың түрлі тілдерін (сөздік, символдық, талдамалық, графикалық) пайдалану қабілеттерін, әртүрлі нысанда берілген ақпаратты қабылдау және сын тұрғысынан талдауды дамытуды қамтамасыз етеді.

"Жаратылыстану" білім беру саласының мазмұны "Жаратылыстану", "Физика", "Химия", "Биология", "География" оқу пәндерінде іске асырылады.

"Жаратылыстану" білім беру саласының мазмұны функционалдық білім мен біліктерді, жоспарлау, талдау және өңдеу, түсіндіру, жүйелеу, алгоритм бойынша жұмыс, зерттеу, практикалық-эксперименттік дағдыларды жетілдіру, қорытындыларды бағалау және тұжырымдау дағдыларын қалыптастыруды; әлемнің қазіргі жаратылыстану көрінісінің негізінде жатқан іргелі ұғымдарды, заңдылықтарды, теориялар мен қағидаттарды, табиғатты ғылыми тану әдістерін, табиғатты, экономиканы және қоғамды кешенді зерттеу негізінде адамзаттың ғаламдық және жергілікті проблемаларын түсінуді тереңдетуді; экологиялық мәдениетті, ғылыми, жобалық және кеңістіктік ойлауды дамытуды; патриоттық сезімдерді, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті және ұқыпты қарауды тәрбиелеуді; білім алушыларды жаратылыстану ғылымдары бағытында кәсіби бағдарлауды іске асыруды қамтамасыз етеді.

"Адам және қоғам" білім беру саласының оқу пәндерінің мазмұны "Қазақстан тарихы", "Дүниежүзі тарихы", "Құқық негіздері" оқу пәндерінде іске асырылады.

"Адам және қоғам" білім беру саласының мазмұны білім алушыларда "Адам – Қоғам" жүйесі шеңберінде қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар бойынша білім негіздерін қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Оқу пәндерінің мазмұны білім алушыларда тарихи ойлау, өткен және қазіргі жағдайды, олардың өзара байланысын түсіну мен ұғыну, тарихи, құқықтық, экономикалық, саяси, әлеуметтік ақпарат көздері материалдары бойынша талдау мен негізделген қорытындылар жасау және соның негізінде ешкімге тәуелсіз тұжырым жасау, өзіндік сараланған шешімдер қабылдау дағдыларын қалыптастыруға; патриотизм сезімін тәрбиелеуге, құқықтық сауаттылықты, демократиялық құқықтық қоғам идеалдары мен құндылықтарын түсінуді, әлеуметтік-мәдени байланыс жағдайында тиімді өзара қарым-қатынасты іске асыру және коммуникативтік құралдарды таңдау үшін белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға; жалпыадамзаттық, этномәдени құндылықтар жүйесіне, әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайларға жеке қатынасын айқындай білуін дамытуға, адамгершілік таңдауды жүзеге асыру үшін қажетті әлеуметтік құбылыстар мен оқиғаларды бақылау мен бағалауға бағытталады.

 "Технология және өнер" білім беру саласының мазмұны "Музыка", "Көркем еңбек" оқу пәндерінде іске асырылды.

 "Технология және өнер" білім беру саласының мазмұны қоршаған әлемнің бейнесін, өскелең ұрпақтың ортақ мәдениетін тұтастай қабылдауды, білім алушылардың эстетикалық, рухани-адамгершілік және эмоционалдық саласын қоғамның ұлттық және әлемдік көркем құндылықтары негізінде дамытуға, адам өміріндегі өнер мен технологиялардың рөлі туралы негізгі түсініктерді дамытуға, қазақ халқының және әлемнің басқа да халықтарының салт-дәстүрлеріне, мәдениетіне және әртүрлі өнер түрлерін түсінуге және құрметтеуге; өнердің әртүрлі түрлерінде көркем, музыкалық және жобалық әрекетті жүзеге асыру білімдерін, біліктерін және дағдыларын одан әрі дамытуға; негізгі технологиялық білім, білік, дағдыларды, соның ішінде компьютерлік цифрлық технологияларды қолдану арқылы; әртүрлі музыкалық цифрлық технологияларды қоса алғанда, вокалды және инструменталды дағдыларды дамытуға; мәнерліліктің көркем және музыкалық құралдары және заманауи технологиялар арқылы әлемді танудың әртүрлі әдістерін өз бетінше меңгеруге бағытталады.

 "Дене шынықтыру" білім беру саласының мазмұны "Дене шынықтыру" оқу пәнінде іске асырылады.

 "Дене шынықтыру" білім беру саласының мазмұны денсаулықты нығайтуға, негізгі дене бітімі қасиеттерін дамытуға және ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін жоғарылатуға; қозғалыс мәдениетін қалыптастыруға, қозғалыс тәжірибесін жалпылай дамыту мен түзетуге бағытталған физикалық жаттығулар арқылы байытуға; дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-сауықтыру іс-әрекеті дағдысы мен іскерлігіне, дене жаттығуларын жасауды өз бетінше ұйымдастыруға үйретуге; базалық және ұлттық спорт түрлерінің техникалық қимылдарымен амалдарын меңгеруге; патриоттық сезімге, өз Отанын сүюге және рухани ерік-жігер қасиеттеріне тәрбиелеуге бағытталады.

Мектептің өзекті тақырыбы: Преподавателидің кәсіби құзыреттілігін   арттыра отырып, табысты мектеп деңгейіне жету

Мақсаты:Преподавателидің кәсіби құзыреттілігін арттыра отырып, педагогтердің кәсіби дамуына, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ету және сапалы білім беру арқылы табысты мектеп деңгейіне жету жолдарын дамыту


Мектептегі мұғалім саны – 17

Педагог-зерттеуші – 2

Педагог-сарапшы – 3 

Педагог-модератор - 5                                                             

Санаты жоқ – 7 


Әдістемелік жұмыстың жылдық талдауы


Әдістемелік және пәндік онкүндіктердің өтілуі 

15.01. – 25.01.2024 жылы «Білім негізі - бастауышта» тақырыбында бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігінің онкүндігі өткізілді. Мектеп бұйрығы шығарылып, апталықты іс-шарасы бекітілді.

15.01.2024 ж  апталықтың ашылуы болып, қабырға газетін шығарып ілдік. 

16.01.2024 ж 1-сынып мұғалімі К.М.Оспанова Ана тілі сабағынан «Дауысты және дауыссыз дыбыстар» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқушылар сабаққа қызыға қатысып отырды. Әр тапсырмаға алынған әдістермен оқушылардың тапсырманы орындауға қызығушылығы арта түсті. Сергіту сәті де сабақ мақсатына байланысты алынған. Оқушылардың  сабаққа қатысуы жақсы, өз ойын ашық, түсінікті жеткізе білетіндіктері байқалып тұрды. 

 Осы күні орыс тілі мұғалімі А.Б.Кайранова «Наши предки» тақырыбында 2-сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді. Сабақта жаңа әдіс-тәсілдер қолданды.  Жалпы сабақ мақсатына жетті. Мұғалім де, оқушылар да өз білімін көрсете алды.  Сабақта оқушылардың білімдері, пәнге деген қызығушылықтары  жақсы екендігі көрінді. Мұғалім әр оқушымен қарым-қатынас жасай білді. Әр тапсырмадан кейін кері байланыс сәтті беріліп отырды.

  17.01.2024 ж 2-сынып мұғалімі Г.І Шәкібаева «Антоним, синоним, омоним туралы не білдім?» тақырыбында қазақ тілі пәнінен 2-сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді. Сабақ методикалық тұрғыда дұрыс құрылған. Оқу мақсатына сай оқушылар   сабақ барысында түрлі тапсырмалар орындай алды. Қолданылған ресурстары эстетикалық талаптарға сай. Сабақ мақсатына жетті. Оқушылар жұпта, жеке  жұмыс жасай алды. Сабақта белсенді әдіс-тәсілдер қолданылды.

  Осы күні З.К.Тыныбаева  мектепалды даярлық сыныбында математика  пәнінен «Бүтін және бөлік» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Балалар сабақ барысында әртүрлі бағыттағы тапсырмаларды орындай алды. Мұғалім өзінің тәжірибесі мол ұстаз екендігін көрсете білді. Сабақ жоғары деңгейде өтті деп бағаланды. 

    18.01.2024 ж 3-сынып мұғалімі Қ.А.Сакенова математика пәнінен «Құрылымы күрделі теңдеулер» тақырыбында 3-сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізілді.  

Сабақ мақсатына байланысты жұмыстар ұйымдастырылды. 

Сабақта белсенді әдіс-тәсілдер қолданылды. Информациятық құралдардағы материалдар, көрнекіліктер  сол күнгі сабақпен байланыстырылған.

  Осы күні ағылшын тілі мұғалімі А.Р.Сангулова "Weather" тақырыбында 4-сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді. Тапсырмалар оқушылардың жас ерекшелігіне сай алынған. Оқушылар сабақта белсенді. Мұғалім әр оқушымен қарым-қатынас жасай білді. Дегенмен, осы алынған тапсырмаларды, әдіс-тәсілдерді сәл түрлендіріп, сабақтың мақсатына сай айтылым- тыңдалым дағдысын жетілдіру жұмысын жасауға ұсыныс білдірілді.

  Осы күні 4-сынып мұғалімі  Б.Е. Сулейменова  әдебиеттік оқу пәнінен «Біз қиялдай аламыз. Толағай.Әбділда Тәжібаев» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақта жаңа әдіс-тәсілдер қолданды. Сабақ мақсатына жетті.Сабақта оқушылардың білімдері, пәнге деген қызығушылықтары  жақсы екендігі көрінді. Мұғалім әр оқушымен қарым-қатынас жасай білді. Әр тапсырмадан кейін кері байланыс сәтті беріліп отырды. Сабақта белсенді әдіс-тәсілдер қолданылды. Информациятық құралдардағы материалдар, көрнекіліктер  сол күнгі сабақпен байланыстырылған. Мұғалім өзінің тәжірибесі мол ұстаз екендігін көрсете білді. Сабақ жоғары деңгейде өтті деп бағаланды.

   22.01.2024 ж   Г.І. Шәкібаева «Білімділер бәйгесі» тақырыбында 2-4 сынып оқушылары арасында сыныптан тыс интеллектуалдық ойын өткізді. Интеллектуалды ойын 3 кезеңнен құралды. Оқушылар екі топқа бөлініп, бастауыш сынып білім мазмұнына байланысты пәндер бойынша сұрақтарға жауап берді.Оқушылар белсене қатысты.

  Осы күні Қ.А.Сакенова «Қыс қызығы» тақырыбында 0-4 сынып оқушылары арасында ойын өткізді. Көптеген қызықты ойындар ойналды. Оқушылар алынған ойындарға қуана бар ынталарымен қатысып, белсендік танытты.

   23.01.2024 ж К.М.Оспанова «Өлең сөздің патшасы» және ақылшын тілінде А.Р.Сангулова «The poem is the king of the word» тақырыбында 0-4 сынып оқушыларымен сыныптан тыс мәнерлеп оқу сайысын өткізді. Сайыта оқушылар қыс тақырыбында өлең, тақпақтар жаттап мәнерлеп айтып берді. Әділқазы алқалары сайланып, 1,2,3 орындар иеленген оқушылар марапатталды.

   Осы күні көркем еңбек мұғалімі Р.Н.Мухамедиев «Бояулар құпиясы» тақырыбында 1-4 сынып оқушылары арасында сыныптан тыс сурет байқауы өткізілді. Оқушылар түрлі суреттерді қызыға салып, түрлі-түсті бояулармен бояп қабырғаларға жапыстырып тастады.

   24.01.2024 ж мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі З.К.Тыныбаева МАД және 1-сынып оқушылары арасында «Ойна да, ойла» тақырыбында интеллектуалды  ойын өткізді. Оқушылар 2 топқа бөлінді.  Сайыс 4 кезеңнен құралды.

1. Кім көп біледі? Бәйге

2. Мақалдар сайысы. Мақалды жалғастыр.

3. Жұмбақтар әлемі

4. Кім епті? Ойындары ойналды. Барлық тапсырмаларды оқушылар топта орындады.

  Осы күні орыс тілі пәні мұғалімі 3-4 сынып оқушылары арасында «Хочу всё знать» интеллектуалды ойын өткізілді. Ойын 8 кезеңнен құралды. Оқушылар екі топқа бөлініп, бастауыш сынып білім мазмұнына байланысты пәндер бойынша сұрақтарға жауап берді.Оқушылар белсене қатысты.

  25.01.2024 ж Б.Е.Сулейменова 3-4 сынып оқушыларымен «Алтын сақа» әдеби ойын өткізді. Ойын 5 кезеңнен құралды. Оқушылар әр бір ойындағы тапсырмаларды бар ынталарымен қызыға орындады. Ойын соңында барлық сұрақтарға жауап берген оқушы алтын көмбеге жетті.

  Осы күні дене шынықтыру мұғалі
 Ж.Баймұханбетов 1-4 сынып оқушылары арасында «Ұлттық ойындар» сабақтан тыс  өткізді. Көптеген ұлттық ойындармен танысып, оқушылар бірігіп ойнады.

 29.01.2024ж.Апталықтың қорытындысы ретінде бастауыш сынып, жоғарғы сынып оқушыларымен  шанамен сырғанақ тепті. 

  Апталықтың қорытындысы шығарылды.  Қорытындысы   ұйымдастырылды. Әр өткізілген сабақтар, іс-шаралар фотосуреттерімен бірге ілінді. Оқушыларды және әр сыныпты онкүндікке белсене қатысқаны үшін деген дипломдар берілді.

 Бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігінің апталығы жоғары  деңгейде өткізілді деп айта аламыз. Оқушылар барлық ұйымдастырылған іс-шараларға белсене қатысты. Ілінген қабырға газетіндегі тапсырмаларды орындады. Апталықтағы сайысқа бастауыш сыныпта оқытылатын  пәндер қамтылды.

13 қараша-23 қараша аралығында жаратылыстану-математика, өнер және эстетикалық пәндер бірлестігінің «Білім берудің жаңа әдіс тәсілдерің қолданудың  тиімділігі» тақырыбында онкүндігі өткізілді.

Онкүндік жоспары әдістемелік бірлестікте қаралып жоспарланды. Онкүндікке 5-9 сынып оқушылары толық қамтылып, әр пән мұғаліміне бір-бір ашық сабақ және 1 сыныптан тыс іс-шара өткізу жоспарланды. Жоспар мектеп директорымен бекітілді. Онкүндіктің өткізілуі қанағаттанарлық деп танылды.

8- 17 сәуір   аралығында қоғамдық -   гуманитарлық пәндер бірлестігінің      онкүндігі өтті. Мектеп бұйрығы шығарылып, Онкүндіктің  жоспары құрылып, бекітілді. Ашық және сыныптан тыс  сабақтар жоспарға сәйкес уақытында өткізілді. 

            11 сәуір  күні 7- сыныпта орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі С.Канапина "Бауыржан Момышұлы биография писателя" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ сәтті шықты, мұғалім сабақ мақсатына толық жетті, оқушылар сабақта өздерін еркін ұстады, белсене қатысып отырды.

            12 сәуір күні қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі   Ж.Даркембаева 5 - сынып оқушыларымен   "Аспан денелері қалай зерттеледі?"  тақырыбында ашық сабақ өткізді.  Оқушылар сабаққа белсене қатысып отырды. Мұғалім сабақ мақсатына жету   әдістерді тиімді қолданды. Сабақ барысында сергіту сәті жүргізілді. Оқушылар 10 баллдық дескриптормен бағаланып, жасаған жұмыстарына кері байланыс алып отырды.

            15 сәуір күні орыс тілі және әдебиет пәні мұғалімі   А.Б.Кайранова  "Спарт в нашей жизни" В Донникова тақырыбында 5 сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді. Сабақ тақырыбы күнтізбелік тақырыптық жоспарға сәйкес. Сабақтың құрылысы жақсы жоспарланған. Сабақ мақсатын қамтитін тапсырмалар құрылған. Әр тапсырмаға дескрипторлар құрылған. Оқушылар сабаққа белсене қатысты. Сабақ жақсы өтті. 

            17 сәуір күні ағылшын тілі мұғалімі Сангулова А.   " Travel and Tourism "   тақырыбында  9 - сынып   оқушыларымен ашық сабақ өткізді. Сабақ КТЖға сәйкес өтті. Мұғалімнің сабақта қолданған   әдістерді тиімді шықты.   Оқушылар белсене сабаққа қатысып отырды. 

            Жоспар бойынша сыныптан тыс сабақтарда уақытында өтті. 15 сәуір күні Ж.Даркембаева 5-6 сынып оқушыларымен "Қазақ тілі   әлеміне саяхат" 6 кезеңнен тұратын сайыс өткізді. Оқушылар сайысқа белсене қатысты. Нәтижесінде "Дарын" тобы 1 орынға ие болды.

           17 сәуір күні ағылшын пәнінің мұғалімі А.Сангулова 5-9 сынып оқушылары арасында "Expressive keading" тақырыбында мәнерлеп оқу іс-шарасын өткізді. 

Орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері А.Кайранова 5-6 сынып оқушыларымен "Путешествие в мире слов" тақырыбында ойын өткізсе, С.Канапина 7-8 сынып оқушыларымен "Счастливый случай" тақырыбында іс-шара ұйымдастырды. Сыныптан тыс іс-шараларға оқушылар белсене қатысты. 

Педагогтердің кәсіби байқауларға қатысуы

Аудандық «Жылдың үздік мұғалімі - 2024» атты байқауына Б.Е.Сулейменова қатысып,  ІІІ орын иеленді.

Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Б.Кайранова “Педагогикалық идея” байқауына қатысып, жүлделі ІІ орын иеленді. Одан басқа осы конкурсқа биология пәнінің мұғалімі А.Сұлтанова, бастауыш сынып мұғалімі Г.І.Шәкібаева, 8-сынып жетекшісі А.Р.Сангулова  қатысты. Алайда, жүлделі орындар ала алмады.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.Сулейменова «Мектеп директорларының орынбасарлары арасында өткізілген белсенді топ-шебер сынып алаңына» қатысты.


Аудандық «Заманауи сабақ – педагогтің кәсіби өсуінің көрсеткіші» атты байқауға  бастауыш сынып мұғалімі К.М.Оспанова мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж.С.Даркембаева  қатысып,  ІІІ орын иеленді.

 «Алтын тұғыр» олимпиадасының  аудандық кезеңіне бастауыш сынып мұғалімдері қатысып,   Б.Е.Сулейменова І орын, Г.І.Шәкібаева ІІ орынды иеленді.

«Алтын тұғыр» республикалық математикалық олимпиадасының облыстық кезеңінде Б.Е.Сулейменова II орынды иеленді.

Онлайн байқауларға қатысуы

 «Педстарт» республикалық қашықтық олимпиадасында қазақ тілі пәнінен Қ.А.Сакенова І орын, Г.І.Шәкібаева ІІ орын, К.М.Оспанова ІІ орын, Б.Е.Сулейменова ІІІ орын, ағылшын тілі пәнінен А.Р.Сангулова І орын, математика пәнінен  Қ.А.Сакенова І орын, Г.І.Шәкібаева, К.М.Оспанова, М.Н.Рамазанов ІІІ орынды иеленді.


Жас мамандармен жұмыс

2023-2024 оқу жылында мектеп бойынша 4 жас маман. 

1. Сұлтанова Айғаным - биология пәнінің мұғалімі, білімі жоғары, еңбек өтілі 0 жыл. Тәлімгері- орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы АБ.Кайранова, білімі жоғары. Тәлімгері жас маманға әдістемелік көмек беріп отырды. Бірақ, әлі де сабақта өзін еркін ұстай алмау, мектеп әкімшілігі тарапынан сабаққа қатысқанда қобалжу байқалды. Сол себепті педагогтердің өзара сабаққа қатысу деңгейін көтеру қажет.

2. Рамазанов Мәди - математика пәнінің мұғалімі, білімі жоғары, еңбек өтілі 1 жыл. Тәлімгері- бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Б.Е.Сулейменова, білімі жоғары.

3. Ж.Б.Баймұханбетов - дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, білімі жоғары, еңбек өтілі 1 жыл. Тәлімгері-  тарих пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы С.С.Мендыбаева, білімі жоғары.

4. Аблайханов Айбек - информатика пәнінің мұғалімі, білімі жоғары, еңбек өтілі 1 жыл. Тәлімгері- бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші  Ж. С.Даркембаева , білімі жоғары. 

    Жас мамандармен “Болашақ жастардың қолында” тақырыбында апталық  өткізілді. Жас мамандар сабақ өткізді. 

Аудандық байқауларға тек А. Сұлтанова (Пед.идея) қатысты, орын алмады. 

Аудандық семинарларға жас мамандар қатыстырылып отырды. Келгеннен кейін қорытынды есебі тыңдалмады. 

Семинар өткізу

Бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігінде «Функционалдық сауаттылық –білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары» атты аудандық семинар өткізілді. Семинарға ауданның шағын жинақталған мектептерінен  9 мұғалім келді. 

    Байзерек негізгі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Б.Е.Сулейменова «Білім сапасын арттыруға не кедергі және оны қалай шешеміз?» тақырыбында коучинг, психолог А.А.Айтанов «Көңіл-күйдің сан қырлы сырлары» тренингі, бастауыш сынып мұғалімі Қ.А.Сакенова математика пәнінен «Километр. Миллиметр», бастауыш сынып мұғалімі Қ.М.Оспанова қазақ тілі пәнінен «Сөз және оның мағынасы» тақырыбында, Шынжылы негізгі орта мектебінің мұғалімі бастауыш сынып мұғалімі А.К.Базильжанова әліппеден «Ө дыбысы мен әрпі» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Келген әріптестерден семинар жоғары деңгейде өткізілді деген баға алдық.


 “SMART сабақ” жобасы аясында мектебімізде 7 мұғалім сабақ өткізді. 

С.А.Канапина орыс тілі мен әдебиетінен  7-сыныпта «Биография Бауыржан Момышулы» (https://www.instagram.com/p/C5pbTCxC1kY/?igsh=ZnVxNTkwZjd3dTd2), 

Ж.С.Даркембаева қазақ тіліен 5-сыныпта «Аспан денелері қалай зерттеледі?»  (https://www.instagram.com/reel/C5plBrPCrLu/?igsh=M2x4b2V5ZXZ5cDF2),  

А.Б. Кайранова 

А.Р. Сангулова ағылшын тілінен  9-сыныпта «Travel and tourism» (https://www.instagram.com/reel/C52c-5aCFd4/?igsh=MW53c2dmZ2M3OHRidA==), 

К.М.Оспанова математикадан 1-сыныпта «Ұсақтау және төлем жасау» (https://www.instagram.com/reel/C6Lh5ZULXX9/?igsh=c2dqNzZ4bGY4bXp1), 

К.А.Сакенова математикадан 3-сыныпта «Есепті шығару жолдары. Бекіту» (https://www.instagram.com/reel/C6OHRxbrB3-/?igsh=bm9zY2x0NGluajNn), 

Г.І.Шәкібаева жаратылыстанудан 2-сыныпта «Түрлі денелердің температурасын қалай өлшейді?» (https://www.instagram.com/reel/C6ONTNpLuAh/?igsh=MWlrbzEzNGlybG9kMg==) 


Коучинг, тренингтер. 

Мектепте екі ауысым бойынша оқитындықтан, каникулдық кезеңдерге коучинг, тренингтер өткізу жоспарланған. Жоспар бойынша мұғалімдер коучинг, тренинг өткізді. 

Қазан айында мектеп мұғалімдерімен Оспанова Қарлығаш, Б.Е.Сулейменова   коучинг, психолог А.А.Айтанов тренинг өткізді.

Қаңтар айында мектеп мұғалімдерімен С.А.Канапина “Эссе жазудың қыр-сыры”, Ж.С.Даркембаева «Сабақ үдерісінде тілдік дағдыларды дамытудың тиімді жолдары»,  А.Б.Кайранова «Сабақ үдерісінде тілдік дағдыларды дамытудың тиімді жолдары», С.С.Мендыбаева “Сабақ беру үдерісіндегі кері байланыстың маңыздылығы” тақырыбында коучинг, Психолог А.А.Айтанов «» тренингін өткізді.

Қаңтар айында С.Канапина, С.Мендыбаева, Ж.Даркембаева, К.Кайранова, А.Сангулова коучинг өткізді. Психолог А.А.Айтанов тренинг өткізді.

Наурыз айында коучинг, тренингтер өткізілмей қалды. Келесі жоспарлауда ескеру керек.

Вебинар.

ДОІЖО Б.Сулейменова «Шағын жинақты мектептердегі желілік қоғамдастық – табысты мектеп деңгейіне жету кепілі» тақырыбындағы өңірлік вебинарда іс-тәжірибесімен бөлісті.

Жыл бойы бірлестік мұғалімдері ұйымдастырылған семинар, конференция, вебинарларға және өздерінің пәндері бойынша курстарға қатысты.


Жоба жұмыстары

Мектепішілік “Қалдық заттарға екінші өмір сыйла” , “Менің отбасымның өмірлік мәні” , “Күнделікті пайдалы тағам”

жобалар жоспар бойынша жүргізілді. Өткізілген іс-шаралар әлеуметтік желіге жарияланып отырды. 



Дарынды оқушылармен жұмыс

10.11.2023ж. Жалпы білім беретін пәндер бойынша 2-4, 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың I (мектепішілік) кезеңі өткізіліп, 2-сыныпта қазақ тілінен Тлеубек Інжу, 4-сыныпта математика пәнінен Тлеубек Бахытжан, қазақ тілінен Оянова Мадина, 5-сыныпта қазақ тілі пәнінен Жанатқызы Мерей, 6-сыныпта математика пәнінен Қанатұлы Арсен II (аудандық) кезеңіне жіберілді. 

Аудандық олимпиадаға аталған оқушылар қатысты. Қорытындысында математика пәнінен 4-сынып оқушысы Тлеубек Бахытжан ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

 20-30 қараша аралығында Республикалық «Ауыл» олимпиадасына 9-сынып оқушылары 100% қатыстырылды. Аудандық кезеңге өте алмады. Пәндер олимпиадасына оқушы қатыстырғанмен айтарлықтай нәтиже көрсете алмадық. Осы мәселені алдағы оқу жылының міндеттері ретінде қарастыруымыз керек.

07.12.2023ж. жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың I (мектепішілік) кезеңі өткізіліп, 7-сыныпта биологиядан Бақтай Аружан, 8-сыныпта Қазақстан тарихы пәнінен Есімбек Санжар (аудандық) кезеңіне жіберілді. 

7-8-сынып оқушылары арасында  жалпы білім беретін  пәндер бойынша  республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде Қазақстан тарихы пәнінен 8-сынып оқушысы   Есімбек Санжар ІІ орын, биология пәнінен 7-сынып оқушысы Бақтай Аружан ІІІ орын иеленді. 

6-сынып оқушылары “1000 бала” олимпиадасына қатыстырылды. 

8-сынып оқушысы Есімбек Санжар “I Qanat” олимпиадасының облыстық кезеңіне қатысты. Бірақ, орын алмады.

5-6; 7-8 сыныптар арасында өткізілген “Zhylandy open” математикалық турниріне 8 оқушы қатысты. 

Аудандық мектеп лиғасынын аясында өтілген қазақтын ұлттық ойын асық ату ойынынан 8- сынып   оқушысы Есімбек Санжар қатысып ІІ – орын және бестас ойынынан 9-сынып оқушысы Қанатқызы Әсел 3 орынға  ие болды. 


Онлайн байқаулар:

26-30 қыркүйек аралығында 2-4 сыныптың оқушылары «Кенгуру» ойын-конкурсына қатысып, Слямханұлы Саян, Қанатқызы Алтынай, Әбдіжапар Таңбол І дәрежелі диплом, Тлеубек Бахытжан ІІІ дәрежелі диплом алды.

2-сынып оқушысы «Smart edu centre» орталығының «Ақбота» олимпиадасына қатысып, сертификат иеленді. 

Сәуір айында “Кенгуру” математика барлығы үшін ойын конкурсына бастауыш сынып оқушылары толық қатыстырылды. Дипломдармен марапатталды.

“Ақбота” гуманитарлық пәндер олимпиадасына 1-9 сынып оқушылары қатыстырылды. Жүлделі орындар иеленді. 11 оқушы - ІІ орын, 6 оқушы- ІІІ орын иеленді.

9-сынып оқушысы Қанатқызы Әсел аудандық Мұқағали Мақатаев оқуларына қатысып І-орынға ие болды. Пән мұғалімі Даркембаева Ж.С.


Мектепішілік “Менің зерттеуім” жоба жарысы

Жобаға 11мұғалім 12 оқушы қатыстырды. Жоба алдын-ала берілген ереже бойынша бағаланды.   Қорытындысы:

Бастауыш сыныптар бойынша 4-сынып оқушысы Тлеубек Бахытжан “Үй жағдайында қолдан жасалған инкубаторда балапан шығару”; 

Қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша 8-сынып оқушысы Есімбек Санжар “Ауыл мектебінің тарихы”;

Жаратылыстану-математикалық, спорт және эстетикалық пәндер бойынша 8-сынып оқушысы Қанағат Ақәділ “Телефонмен голограмма жасау” тақырыбындағы жұмыстарымен І орынды иеленді.

Қалған оқушыларға да жүлделі ІІ, ІІІ орындар берілді.

Жалпы оқушылар  дайындықпен келген. Кейбір оқушылар уақытты тиімді пайдалана алмады. Әкелген тақырыпты өзі де дұрыс меңгермей тұрған оқушылар да болды. Оның барлығы қорытындысында айтылып, ескертілді.


Педагогтерді аттестаттау

Сәуір айында біліктіліктерін арттыру үшін тестке баруға 6 педагог өтініш білдірді. А.Б.Кайранова -30 жыл еңбек өтілі бар болғандықтан, тек портфолио өткізді АББ, санаты - педагог-сарапшы. Барған 6 мұғалім ішінен Г.І. Шәкібаева педагог-модератор біліктілігіне өтті. Канапина С. педагог - сарапшы балын жинағанмен, жазғы тестке қайта зерттеушіге барады.  Қ.Сакенова мен Қ.Оспанова сарапшы балына , А.Сангулова  педагог – модератор балына  жетпегендіктен, жазғы ақылы  тестке қайта барады.

М.Н.Рамазанов тестілеуден өтіп келді, бірақ аттестаттаудан өтуге еңбек өтілі жетпейді.


Тәрбие саласы бойынша талдау


Білім алушылардың таным мәселелерін шешуге және субъективті жаңа білімді меңгеруге, ұлттық дәстүрлерді, мәдениетті зерделеуге және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған тәрбие жұмысын іске асыру;

      «Біртұтас  тәрбие бағдарламасы негізінде 2023-2024 оқу жылы бойынша Біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша жылдық жоспар құрылып іс- шаралар өткізілді.

Жалпыазаматтық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеу. Біртұтас тәрбие бағдарламасы  ұлттық адами құндылықтарға негізделген. 

Тәрбие мақсаты: жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.

Міндеттері:

ата-ананың өсиетін тыңдауға, перзенттік парызын түсінуге,  отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге тәрбиелеу;

ұлттық мұраны қастерлеуге; қазақ тілін, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, татулық, келісім, ынтымақ және ел бірлігін сақтауға, отаншылдық пен мемлекетшілдікке тәрбиелеу;

жақсылыққа, игілікке бой түзеуге, абыройлы болуға, ар-ұждан, намыс, жауапкершілік, мейірімділік, қамқорлық пен әділдік қасиеттерін жоғары ұстауға баулу және құқықтық мәдениетін қалыптастыру;

денсаулықты қадірлеуге, салауатты өмір салтын ұстануға, ой тазалығына және эмоционалды тұрақтылыққа баулу;

табиғатқа, табиғи мұраға ұқыптылықпен қарауға және табиғи ресурстарды үнемді әрі тиімді қолдануға тәрбиелеу және еңбекқорлыққа баулу.

Бүгінгі өскелең ұрпақ тәрбиесі еліміздің болашақтағы жарқын келбетін айшықтайды. Құндылық адамның өмірлік ұстанымына, таңдауына, шешім қабылдауына ұстын болатын көзқарастар жүйесін қалыптастыруға ықпал етеді, оның іс-әрекетін, мінез-құлқын анықтайды.

Әдептілік, әділеттілік, мейірімділік, адалдық, отаншылдық, қамқорлық, жауапкершілік, еңбекқорлық, бірлік, ризашылық, бауырмашылдық, ұлттық мұра мен қазақ тілін қастерлеу, қоғам игілігіне қызмет ету, салауатты өмір салтын ұстану секілді қасиеттерді қалыптастыруға тұғыр болатын ұлттық мүдде, ар-ұят, талап құндылықтарын дарыту қажет.

Ұлттық мүдде құндылығы Қазақстанның  мемлекеттілігін нығайтуға атсалысуға, оңтайлы имиджін қалыптастыруға, еліміздің мүддесіне, қоғам игілігіне адал қызмет етуге, ұлттық мұраға ұқыптылықпен қарауға және оны дәріптеуге, қазақ тілінің аясын кеңейтуге үлес қосатын, құқықтық, экологиялық мәдениеті жоғары ұрпақ  тәрбиелеуге тұғыр болады.

Ұлттық мүдде құндылығын дарыту арқылы отаншыл, мемлекетшіл және намысшыл, мемлекеттік  рәміздерді қадірлейтін, елінің тарихын құрметтейтін, ұлттық мұраны, мәдениетті дәріптейтін, құқықтық және экологиялық мәдениеті жоғары тұлға тәрбиелеуді көздейді.

Ар-ұят құндылығы этикалық принциптерді қалыптастыруға, өзін және өзгелерді құрметтеуге, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға, мінез-құлықты нығайтуға және жауапты азамат болуға ынталандырады және мейірімділікке, еңбекқорлыққа баулуды көздейді. Өйткені білім де, ғылым да ерен еңбекпен келеді. Еңбек адам өмірінде маңызды. Адамның рухани дамуына, кәсіби әлеуетінің жетілуіне, қоғамдық сананы жаңғыртуға, ел экономикасын көркейтуге тұғыр болады. Ар-ұят құндылығы академиялық адалдық қағидатын қолдау, адал еңбекті құрметтеу, сөзіне берік, ісіне адал болу, отбасының, өз ортасының абыройын асыру, әдеп нормаларын ұстану, шешім қабылдай білу және жауапкершілікті сезіну, достарына, сыныптастарына, отбасы мүшелеріне қамқор болу,

өзін отбасының, сыныптың, мектептің, қоғамның, Отанның бір мүшесі екенін сезіну, мейірімділік таныту арқылы қалыптасады.

Ар-ұят құндылығы арқылы адалдықты жоғары бағалайтын, сөзіне берік, ісіне жауапкершілік танытатын, ата-анасына сүйіспеншілікпен қарайтын, достарын,

сыныптастарын сыйлайтын, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсететін тұлға тәрбиелеуді көздейді.

Талап құндылығы өскелең ұрпақ бойында мәдениеттілік, табандылық, үнемшілдік, қанағат, ерік-жігер, таза ой мен адал ниетке тұғыр болады. Сол себепті талап құндылығы білім алушылардың сыни және креативті ойлау, жеке және командамен жұмыс істей білу, білуге, жаңаны тануға құштар болу, физикалық белсенді болу,  салауатты өмір салтын ұстану, технологиялық және цифрлық дағдыларды ілгерілету, дұрыс қарым-қатынас орната білу, уақыт пен қаржыны тиімді жоспарлау дағдыларын дамытуға бағытталады. Талап құндылығы құндылығы арқылы жан мен тән тазалығын сақтайтын, дұрыс тамақтану мәдениетін түсінетін, қоршаған орта тазалығын сақтайтын, ақпараттық, медиа және қаржылық сауаттылығы жоғары, ізденімпаз, жасампаз тұлға тәрбиелеуді көздейді.

    Жоспар бойынша төмендегі шаралар өткізілді: Қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан айлары бойынша

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» – ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Бұл құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалады. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу мақсаты көзделеді.

«Біртұтас тәрбие бағдарламасының» мақсаты:

Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.

Ұлттық құндылықтары: ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ, АР-ҰЯТ, ТАЛАП.

«Біртұтас тәрбие бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында

  1. «9 айға 9 іс шара»
  2. «Оқуға құштар мектеп»
  3. «Қоғамға қызмет»
  4. «Жеткіншектің Жеті Жарғысы»
  5. «Еңбегі адал жас өрен»
  6. «Балалар кітапханасы»

Тәрбие жұмысы бойынша бақылау, танымдық әңгіме, түсіндіру жұмыстары, сурет байқауы, тәрбие сағаттары, тренинг, дөңгелек үстел, баяндама, лекция, эстафеталық ойын, үйірмелерге қатысу және басқа да іс-шараларды қамтиды.

2023-2024 оқу жылы

Тәрбие жұмысының жұмыс жоспары 31 тамыз 2023 жылдың №1 педагогикалық кеңесінің шешімімен бекітілді.

Мектептің әлеуметтік ПАСПОРТЫ

«Байзерек негізгі орта мектебі» КММ 2023-2024 оқу жылы бойынша: 

барлық оқушы саны – 41, оның ішінде:

1.Қамқорлыққа алынған оқушы  (жетім) саны – 0; 

2. Жартылай жетім – 2;

3.  Толық емес жанұя -  1;

4.  Көп балалы жанұя–8

5.  Толық отбасы- 19

6.  Аз қамтылған(ӘЖТ)-  2;

7. Оралмандар– 0        

ИДН – да есепте 1-оқушы                  

Мектепішілік есепте тұрған оқушы жоқ.

Ата-аналардың әлеуметтік жағдайы:     жалпы ата-аналар саны:22

 «Байзерек НОМ»   Управления образования Кызылординской области бойынша оқушылардың  ұлттық құрамы

Қазақ

52

Ұйғыр 

0

Татар

3

Өзбек 

0

Орыс

3

Қарақалпақ 

0

БАРЛЫҒЫ(өзге ұлт саны):

6


2023-2024 оқу жылы бойынша аз қамтылған, әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан 12 балаға ЖБМББ қорының есебінен  қаржылай  көмек берілді.

Оқумен қамтылмаған балаларды анықтау, әлеуметтік жағдайы төмен,аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасы балаларына, сондай-ақ оқу жылының басында, дайындық уақыты кезінде ата–аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету мақсатында  қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып тұрады.Жалпыға бірдей міндетті білім беру айлығы барысында 1-9 сынып жетекшілері сыныптарында ата-аналар жиналысын ашып, сыныптағы тұрмыс-жағдайы төмен отбасыларына психологпен бірлесіп  арнайы рейд   ұйымдастырып, АКТ жасалынып, әлеуметтік жағдайы төмен  отбасынан   шыққан 12 баланың  материалдық-моральдық жағдайы жыл бойы назардан тыс қалмады. Үнемі осы оқушыларға ерекше көңіл бөлініп, демеушілер тарапынан көмектер ұйымдастырылады.

Жалпы мектеп бойынша әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан оқушылар  туралы   мәлімет ЖБМББ қорының есебіндегі әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған  оқушылар туралы мәлімет

Оқу жылында  «Жалпыға бірдей міндетті білім беру» айлығы аясында: 

  • Республикалық «Мектепке жол», «Қамқорлық»  акциясын ұйымдастыру, құрылған іс-шара  жоспары бойынша жыл бойы қайырымдылық жұмыстарын жүргізу;
  • Әр сынып бойынша оқушылардың  әлеуметтік жағдайы анықталып,  ата-аналар жиналыстарында  ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, отбасының тұрмыстық бақылау актісін толтыру;
  • Қайырымдылық қорының  мүшелерін, жұмыс жоспары бекітіліп, қайырымдылық акциясының  өз деңгейінде өткізу және ұйымдастырылу жұмыстары   жасалынды.

Республикалық «Мектепке жол», «Қамқорлық» акциясы кезінде рейд ұйымдастырылып, оқушылардың бос уақытында шұғылданатын ісі бақыланды. 

Сонымен бірге оқушыларды мектепке тарту бағытында үгіт – насихат жұмыстары жүргізілді. Көп балалы отбасы балаларымен жұмыс әрбір жеке оқушының әлеуметтік даму жолын анықтай отырып, баланы сабақтан тыс шараларға қатыстырумен бірге, оған  материалдық, моральдық тұрғыдан көмек көрсетілді. 

    Байзерек негізгі орта мектебі 2023-202оқу жылын 9-сынып комплектімен  бастады. Оқу жылының  басында  сынып жетекшілер мектеп директорымен  бекітілді.

              Сынып жетекшілердің курстан өтуі

2023-2024 оқу жылында сынып   жетекшілер курсынан 6-сынып жетекшісі Ж.Б. Баймұханбетов өтті.

Әр сынып жетекші  ҚР БҒ министрлігінің «2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы». Әдістемелік нұсқау хат.  ( 2023 жылғы 25 сәуірдегі № 3 хаттама) басшылыққа ала отырып тәрбие   жоспарын құрып бекіттірді. ӘНХ–та ұсынылған жобалар мен мерейлі даталар қамтылған. Сынып жетекшілер ауданнан келген апталық, онкүндік, айлықтарға  атсалысып   қатысып  отырды.

     Тәрбие жұмысын тиімділікпен ұйымдастыру мақсатында мектепте сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі жұмыс істеді. Әдістемелік бірлестікті  бастауыш сынып мұғалімі Қ.Оспанова  жүргізді. Сынып жетекшілердің әдістемелік бірлестігіндегі   сынып жетекшілердің барлығы жоғары білімді, бірлестік   бекітілген жоспар бойынша жұмыстар атқарды.

Мектептің тәрбие жоспарын, сынып жетекшілермен жұмыс жоспарын тәрбие жөніндегі орынбасармен бірлесе отырып жоспарлады. Тамыз айының басында сынып жетекшілердің бірлестігінің 1-отырысы өтіліп, ӘНХ талданды және жобаларды іске асыру жоспарланды.

2023-2024 оқу жылындағы   оқушылардың әлеметтік паспорты:

Тегі, аты, әкесінің аты/

Туған жылы

Сыныбы

Әлеумет.статусы

1-сынып




1

Аблайқызы Зере

16.12.2017

1

жартылай жетім

2

 Слямханұлы Аят

21.01.2017

1

Көпбалалы

3

Ержанұлы Батырхан

21.06.2017

1

Көпбалалы

2-сынып




1

Бақытбек Даулет

25.06.2016

2

жартылай жетім, көп балалы 

2

Тлеубек Інжу

22.04.2016

2

Көпбалалы 

3-сынып

1

Қанатқызы Алтынай

20.06.2015

3

Көпбалалы

2

Слямхан   Саян

06.04.2015

3

Көпбалалы

4-сынып

 1

Чакаржан Нұрсұлтан 

23.11.2014

4

Көпбалалы

2

Медведева Алина 

10.07.2014

4


3

Тлеубек Бақытжан 

14.02.2014

4

Көпбалалы

4

Оян Мадина 

13.01.2014

4


5-сынып

1

Қанағат     Арнұр


5

Форма №4

2

Чакержан Нұржан 

31.05.2013

5


3

Жанатқызы Мерей

19.01.2013

5

көпбалалы

4

Слямханұлы  Аян

23.07.2013

5

көпбалалы

6-сынып

1

Борковец Тауфик

06.10.2012

6

көпбалалы

2

Рахметкан Әділжан 

28.06.2012

6

Аз қамтылған

3

Қанатұлы  Арсен

15.02.2012 .

6

Көпбалалы

4

Гармашова  Алина

24.08.2011

6

Аз қамтылған

7-сынып

1

Борковец Наиль 

17.06.2011

7

Көпбалалы

2

Тлеубек  Ақжол

02.08.2011

7

Көпбалалы

3

Гармашова Галина

19.02.2010

7

Аз қамтылған

4

Рахметқан Әділ

25.05.2011

7

Аз қамтылған

5

Чакаржан Арай

15.09.2011

7

Көпбалалы

6

Қалидолда Айдос

27.02.2011

7

Көпбалалы

7

Бақтай Аружан

27.04.2011

7

Көпбалалы

8-сынып

1

Қанағат  Ақәділ

20.12.2009

8

Форма№4

2

Мұсағұл Сания 

16.08.2010

8


3

Синельникова Карина

03.04.2010

8


4

Есімқұл Мейіржан

13.04.2010

8

Көп балалы

5

Есімбек Санжар 

19.12.2009

8


9-сынып

1

Борковец Раиль 

23.10.2008

9

Көпбалалы

2

Ахметқан Жанерке

19.02.2010

9


3

Қанатқызы Асел

06.05.2009

9

Көпбалалы 



















І.       Байзерек   негізгі  орта  мектебінде   1 қыркүйек  Білім  «Мектебім – мейірім мекені!». атты  тақырыбында күні  салтанаттыжиын  өткізілді.

  29 тамыз күні   Білім күніне  арналған   іс-шаралар   жоспары  құрылды.Мектеп  екі кезеңмен оқитын болғандықтан сынып сағаттарының өтілу мерзімі  мектеп директорымен  бекітілді.сонымен қатар  сынып сағаттарына  келген қонақтар мен мектеп әкімшілігінің қатысу графигі жасалды.

1-қыркүйек Білім күніне арналған «Мектебім -мейірім мекені» тақырыбындағы 1-9 сыныптар аралығындағы  ашық сынып сағаттарының өтілу  кестесі.

   Мектеп алаңы   оқу жылын салтанатты  түрде бастауға әзірленіп,іс-шараға  қатысатын   1-сынып оқушыларын салтанатты жиын өткізуге ,2-9 сынып оқушыларын  «Мектебім -мейірім мекені » атты  республикалық сынып сағаттары өткізілді. Салтанатты жиын  өтті. Білім  күніне арналған   салтанатты   жиынға  1- 9-сынып оқушылары қатысты. Жиынға Мемлекеттік  ту салтанатты түрде  кіргізіліп, мемлекеттік Гимн орындалды. Салтанатты  жиын   аяқталғаннан кейін мектеп әкімшілігі алғашқы  сынып сағаттарына  қатысты. Сынып  сағаттарында   түсірілген суреттерден  видеолар  жасап ,әлеуметтік желіге жүктелді.

Өзін-өзі  басқару   ұйымының жұмысы туралы 

Мектебімізде оқу жылының басында «Өзін-өзі басқару» мектеп парламенті өз жұмысын бастады.

"Мектеп парламенті" 8 фракция бойынша жұмыс жасайды. Олар:
▪Өзін-өзі тану және бақыт фракциясы (психология);
▪Қамқорлық фракциясы (еріктілік);
▪Дебат қозғалысының фракциясы;
▪Құқық және тәртіп фракциясы;
▪Информация фракциясы;
▪Спорт және салауатты өмір 
салты фракциясы;
▪Мәдениет және өнер фракциясы (музыкалық, көркем шығармашылық);
▪Экология және еңбек фракциясы.
 Қыркүйек айының 19 күні « өзін-өзі басқару» ұйымы мүшелерінің сайлауы   өткізілді.

Сайлауға  5-9 сынып оқушылары арасынан 10 үміткер бағдарламасын ұсынғанын, осы бағдарлама мен  барлық оқушылар таныса отырып, өз қалауларымен таңдауларын жасады. Өздеріне әзірленген бюллетеньдерді толтырып, сайлау жәшігіне салды. Сайлау комиссиясы  мүшелері мектеп директоры С.А.Канапина, ТЖО А.Т.Калабаева ұлдар ұйымының төрағасы М.Н.Рамазанов, педагог-ұйымдастырушы    А.М.Аблайханов және 9-сынып оқушысы Р.Абузяров  болып сайлау  жәшігін   ашып  дауыстарын санады.Жалпы 5-9 сынып оқушыларына 60 бюллетень тапсырылды.Преподавателиде бұл сайлауға   атсалыса қатысты.

Сайлау нәтижесі төмендегідей көрсеткіш көрсеткенін:

Мектеп президенті - Қанатқызы Асел 9-сынып оқушысы

Білім  министрі  -     Есімбек Санжар  7-сынып оқушысы

Спорт министрі – Абузяров Раиль   9-сынып  оқушысы

Мәдениет министрі -Ахметқан Жанерке  9-сынып оқушысы

Еңбек министрі-   Есімқұл Мейіржан 8-сынып оқушысы

Тазалық және денсаулық министріСинельникова Карина 8-сынып оқушысы

Баспасөз министрі- 8-сынып оқушысы Саятқызы Сания 8-сынып ,Бақтай Аружан  8-сынып оқушысы

Экология және табиғатты қорғау министрі   - Қанағат Ақіділ  8-оқушысы

«Жас полиция көмекшісі» топ басы немесе Тәртіп министрі – Қанатұлы Арсен  -сынып оқушысы

Қыздар ұйымының бастығы –А.Б.Сұлтанова биология пәнінің мұғалімі

Ұлдар ұйымының бастығы- М.Н.Рамазанов  математика пәні мұғалімі  болып   сайланды. «Өзін-өзі басқару» ұйымы мүшелерімен  отырыс   өткізіліп ,мүшелерінің  міндеттері таныстырылды.

    Ұстаздар — мемлекет пен қоғам арасындағы алтын көпір тәріздес. Мемлекеттің идеологиясы, қоғамның дәстүрі мен құндылықтары, адамзаттың асыл қасиеттері, ғылым мен өнердің мұралары ұстаздар арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жол тартады. Ертеңгі  мемлекеттің  болмысы — ұстаздың бүгінгі тәлімінде. Голосоватьге мектебіміздің 5-9 сынып оқушылары қамтылды.

 8 фракция бойынша  « өзін-өзі басқару» ұйымы мүшелерінің жұмыс жоспарлары біріге отырылып жоспарланды.

Мақсаты: Оқушылардың білімге құштарлығын арттыру, өзін-өзі басқару жұмысына жетелеу, ұжымдық жауапкершілікті сезіне білуге қалыптастыру. Оқушының дүниетанымын, жан-жақты ойлау қабілетін,ой-өрісін дамыту, көп ізденуге, бірін-бірі тыңдап, өз ойын еркін айтуға дағдыландыру. Оқушылардың мектепке деген құрмет сезімін ояту. 

   Сайлау барысында әр үміткер өз бағдарламасын жасап ,мектеп оқушыларына  үгіт- насихат  жүргізді.Жоспар бойынша 1-жартыжылдықта  есепте   аталған іс-шараның барлығы «Өзін-өзі басқару ұйымының»жұмысының нәтижесі,барлық жұмыстар атқарылды. Тоқсан сайын әр фракция өздерінің атқарған жұмыстарына есеп беріп отырды. 
1.Өзін-өзі тану және бақыт фракциясы (психология) «Оқуға құштар мектеп»жобасы бойынша өздеріне бөлініп берілген сыныптармен  10 минут кітап оқумен шұғылданып отырылды.

 Қарты бар үйдің, қазынасы бар» демекші 1 қазан Халықаралық қарттар күні де келді. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан жақты қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да 

аяулы  қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Мектебіміздің  қарттар   күніне орай құрылған жоспары бойынша «Өзін-өзі басқару» ұйымы және «Жас Ұлан» ББЖ ұйымының бастаумен «Қарияларға бас иеміз» тілектер акциясы және 1 сынып оқушылары ата-әжелеріне деген жылы лебіздерін, құттықтауларын өлеңдер арқылы жеткізді. 

Мақсаты оқушылардың қамқорлық, үлкен кісіге деген сыйластық сезімдерін ояту, инабаттылыққа тәрбиелеу. Оқушылар көшеде кезіккен әр бір қарт кісілерге мерекелерімен құттықтап, тілектерін айтып, баталарын алып қайтты.Оқушылар қарт кісілерге жаднама таратып көңіл күйлерін көтеріп ,тарту етті.
Сонымен қатар «Өзін-өзі басқару» ұйымының мүшелерімен бірігіп «Жыныстық қол сұғушылықтың алдын алу» жолына байланысты мектеп оқушыларына  жаднама таратып түсіндірме жұмыстарын жүргізілді. Қамтылған оқушылар саны 5-9сынып оқушылары

4.Құқық және тәртіп фракциясы:
Мектебімізде “Адал Ұрпақ “ еріктілер клубы жоспары бекітіліп өз жұмысын жалғастыруда. «Адал ұрпақ» ұйымының жоспарына сәйкес“Жемқорлыққа жол жоқ !” тақырында интеллектуалды сайысы өткізілді.
   « Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының негізгі міндеттері   мектепте   сыбайлас  жемқорлыққа қарсы  мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа  қарсы  көзқарасты   нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады. Осыған орай 21 қараша күні “Адал Ұрпақ” еріктілер  клубы ұйымы мүшелері арасында “Жемқорлыққа жол жоқ !” тақырында интеллектуалды сайысы өткізілді.

Сонымен қатар 16-желтоқсан Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Салтанатты жиын өтіліп, «Жас ұлан»,

 «Жас қыранға » оқушылар қабылданды.

     Байзерек негізгі орта мектебінде Аудандық білім бөлімінің 25.09.2023 жыл күнгі № 683-Ө бұйрығын негізге ала отырып мектепішілік бұйрық №  шығарылып, қосымшасын басшылыққа ала отырып,жұмыс жоспары құрылды және 25.09.-25.10.2023 аралығында Государственные символы-ұлттың тарихы» тақырыбындағы   айлықтың іс шаралар жоспары   бекітілді  және  сол   жоспар  бойынша  жұмыстар   атқарылды.

1-4 сыныптарда  «Рәміздерім -айбыным»тақырыбын   басшылыққа  алып сынып жетекшілер  тәрбие сағаттарын өткізді.

Бастауыш сынып мұғалімі  Б.Е.Сулейменова 3-сынып білім алушыларымен "Рәміздерім-мақтанышым" тақырыбында сынып сағатын өткізді. Білім алушылар Государственные символыдің бейнелік мағынасы, олардың сипаттамасы мен ресми қолдану тәртібі туралы айтылды.Білім алушылар өлең жолдарын оқып, рәміздердің суретін бояды

 Қазан айының 8 күні «Мемлекеттік  рәміздер туралы мен не білемін ?» тақырыбында 5-7 сынып оқушылары   арасында  сауалнама  ұйымдастырылып  өткізілді. Сауалнамаға 5-7 сынып  оқушылары толық қатысты  Сауалнама алу барысында  мектеп оқушылары жақсы  нәтиже көрсетті 15 сұрақтың барлығына толық жақсы жауап беріп  Рәміздерді   қаншалықты жақсы білетіндерін білдірді. 5 және 6 сынып оқушылары әліде авторларын шатасатындарын сынып жетекшілері Н.А.Жанакулова мен Ж.Б.Баймұханбетовке  ескертілді. 

11 қазан-20 қазан аралығында    5-9 сынып аралығында  «Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері және оны құрметтеу» тақырыбын басшылыққа ала отырып, 7 сынып  «Государственные символы-елімнің мақтанышы»және8-сынып «Қазақстан рәміздері»тақырыптарында тәрбие сағаттарын өткізді.

Тәрбие жөніндегі орынбасар К.А.Сакенова «Қазақстан  Республикасының мемлекеттік  рәміздерінің тарихын оқып үйренейік» тақырыбында 1-4 сыныптарда  оқып-үйрену сабағын  слайд түрінде  таныстырып өтті. Алдымен   слайд   бойынша  рәміздерге  жеке-жеке тоқталып:мағынасын,авторын,қайда қолданылатынын  толық таныстырып  өтілді. Қорытындылау мақсатында  балалармен    қайталап сұрақтар  қойылып жауап беріліп отырылды.

      Айлық ішінде  «Мемлекеттік Рәміздер –ұлт мақтанышы»тақырыбында   7-9 сыныптар арасында  сырттай шығарма байқауы  өткізілетіні ескертіліп.өз еріктерімен жазып әкеп отырылды.Нәтижесінде 7-9 сынып   оқушыларынан 6 оқушы қатысты.Ең жақсы   жазылған шығарма 9 сынып оқушысы Ж.Ахметқан,А.Қанатқызы  мен 8 сынып оқушысы Есімбек Санжар шығармалары «Жақсы» деп танылды.

   Мектеп кітапханасында  стандарт талаптарына сай келетін  стендтер жасатылып,ілінген.Сонымен қатар "Государственные символыді құрметтеу-азаматтықборыш" тақырыбында көрме ұйымдастырылып  қойылды.  19.10 күні Айлықты қорытындылайтын іс шара ретінде«Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимнін орындау»тақырыбында мектепшілік байқау ұйымдастырылды.

Байзерек негізгі орта мектебінде  қазан айының 09.10.2023ж   күніаудандық білім бөлімі басшысының 

№-Ө   бұйрығына негізделіп  жасалған іс-шараны басшылыққа алып, мектептің 10.10.2023ж № бұйрығымен бекітілген   «Бала құқығы –асыл қазына»“ атты құқық айлығының бұйрығы негізінде    іс-шара жоспары  құрылып , мектеп директорымен бекіттірілді.     Сынып жетекшілер жұмыс жоспарымен таныстырылды.

 Қазан айының 19 күні  5-9сынып оқушылары арасында Құқық қорғау органдары қызметкерлері ЖӨИ инспекторымен кездесу өткізіліп,«Менің құқығым-менің бағдарым» тақырыбында құқықбұзушылық кодексінің баптарымен, «Бала құқығы туралы» БҰҰ Конвенциясының негізгі ережелері, «ҚР баланың құқықтары туралы» заңдармен таныстырды. 

Кездесу барысында Асан Кульбековпен жасөспірімдер арасындағы қылмыс, интернет ойындар, жол қауіпсіздігі,кешкілік көшеде жүру-заң бұзушылықтың бастауына апаратынын және оның салдары туралы айтып өтті.Оқушылардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді.

«Бала құқығы-адам құқығы», «Құқық әлемі» тақырыптарында   1-9 сыныптар арасында сынып сағаттары өтілді.

 1-4 сынып аралығы «Баланың құқықтары мен міндеттері» тақырыптарын басшылыққа ала отырып өздері жоспарлаған 

2-сынып жетекшісі Г.І.Шәкібаева «Сенің құқығың» тақырыбында 

4-сынып жетекшісі Б.Сулейменова «Құқығыңды білгенің-дұрыс өмір сүргенің»тақырыбында  сынып сағатын өткізді.Сынып сағатына ТЖО  ретінде қатыстым. 

 «Құқықтық тәрбиені қалыптастыруда отбасының рөлі» тақырыбында ата-аналармен құқық қорғау органдары қызметкерлерімен ЖӨИ инспекторы Н.В Менжулина   өткізу жоспарланды,кездесу өткізілді.Қазан айының 17-күні педагог ұйымдастырушы А.Аблайханов   «Бала құқығы неге бұзылады?» тақырыбында «Адал ұрпақ»ерікті клубының мүшелерімен Дебат турнирін өткізді.Турнирда оқушылар өз ойларымен бөлісіп,өздері білетін заң аясындағы білімдерін көрсетті. 

  Айлық аясында мектепте «Құқық»айлығының  өтіп  жатқандығы    туралы,   сабақтан  себепсіз   қалмау  керектігін,   кешкі  мезгілдерде   көшеде    беймезгіл   жүрудің  өзі   тәртіп  бұзушылық  екендігін тәрбие жөніндегі орынбасар К.А.Сакенова  тарапынан  ескертіліп отырылды.

     Мектеп оқушыларының сабаққа қатысуын қадағалау мақсатында тәрбие жөніндегі орынбасар К.А.Сакенова  «Сабақ» рейдтарын күнделікті жүргізіп отырды. Рейд нәтижесі бойынша себепсіз де, себепті де сабақтан қалған оқушылар болмады.

 16-25 қазан аралығында Республика күніне арнап өткізген онкүндіктің мәліметі

Байзерек негізгі орта мектебі  бойынша 16-25 қазан аралығында Республика күніне арнап аудандық білім бөлімінің жоспарын негізге ала отырып, іс-шаралар жоспары құрылып,мектеп директорымен бекіттірілді.Сынып жетекшілерге таныстырылып іс-шаралар бөлініп алынды.Республика күніне орай   онкүндік  жоспарына сай сынып сағаттары   әзірленіп, әр түрлі форматта сынып  сағаттары өткізілді. Барлық сынып жетекші.Республика күнінің маңызды мереке екенін, Республикамыздың құрылған күн екенін таныстырып өтті.

5-7сыныппен «Менің елім, менің Қазақстаным.» атты  Интелектуалдық ойыны өткізілді.

Жастар мен этно мәдени орталықтарының өкілдерінің қатысуымен «Өнеріміз саған, Қазақстан!» атты патриоттық челленджі 30ға дейінгі жастар арасында А.Р.Сангулова,Қ.М.Оспановалардың құрастыруымен челлендж өткізіліп желіге жүктелді.

Қазан айының 19күні эссе жазу күні болды.Қазақ тілі мамандары Ж.С.Даркембаева 5-7сынып арасында«Қазақстан еліне саяхат», 8-9 сынып арасында «Қазақстан еліне саяхат» тақырыбындағы эссе байқауын өткізді.Оқушылардың барлығы да сауатты жазуға тырысты . 2-9 сынып арасында "Менің арманымдағы - Қазақстан"тақырыбында сурет  байқауы өткізілді. 

«Тоғыз айға 9 іс-шара» негізінде мемлекеттік ГИМН нің жаппай орындалуы бойынша 23 қазан жаппай Гимн орындау күні болды. 

Қазан айының 23.10 күні «Қазақстан – менің Отаным» тақырыбында  салтанатты жиын  өткізілді. Салтанатты жиында сайыстардың жеңімпаздары,оқу озаттары мектеп директорының алғыс хатымен марапатталды.

Салтанатты жиын «Өзін-өзі басқару»ұйымының дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты. 

25-қазан Республика күнін мерекелеуге    дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері 

Ж.Б.Баймұханбетов пен Е.Б.Нысанов Спорттық жарыс ретінде 5-9 сыныптар арасында «Тоғызқұмалақ»пен «Шашки»ойындарын өткізді  

Республика күнінде атқарылған іс-шаралар әлеуметтік желіге жүктелді.

Базерек негізгі орта мектебі  бойынша 29 қыркүйек   «Ұстаз саған –мың алғыс»тақырыбындағы апталықта  атқарылған  жұмысқа мәлімет

    Мектептің жұмыс жоспарының негізге ала отырып, 22.09.2023 жыл № 380-Ө бұйрығын басшылыққа ала отырып,   шығарылып жоспары  құрылды. 30 қыркүйек  күні өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын жандандыру мақсатында №96 бұйрықпен «Өзін- өзі басқару»күні ұйымдасатырылды.7-9 сыныптың оқушыларына   сыныптар  пәндер бөлініп беріліп,сабақ өткізу  пән  мұғалімдерімен  ұйымдастырылды. 

29 қыркүйек  күні «Өзін-өзі басқару»ұйымымен бірігіп Ұстаздар күніне арналған іс-шара жоспарын құрдық.ІС шара жоспарына сәйкес 30күні «Өзін-өзі басрқару»күні болды.Оқушылар сабақ беріп,мектептің жұмысын жүргізді,мұғалімдер сабақтарына қатысып оқушының рөлін орындады. Түстен кей «Мұғалім мектептің 

тірегі »тақырыбында  кеш ұйымдасқан түрде өткізілді. Оқушылардың    мұғалімдерге арнаған   ашық хаттары мен видео құттықтаулары тамашаланды.Сонымен қатар «Өзін-өзі басқару»ұйымымен әзірленген концерттік бағдарлама тамашаланды

  Қыркүйек айының  25-күні  мектепте «Адамға қуаныш сыйла» тақырыбында оқушылар арасында  қайырымдылық  жәрмеңкесі ұйымдастырылды.Жәрмеңкеге оқушылар  күзг өнімдерін әкеліп сатты,Түскен  қаражатына сыныптарына және сыныпта жағдайы жоқ отбасының балаларына оқу құралдарын   сатып әперу жоспарланды.

   2023 жылдың 1-09 қазан аралығында Байзерек негізгі орта мектебі бойынша қарттар күні мен мүмкіншілігі шектеулі азаматтардың онкүндігі өткізілді.     Онкүндікке  Алакөл аудандық білім бөлімінің 27.09.2023 ж күнгі 

 № 403-Ө бұйрығын басшылыққа ала отырып,27.09.2023 ж №     мектепішілік бұйрық шығарылды.Білім бөлімінің бұйрығына қосымша тігілген іс-шаралар жоспарын негізге ала отырып,мектепішілік  іс-шаралар жоспары құрылып директормен  бекіттірілді.Жоспар сынып жетекшілерге таныстырылды.

Қазан айының 13 күнгі болатын концертке  мектепке қонаққа шақыру  билеттері жасалып үлестірілді.Сонымен қатар ауылымыздың қарттарына арнап «Қарттар біздің-асыл қазынамыз»тақырыбына 1-4 сынып оқушылары   ашық хаттар,құттықтаулардайындады. 

13 қазан күні мектепте.«Көп жасаған қария,ақылы теңіз дария» қарттармен кездесу,мерекелік концерт ұйымдастырылған түрде өткізілді.Мектеп оқушыларының орындауларында  әндер орындалып,тамаша концерт қойылды

 «Қариялы ел- қазыналы ел » тақырыптарында жеке жоспарларына сәйкес 1-9 сынып жетекшілері ашық тәрбие сағаттарын өткізіп,құжаттарын жинақтауға өткізді. 

    Қарттар онкүндігі аясында өткізілген іс-шарамыз  ауылымыздың қарияларының көңіл күйлерін бір көтеріп серпілткендей болды.Қарттарға барып құттықтап,мектепке шақырып өз өнерлерін көрсетіп,шаруаларына көмек көрсеткен  оқушылар да,алғыс естіп  өздерін жақсы сезініп,үлкен бір іс жасағандай өте өатты қуанышқа бөлендік. 

 Қарттар күні мен мүмкіншілігі шектеулі азаматтардың онкүндігінде атқарылған іс-шаралар жөнінде қорытынды ақпарат толық жазылды.Өткізілген іс-шаралар әлеуметтік желілерге жүктелді

         04-13 қыркүйек аралығында «Ұлттық мұраны,қазақ тілін ұлықтау»атты онкүндік  жоспарланып өтілді.  

     Қазақстан Республикасы «Тіл туралы» Заңын  іске  асыру   және  орындау  мақсатында    мектептің  тәрбие жоспарын  негізге ала отырып ,онкүндіктің  іс-шаралар жоспары   құрылып,  

 жоспары   жоспарланып,  ашылу   салтанаты  өтілді. Ашылу салтанаты мұғалімдер  мен кіші қызметкерлер  арасында    өтілді. «Тіл туралы»Заңның орындалуын   іске асыруда  онкүндік ішінде ғана емес жыл бойы  іс-қағаздардың,құжаттардың мемлекеттік тілде жүргізілуі    қадағаланып отырылады.

   Онкүндік аясында мектеп кітапханасында кітапханашы  Э Мендыбаева жоспарға сәйкес «Тіл-тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз » атты   тақырыптық көрме ұйымдастырып, кітапханадан кітап алып  оқуларын   әр түрлі қызықты көркем шығармаларды алып оқуларына болатын ұсынбады.

   06 қыркүйек күні барлық сыныптарда Тіл мерекесіне арналған сынып  сағаттары өтілді. 

13 қыркүйек күні «Тілім менің- тірлігімнің  айғағы» іс-шара нәтижесі қорытындыланды.

Бастауыш сынып мұғалімі К.А .Сакенова 3-сынып білім алушыларымен "Ана тілім - ардағым" тақырыбында сынып сағатын өткізді. Сынып сағатында "Мақал -сөздің мәйегі", "Әрқашан күн сөнбесін", "Адасқан сөздер", "Полиглот" айдарлары бойынша тапсырмалар орындалды. Тіл туралы бейнеролик көрсетілді.

4-сыныпта Сынып жетекшісі Б.Е.Сулейменова  «Мемлекеттік тіл менің тілім» атты сынып сағатын өткізілді.Ана тіліміз жайлы қысқаша мәлімет беріледі.

Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел - өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір – қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан кез келген мемлекет өзінің салт – дәстүрін, ана тілін айрықша қорғайды. Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек, онда ең алдымен ана тілін дамытуға күш салғанымыз жөн. Ана тілін дамыту, қорғау дегеніміз біз өз ана тілімізде таза сөйлеуіміз керек және оны жақсы біліп, туған анамыздай сүюіміз керек.Сынып сағаты екі кезеңнен тұрды.

 1-кезеңде «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы, оқушылар берілген сұрақтарға жауап берді.

2-кезеңде   берілген тіл туралы мақалдың жартысын табады. Мақалдардың мағынасын түсіндірді. Оқушылар екі топқа бөлініп, оқушылар мақалдың жартысын тауып жазды.Сабақтың соңында оқушылар тіл туралы білетін өлеңдерін айтты. 

. 8-9 сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Ж.Даркембаева   "Қазақстанның болашағы қазақ тілінде" атты тақырыпты сынып сағатын өткізді.

 Мақсаты: оқушыларға ана тілінің маңызын түсіндіре отырып, ана тілін ардақтай білуге тәрбиелеу, өз ойын толық жеткізе алатын, саналы, салауатты, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру. 

Сынып сағаты сайыс түрінде өтілді. Сұрақ-жауап әдісі арқылы топтар сұрақтарға жауап берді, 2-кезеңде ақындық шеберліктерін айқындау мақсатында арнайы ұйқас сөздер беріліп, сөздерді қатыстырып өлең құрастыру болды, "Білгіштер " командасы ақындық шеберліктерімен көзге түсті, 3 кезеде арнайы тақырып пен үзіндіге ертегі немесе әңгіме құрап, жалғастыру болды. Сонымен қатар, "Өлеңмен өріп ойымды " тақырыбында мемлекеттік тілде өлең оқыды.

15 желтоқсан күні сағат 1230-да  «Тәуелсіздік-тұғыры» тақырыбында   мектепішілік мерекелік салтанатты жиын өткізілді.  Салтанатты жиын 2 бөлімнен тұрды. 

І бөлімінде 1-сынып оқушылары «Жас Ұлан», 5-сынып оқушылары «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау рәсімі өткізілді. Оқушылар  ұйымға  ант айтып қабылданып,белгілері галстук,төсбелгілері тағылды.Төсбелгімен галстукті мектеп директоры мен мектептің «Лучший»оқушылары тақты.Ұйымға қабылданған оқушылармен бірігіп  «Жас ұлан гимні»орындалды.

ІІ бөлімінде «Гүлдене бер, Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбындағы мектеп оқушылары дайындаға мерекелік  концерті өтті. 

12-15 желтоқсан күндері аралығында 1-4 сыныптарда  «Менің елім-Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында, 5-9 сыныптарда «Тәуелсіздік ел бақыты ертеңім» тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өткізілді.

  Сонымен қатар жиында, желтоқсан айының 15-17 күндері аралығындағы   мерекелік демалыс күндері оқушылардың өмір қауіпсіздігі ережелері, түнгі көшеге  мектебіміздің «Жедел жастар» тобының рейді жүргізілетіндігі, кешкі сағат1900-ден кейін көшеге шығуға болмайтындығы  ескертілді.  



Оқу жылының  басында ата-аналар кеңесінің құрамы  құрылып бекіттірілді. Жаңа оқу жылына жұмыс жоспары  құрылды.

«Сырғалым» аналар мектебінің   төрайымы болып Абузярова Олеся сайланды

«Сырғалым» аналар мектебінің мүшелері :

1-сыныптан Турганбаева Гульмира

2–сынып Сакенова Сымбат 

3-сынып Дулатбекова Марфуға 

4-сынып Самыкова    Қарлығаш 

5-сыныпАдильбекова Динара

6-сынып Сатыбалдинова Динара

7-сыныпИбапова Орик

8-сынып Абузярова Лина Сабыржановна

9-сынып Абузярова Олеся

1-жартыжылдықта екі ата-аналар жиналысы  өткізілді. Жиналыста 

-оқушыларды мектепке киетін киіммен қамтамасыз ету, және киімнің мектеп талабына сәйкес болуын қадағалау;

- оқушыларды кітаппен және керекті оқу құралдарымен қамтамасыз ету;

-мектеппен ата-аналар арасындағы келісім шартпен танысып, ондағы жүктелген     міндеттерге жауапкершілікпен қарау;

-оқушылардың сабаққа әрқашан дайындалып, кешікпей, уақытылы келуін   қамтамасыз ету;

 -оқу жылының басынан ата-аналар мен сынып жетекшісінің және мұғалімдердің тығыз байланыста болуы. Сабақтарға, түрлі іс-шараларға қатысулары  таныстырылды.

Сонымен қатар, Ата-аналармен біріккен «Отбасы сайысы» өткізілді. «Бақытты отбасы-бақытты балалық шақ»тақырыбында аналарын шақырып, тәрбие сағаттары өткізілді.

«Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» дөңгелек үстел қараша айында , «Қызым-қызғалдағым» өнеге сағаты  желтоқсан айында жоспарланып  Қыздар ұйымының жетекшісі А. Сұлтанова тарапынан өткізілмей қалды.

     Байзерек негізгі орта мектебінде  15-қыркүйек Отбасы  күніне орай   8-сынып жетекшісі А.Р.Сангулова "Балалық шаққа саяхат"тақырыбында  оқушыларды ата-аналарымен біріктіріп  сынып сағатын  өткізді.Сынып сағаты  қызықты сәттерге толы болды.Ата-аналар өздерінің балалық кездеріндегі қызықты сәттерін айтты.Бірігіп «Мен бақыттымын»тақырыбында постер жасады.Балалар өздерінің  бақытты болған, көңіліне кірбің түскен  сәттерімен ата-аналарымен бөлісті

Бастауыш сынып  мұғалімі Қ.Оспанова 1-4 сынып   оқушылары арасында «Жанұям-бақытым» тақырыбында  сынып сағатын өткізді.

 Сонымен қатар   дене шынықтыру пәнінің мұғалімі  Е.Нысанов ата-аналарымен біріккен «Отбасы сайысын»өткізді.

Отбасы сайысына 8 ата-ана  балаларымен қатысты.Сайыс өте қызықты болды. Ата-аналар жастарына қарамастан балаларының жеңісі үшін сайыстың кез келген кедергісінен сүрінбей өтіп балаларына қуаныш сыйлады.

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысы

 Әлеуметтік экономикалық жағдайлардың күрделілігіне қарамастан, отбасы балаларды әлеуметтендірудің негізгі институты болып қала береді. Ата-аналардың қазіргі әлеуметтік-экономикалық шындыққа қаншалық бейімделе алатынынан және позитивті ата-ана болу құзыретін қаншалық дамыта алатынынан біздің мемлекетіміздің балалары мен жастарының толыққанды дамуы мен жалпы әл-ауқаты қамтамасыз етілетін болады.

          Позитивті ата-ана мәдениетін дамыту республиканың білім беру ұйымдарының педагогтарымен өзара іс-қимылда жүзеге асырылуы мүмкін. Позитивті ата-ана мәдениетінің мәні – баланың терең түсінігінде, оның қажеттіліктерін, тілектерін, белгілі бір мінез-құлықтың себептерін, жеке тұлғаның толыққанды дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасауда.

        Позитивті ата-ана – достық қарым-қатынасқа негізделген ата-ана стилі, бала мен ересек адамның қолдауы, өзара ынтымақтастығы. Мұндай тәсілдің нәтижесі – орталықтың

мақсаттары мен міндеттерінде көрініс табатын біздің қоғамның басты байлығы ретінде балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету.

Педагогикалық қолдау орталығының мақсаты: балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуде мемлекеттік орта білім беру ұйымдары мен ата-аналар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл үшін жағдайларды қамтамасыз ету.

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының міндеттері:

1) балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік құзыреттерін дамытуға бағытталған ата-аналарға жүйелі педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыру;

 2) білім беру ұйымы мен отбасы арасындағы балаларды тәрбиелеу мен дамытудағы өзара іс-қимылды нығайту;

3) отбасылық тәрбие процесінде балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету бойынша ата-аналардың уәждемесін арттыру.

Бұл ретте баланың әл-ауқаты оның физикалық және психикалық денсаулығын қолдауға және жақсартуға, сапалы білім берумен, даму мүмкіндіктерімен, қауіпсіздігімен және басқа да жағдайлармен қамтамасыз етуге бағытталған факторлардың жиынтық әсері кезінде қалыптасқан жағдай ретінде қарастырылады.

Орталық қызметінің принциптері:

  • ● Ұлттық мәдениет, құндылықтар мен дәстүрлердің сабақтастығы;
  • ●Үдерістің гуманистік бағыттылығы;
  • ● Родителям дифференциалды және жекелей қолдау көрсету;
  • ● Заманауи ғылым мен тәжірибенің озық үлгілерін пайдалану;
  • ● Әлеуметтік серіктестікке басымдық беру, ресурстық ұйымдар мен білікті сарапшыларды тарту.

Орталықтың қызметі балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде ата-аналардың және балалардың басқа да заңды өкілдерінің құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған.

Бүгінгі таңда әр отбасына өз әлеуетін ашуға көмектесу, ата-аналардың алдында тұрған мәселелерді шешуге жәрдем беру маңызды. Бұл жағдайда келесі факторларды ескеру қажет:

  1. Әр отбасының мықты жақтары мен маңызды практикалық дағдылары бар.
  2. Ауызбіршілігі күшті отбасы кез келген қиындыққа төзімді болады.
  3. Тіпті қиын кезде де ата-аналардың көпшілігі балаларын жақсы көреді және оларға қамқорлық жасайды.

Ата-аналарды педагогикалық қолдау Орталығының бағдарламалары балаларды тәрбиелеу және дамыту бойынша ата-аналық міндеттерді орындауды жеңілдетуге, ата-аналар мен балалардың нақты өмірде кездесетін мәселелерін шешуге ықпал етуге арналған. Тыңдаушыларына отбасының әлеуетін ашуға арналған идеялар мен құралдар, сондай-ақ балалармен табысты қарым-қатынас жасау, жеке тұлғаны дамыту үшін қолайлы орта құру тәсілдері ұсынылады.  

Қатысушы ата-аналар балалардың мінез-құлқының қалай өзгертетінін біледі, баланың мінез-құлқындағы қажетті өзгерістерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін әдістерді үйренеді.

Ата-аналар балаларымен қарым-қатынастың экологиялық таза тәсілдерін меңгереді, бір-бірін тыңдау және есту қабілетін дамытады, балалардың өздерін қауіпсіз сезінуіне көмектесетін шектеулерді қалай қою керектігін түсінеді, отбасындағы қарым-қатынасқа жаңа көзқараспен қарайды.     

Орталықтың тақырыптарымен танысу бойынша болатын кездесулер және ата-аналардан алынатын сауалнама осы жылдың 15 қыркүйегіне дейінгі кезеңде әр түрлі жастағы: 1–4 сынып; 5–9 сынып   оқушыларының ата-аналары үшін жүргізілді.

Әр бағдарлама жылына сегіз сабақты қамтиды, олардың екеуі үшеуі мектептің өзіне қатысты мәселелер мен тақырыптар бойынша өткізіледі.

      Сабақтары кестеге сәйкес, әр түрлі формаларды қолдана отырып, жеке өткізілді. 

Ата-аналарды педагогикалық қолдау мектебімізде бұйрық шығарылып, жоспар құрылып, сабақ кестесіне сай жұмыстар атқарылуда.

          Педагогикалық кеңесте, ұстаздар, cынып жетекшілер, тәрбиешілермен «Ата-аналарды педагогикалық қолдау бойынша»  нұсқаулықпен таныстырылды. ДТЖО К.А. Сакенова  2023ж.15-тамыздағы  №4 хаттамасымен  бекітілген  «Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты» КеАҚ Ғылыми әдістемелік кеңесі ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасын жүзеге асыру әдістемелім ұсынымдармен таныстырды. 

Мақсаты: балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналарды немесе заңды өкілдерді педагогикалық қолдау бойынша әдістемелік ұсынымдар балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту.

 Ата-аналарды педагогикалық қолдаудың міндеттері:

балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, психологиялық және әлеуметтік құзыреттерін дамытуда ата-аналарға жүйелі педагогикалық қолдауды ұйымдастыру; 

балаларды тәрбиелеу мен дамытуда білім беру ұйымы мен отбасы арасындағы өзара іс-қимылды нығайту;

балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналардың жауапкершілігін арттыру.  «Көркем мінез-баға жетпес байлық. Эмоционалды интеллект-табысты тұлғаның негізі» кездесу сабақ.    Кездесудің  мақсаты: ата-аналарға эмоционалдық құзыреттілігін, өзіндік сана сезім, өзін-өзі реттеу, эмпатия және қарым-қатынас дағдыларын  дамыту.

https://www.instagram.com/reel/C0BG0u-tM9I/?igsh=MTU3eWh2OHg4cmQydw==

«Жасөспірімнің отбасындағы қарым-қатынас дағдыларын дамыту» тақырыбында кездесу-сабақ өтті. Кездесудің  мақсаты: позитивті ата-ана бейнесін қалыптастыру, ата-аналар мен балалар арасындағы құндылықтар мен тәрбие үлгілерінің жауапкершіліктерін арттыру, психологиялық қолдау көрсету жолдарын көрсету.

«Баланың бас ұстазы ата-ана. Позитивті ата-ана болу: тыңдау, есту, өзің естірте білу» дәріс-сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: оң тәрбиенің мәнін, принциптерін және дағдыларын дамыту арқылы ата-аналардың педагогикалық мәдениетін дамыту,   позитивті ата-ана бейнесін қалыптастыру, ата-аналар мен балалар арасындағы құндылықтар мен тәрбие үлгілерінің жауапкершіліктерін арттыру.

https://www.instagram.com/p/Czu3QVkISx4/?igsh=MXYzdWdzOTQ3bnhkbg==

«Балаға үйрету: ақылыңды мейірімге орап бер. Өз балаңыздың кілтің қалай табуға болады?» тақырыбында дебат-сабақ. Мақсаты: ата-аналардың жас дағдарысы кезінде  жасөспіріммен үйлесімді қарым-қатынас орнату қабілеттерін дамыту, жанжалдарды шешу, реніштерді кешіру дағдыларын қалыптастыру.

https://www.instagram.com/reel/Czs-NqaNYGt/?igsh=NWM3Yzhtc3I5dm1t

 «Әке-асқар тау. Бұлақ көрсең-көзін аш» тақырыбында өткен әкелермен өткен  жиналыс-сабақ. Жиналыс-сабақтың мақсаты: ата-аналардың балаларының шығармашылық қабілеттерін дамыту дағдыларын қалыптастыру, отбасы құндылықтарын күшейту, бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі, ата-ана қауымдастығының, әкелер жауапкершілігін арттыру. https://www.instagram.com/reel/C2Af8pct0wp/?igsh=MW11OWUxNG9lN2Y3aw==

«Күйзелістен шығар жол» кездесу-сабақ.  Кездесудің  мақсаты: ата-ананың күйзеліске қарсы тұру және баласына да осындай көмек көрсету қабілетін қалыптастыру.    Жиналыс басында  мектеп психологы Г.К. Молдасарина  ақпараттық блокта «Төтенше жағдайда біздің мінез-құлқымыз неге байланысты?» төңірегінде мәлімет берді. «Күйзелістің оң және теріс жақтары» тақырыбында екі топқа ата-аналарды бөліп, пікірталас ұйымдастырылды.  Отбасыларында күйзеліске қарсы қандай іс-әрекеттер жасайтындары, күйзеліспен күресудің жолдарын айтып, ортаға  салды. 

https://www.instagram.com/reel/C2tq5rtNv9w/?igsh=ZDJuNDk2czg0eXFl

«Информациятан ақ қараны ажырату өнері» тақырыбында  5-9 сынып ата-аналарымен ДТЖО К.А.Сакенова  және мектеп психологтары А.А.Айтанов, А.М.Аблайханов  сабақ өткізді. Кездесудің  мақсаты: интернет ресурстарын  қауіпсіз пайдалану мәселесі бойынша ата-аналардың  білімін арттыру.   Жиналыс басында  К.А.Сакенова  додакаэдр арқылы ойын жүргізді,  психолог А.А. Айтанов  «Бала және интернет», Цифрлық аутизм» атты слайдтар көрсетіп, мәлімет берді.

    Ата-аналарды 3 топқа бөліп, «Интернеттің пайдасы», «Интернеттің зияны», «Интернетсіз 1 күн» атты тапсырмалар берілді, осы тапсырмалар бойынша әр топ постер толтырып, қорғады.  Жигналыс барысында «Құпия сыйлық» ,

 «Сәйкестендір» атты қызықты ойындар ойнатылды. Жиналыс өте қызықты, тартымды өтті. Ата-аналар сауалдар қойып, жауаптарын алып, ата-аналар мен төмендегі мәселелер қарастырылды.

  1. Интернет және жасөспірімнің желідегі әрекетінің формалары.
  2. Жеткіншектердің интернетті пайдалануы: проблемалар, салдары және мүмкіндіктері.
  3. Ата-ананың жасөспірімді кибербуллингтен және интернет кеңістігіндегі қауіпті көздерден қорғау алгоритмі.
  4. «Болар елдің баласы бірін-бірі батыр дер...» Желідегі жасөспірімнің мінез-құлқына тәрбиенің әсері.
  5. Жасөспірімнің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мектеп пен ата-ананың өзара әрекеті.

https://www.instagram.com/reel/C378lYEtIfg/?igsh=MXExMTNkYWE5bnZ1Yw==

  Ата-аналар педагогикалық қолдау сабағына қызығушылық танытып, белсенділікпен қатысады. 

        Мектебімізде «Даналық мектебі » жұмыс жасайды. 

https://www.instagram.com/reel/C4ps5SpigP-/?igsh=MWs3aTJxcmVvaXdiYQ==

https://www.instagram.com/p/C3sYRp8iVH7/?igsh=OGh5bWRxNTlrb2E1

Желтоқсан айының 28 күнінен бастап   «Жасыл шырша аясында!» тақырыбындаңы шырша мерекесінің графигі құрылып мектеп директорымен бекіттірілді. 

Байзерек негізгі орта мектебі бойынша Жаңа жылдық шырша мерекесінің өтілу кестесі

4,5,6-сыныптар 28-желтоқсан күні сағат 10.00-12.00 аралығында .0,1,2,3 сыныптар түстен кейін 14.00-16.00 аралығында   ертеңгіліктерін өткізді.

29-желтоқсан күні   14.00-17.00 аралығында 7,8,9 сыныптар арасында Балмаскарад өткізілді. «Жасыл шырша аясында!» мерекесі оқушыларға көңіл күймен бірлік  ,сыйластық деңгейінде өткізілді.Кішкене мектеп болғандықтан Балмаскарадқа Жас мұғалімдерде оқушылармен топқа бөлініп ,ойындар ойнап,әндерінде айтты. Оқушылар мұғалімдермен бірігіп өткізгенге өте риза болды.

Қаңтардың  қысқы оқу демалысы кезінде 1-9 сыныптар "Ұлттық мектеп лигасы"жобасы аясында білім алушылардың денсаулығы мен әл-ауқатын нығайтуда  ұлттық спорт ойындарын өткізді.Сынып оқушылары сынып жетектілерімен 

https://www.instagram.com/reel/C1ooYosrxuf/?igsh=MXFpNG96ajV5dzY3Nw==

«Қар ғажайыбы» тақырыбында мектеп ауласын безендіріп қардан мүсіндер жасады.

https://www.instagram.com/reel/C1tV1A9Nu-I/?igsh=MTQ0aWZ3Z3U1bm5jeQ==

«Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша  қысқы демалыс уақытында «Қыста оқимыз» атты тақырыпта оқушылар өздеріне ұнаған кітапты демалысқа алып үйде отбасыларымен кітап оқуды жалғастырды.

 Мақсаты : оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін  арттыру, кітап оқуға

 құмарлығын, кітап оқу арқылы олардың сөздік қорын , ой — өрісінің дамуын, рухани байлығын, кітап оқуға қызығушылығын арттыру.

https://www.instagram.com/reel/C1onyJgL2b8/?igsh=MXBndmF3cGVucmpweA==

Қаңтар айында 5-9 сыныптар арасында «Кәмелетке жасы толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстары» іс-шарасы өткізілді.

 Іс-шараны өткізу мақсаты:Оқушылардың құқықтық білімдерін арттыру, жауапкершілікті ояту, алдына мақсат қоя білуге баулу.
 Оқушылардың ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, сөздік қорларын молайту.

Жауапты мамандар ДТІЖО, сынып жетекшілер «Кәмілетке жасы толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстары» іс -шарасы аясында дебат ұйымдастырды. Дебат «Әділет»және «Ақиқат»топтары арасында өткізілді.

Алдымен кәмілет жасқа толмағандар туралы, құқық, құқық бұзушылық, зорлық-зомбылық туралы түсіндірме жұмысы өткізілді.Видеоматериял көрсетілді. Екі топқа бес сұрақтан қойылып, жауап берілді.
 «Әділет»тобының тақырыбы: Жастарды қылмысқа итермелейтін не?
 «Ақиқат» тобының тақырыбы: Жастар арасындағы қылмысқа жол бермеу үшін не істеу керек?

 Екі топ өздеріне берілген сұрақтар бойынша пікір алмасты. Өзекті мәселелер бойынша өз ойларымен бөлісті. Өздерінің пікірлерінің дұрыстығына дәлелдер келтірді.

2024 жылдың қаңтар айында 5-9 сыныптар арасында «СӨС қалыптастырудағы балалардың денсаулығы мен дамуына кері әсерін тигізетін зиянды заттар мен әдеттердің алдын алу» іс-шарасы өткізілді. Іс-шараны өткізу мақсаты:Салауатты өмір салтын жаппай насихаттау, үгіттеу, қалыптастыру.  Жауапты мамандар ДТЖО, сынып жетекшілер, педагог-психолог, мектеп медбикесі «СӨС қалыптастырудағы балалардың денсаулығы мен дамуына кері әсерін тигізетін зиянды заттар мен әдеттердің алдын алу» іс -шарасы аясында талдау жүргізді .

26 қаңтар күні сағат 12:00 де “9 айға 9 іс-шара” жобасы аясында “Қазақ есебі А.Жұмаділдаевтың ұсынған есептерін шығару” челленджіне қатысты.

*Мақсаты:Білім алушылардың креативті және сыни ойлауын дамытуға ықпал ету. 

*Міндеттері:Білім алушылардың математикалық және логикалық есептерді шығаруға деген қызығушылығын ояту; Білім алушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту;Математикалық білімнің өмірмен байланысын көрсету. 

https://www.instagram.com/p/C2jdv5RijoO/?igsh=cnpvZndwa2k1cXJr

Ақпан айында "Интернет кеңістігіндегі қауіпсіз қылық" тыйым салынған сайттар бойынша мектеп психологы маниторинг жасады. 

Ақпанның 7-сі күні «Интернетсіз бір күн» атты 4-8 сынып оқушылары арасында шаңғымен сырғанау жарысы өтті. Іс-шараға барлығы 21 оқушы қатысты. Жарыс өте жақсы деңгейде өткізілді. Денешынықтыру пәні мұғалімі  оқушыларға шаңғымен сырғанаудың қыр-сырын үйретіп, оқушылар бұл іс-шарадан жақсы әсер алды. Ғаламторсызда уақытты көңілді өткізуге болатыны жайлы тағы бір мәрте түсінді. 

https://www.instagram.com/p/C2ubnZgiHZr/?igsh=Z2FsZDZxcXVpajJu

 Ақпанның 11-15-і күндері кітіпханашы Мендыбаева Э.Т «Кітапханаға кітап сыйла» тақырыбында акция өткізді . 

Республикалық Челлендж 9 айға 9 шара : «Оқуға құштар мектеп»

«Біртұтас тәрбие беру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында мектепте «Окуға Құштармектеп» челленджі өткізіліп желіге жүктелді. 

МАҚСАТЫ: БІЛІМНІҢ КІТАП АРҚЫЛЫ БЕРІЛЕТІНІН, АДАМ ӨМІРІНДЕГІ МАҢЫЗЫ,ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМНІҢ ПАЙДАСЫН ТҮСІНДІРУ, КІТАПҚА ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ, БІЛІМГЕ ҚҰШТАРЛЫҒЫН ОЯТУ,КІТАПТЫ ТАЗА ҰСТАУҒА,ТАЗАЛЫҚҚА, МЕЙІРІМДІЛІККЕ БАУЛУ, ТӘРБИЕЛЕУ.

https://www.instagram.com/reel/C3465xqLJgI/?igsh=MWE0bWtndjh6bWdobw==

1 наурыз 2024 жыл «1 наурыз- Азаматтық қорғаныс» күніне орай мектеп ұжымы және сынып жетекшілер өткізілетін іс-шаралар барысымен таныстырылды. 

«1-наурыз Азаматтық қорғаныс күні.Төтенше жағдайлар туралы жалпы түсінік» тақырыбында 

1-9-сыныптар арасында таным сабақтар ұйымдастырылды:

Мақсаты: Азаматтық қорғаныс туралы түсініктерін кеңейту.Қауіпсіздік  жағдайлары мен алдын алу шараларын ұғындыру.

Наурыздың 1күні 1-9 сынып жетекшілері «Алғысым шексіз» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.

https://www.instagram.com/reel/C39WeQ_ivvG/?igsh=dmlubG9sanZiYmZ0

https://www.instagram.com/reel/C39VIn3CmKr/?igsh=MWJoazVseGRnaDU0aQ==

Аналар   мерекесі  қарсанында      4- сынып ата-аналарымен «Ана өмір шырағы» тақырыбында  дөңгелек  үстел ұйымдастырылып, өткізілді.
  Мақсаты:   Мектеп, оқушы және ата-ана 
арасындағы  қарым-қатынасты нығайту. Оқушының  өз ойын ата-анасына  еркін  айтып, сыйластық  және сырларын  бөлісе білу үшін жақсы  қарым  қатынаста болудың  маңыздылығын түсіндіру.
   Дөңгелек
  үстел  алдымен ата-аналармен  шаттық  шеңбермен   басталды.  
 Барлық 
ата-ана  өзін  шығармашылық  түрде таныстыра  отырып, бойларындағы жақсықасеттерін  атап өтті.
   «Отбасы құндылығы» тақырыбында
  бейнероликтер көрсетілді.Дөңгелек үстел басында бейнероликтегі оқиға талқыланды. Әр ата-ана өз ойын ашық айтты.
  Келесі кезекте ата-аналарға  сандықша ішіндегі сұрақты алып, жауап беру тапсырмасы
  жүктелді. Әр бір сұраққа ата-аналар нақты және дәлелді жауаптар берді. Сұрақтарға  берілген  жауап  арқылы   ата-аналар баламен  жақын сырласып, сөйлесудің маңызды екенін білді. 

Наурызнам  жана концепциясы бойынша  өткізілген   іс-шараларға  атаналар  қатысты.          

Наурыздың 7-сі күні «Аналар күні-ең керемет күн» халықаралық әйелдер күні аталып өтті. Мереке барысында концерттік бағдарламалар, құттықтау сөздер, ән-жыр, би биленді.

https://www.instagram.com/reel/C4P5XcTiyIG/?igsh=MTYwaWFmMmlyZzNyMg==

Наурыз мерекесін лайықты мерекелеу мақсатында 14-23 наурыз аралығында Наурызнама онкүндігі жарияланып, оның әр күнін белгілі бір тақырыпқа арнау жоспарланды

14 наурыз  «Көрісу күні – Амал мерекесі».
 
 

Бұл күні жасы үлкендерге арнайы сәлем беріп, құрмет көрсету, қонақ күту, мейраммен құттықтап, ізгі тілек жаудыру салты қалыптасқан. Амал мерекесінің мәні Наурызбен біте қайнасқан, себебі бұл күн — Наурыздың алғашқы хабаршысы. Бұл күн барлық реніштерді ұмытып, айналамыздағы адамдарға шынайы мейірімділік көрсетуге шақырады. Наурыз мейрамын тойлауға бағытталған «Наурызнама» тұжырымдамасына сәйкес мектебімізде онкүндіктің арнайы іс-шаралар жоспары бекітілді. Көрісу күні — Амал мерекесі мектебімізде кең көлемде аталып өтпек. Сондай-ақ бұл күні әлеуметтік желілерде түрлі тақырыптық және әлеуметтік бейнероликтер таратылды.

https://www.instagram.com/reel/C4f0FTVCmdq/?igsh=MTI0cmxsbGN2YTVyZg==

15 наурыз Қайырымдылық. Яғни қайырымдылық, мейірім мен тату көршілік тақырыбына арналады. «Жүрек жылуы» тақырыбына негізделген онкүндіктің екінші күні қайырымдылық іс-шаралары ұйымдастырылды

https://www.instagram.com/reel/C4hsc2tiGTE/?igsh=YzZjbjJlbjU1ZzZq

16 наурыз  Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні  тақырыбында  аталып өтті. Ұлттың «мәдени коды» негізінде бұл күн мәдениет, өнер мен ұлттық салт-дәстүр насихатына арналатын болады. Халықтың кең тараған салт-дәстүрлері — тұсаукесер түрлі жоралғысы  жасалады.
 17 наурыз  «Шаңырақ күні» тақырыбында ұйымдастырылатын іс-шаралардың бәрі 17-наурызға жоспарланған. Бұл күн сүйіспеншілік, құрмет, сенім, өзара көмек, мейірімділік, жанашырлық, анаға құрмет және ұрпақ сүю сияқты отбасылық құндылықтарды насихаттауға арналады. Басқарма өкілдерінің айтуынша, жексенбіге тұспа-тұс келген күні облыста ұлттық киім киген
 оқушылар, ата-аналар, ұстаздар «Наурыз бата» беру рәсімі өткізді. Шаңырақ күні елдегі жас ұрпақты тәрбиелеу ісін дұрыс жолға қойып, олардың бойында патриотизм, адамгершілік, білімқұмарлық пен еңбекқорлыққа деген құштарлықты қалыптастыруға сеп болады.

https://www.instagram.com/reel/C4pt4s8Cdx4/?igsh=NHN3NWZscWwyeHRm

18 наурыз  Ұлттық киім күні.                                                           

Ұлттық киімге арналған 18 наурыз — ата-бабамызды, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптарымызды еске алатын ерекше күн болды. Бұл күні мектебімізде  ұлттық киім үлгілерінің көрсетілімі мен фестивальдер өткізіліп, Оқушылар мен ұстаздардың қатысуымен «Ұлттық киім күні» тақырыптық челлендждері ұйымдастырылды.

https://www.instagram.com/reel/C4poViOiCpZ/?igsh=MW5yN21qY3M1ODU5Zg==

Онкүндік аясында «Жаңару күні» тақырыбына арқау болатын іс-шаралар 19 наурызға жоспарланды. «Жаңа көшеттер — жаңа идеялар — мемлекет дамуындағы жаңа кезең» деген мәнге негізделген ағаш отырғызу ақиялары дәл осы күні ұйымдастырылады. 

20 наурыз  Ұлттық спорт күні. Бұл күні мектеп оқушыларының қатысуымен түрлі спорттық шаралар өткізужоспарланды. Атап айтсақ, асық ату, тоғызқұмалақ, арқан   тартыс,қол күрес жарыстары ұйымдастырылды. Ұлттық спорт түрлері мәдени мұраны сақтауға, жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін күшейтуге ықпал етеді. Бұл мереке біз үшін бірліктің символына айналып, әр азаматтың өз елі үшін мақтанып, адами-рухани қасиеттерді дамытуына мүмкіндік береді.

https://www.instagram.com/reel/C4hsc2tiGTE/?igsh=YzZjbjJlbjU1ZzZq

21 наурыз Ынтымақ мектебімізде  жалпыхалықтық бірлік марафоны аталып өтеді. Онкүндіктің осы күнінде жалпыұлттық телемарафон ұйымдастырылып, өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады .

22 наурыз  Жыл басы. Бұл күні мектеп оқушыларының қойлымдарын   әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін тамашаладық . 

https://www.instagram.com/p/C4xPHmHiHF5/?igsh=OXo5emRzOWNlbjN2

Онкүндіктің соңғы күні «Тазару» тақырыбындағы іс-шараларға бағытталды. Бұл күні мектеп территориясында жаңа жылды жаңа мақсат, жаңа үмітпен қарсы алудың символы ретінде жалпыұлттық экологиялық акция өткізілді. «Тазалық эстафетасы» аясында бұлақ көздерін ашу, аулаларды қардан, қоқыстан тазалау іс-шаралары  белсенді жүргізілді.

https://www.instagram.com/p/C42sbNrLOuX/?igsh=MWw3dHRyMWo0NTh3NQ==

  5-9 сыныптар арасында  Мектептегі буллингтің алдын алу бойынша түсіндірме жұмысы жүргізілді .Мектеп психологі   сауалнама алып талдау жүргізді . Сәуір -экологиялық  мәдениет айында өткізілген іс-шаралар    "Өзін-өзі басқару " ұйымының ұйымдастыруымен, 1-9 сынып оқушылары арасында, Сәуір -экологиялық  мәдениет айын  басшылыққа ала отырып, "Қалдық заттарға екінші өмір сыйла!" тақырыбында керексіз заттардан пайдаға асатын бұйымдар жасау ұйымдастырылды.
 Жобаның мақсаты: табиғи заттарды тастамауға,керісінше олардан пайдалы заттар жасауға дағдыландыру.Қоршаған ортаны ластамауға,табиғатты аялап күтуге тәрбиелеу.
 Біздің шәкірттеріміз істен шыққан заттарды далаға лақтырмай, орайын тауып, қиялға қанат бітіре отырып керемет тұтынуға тиімді бұйымдар жасап шығарды
. "Менің туған өлкем"   тақырыбында танымдық жорық ұйымдастырылды  жұмысының мақсаты:
 Оқушыларды негізгі экологиялық проблемалармен таныстыру, барлық тіршілік иелерінің адам қызметіне тәуелділігін көрсету.

Балаларда сұлулық сезімін қалыптастыру, оқушылардың табиғи құбылыстар туралы түсініктерін кеңейту, өсімдіктер, жануарлар мен жансыз табиғат өміріндегі өзгерістердің өзара байланысын көрсету.

Туған табиғатты сүюге тәрбиелеу.1-9 Сыныптар арасында "Жасыл мектеп" акциясы ұйымдастырылып өткізілді. Акцияда оқушылар белсенділік танытты .Акция әлеуметтік желілерге жарияланды. 

“9 айға 9 іс-шара” тұжырымдамасы аясында, “Шахмат ойнау” челленджі өтті. Мақсаты: білім алушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту. Шахмат-көне тарихы бар зияткерлік ойын. Мектеп психологіқыздар,ұлдар ұйымының жетекшілері және ДТІЖО бірлесіп "Адамгершілік және жыныстық тиіспеушілік" тақырыбында қыздар және ұлдар  жиналысы өткізді.

Оқушылар арасындағы достық қарым-қатынасын қалыптастыру, ынтымақтастықты нығайту мақсатында Спорт ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды. «Спорттағы достық» бағыты бойынша,ұстаздар және  оқушылары арасында ұлттық ойын – тоғызқұмалақтан жарыс өткізілді. Жарыс қорытындысы бойынша мектеп командалары арасында достық орнады.

           Мамыр-бейбітшілік пен татулық айында Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай "Қазақстан халықтарының бірлігі күні" фестивалі өткізілді.
 2023 жылдың 
30 сәуір күні 1-мамыр мерекесі құрметіне мектебімізде "Қазақстан халқының бірлігі мерекесі" атты халықтар достығы фестивалі ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимннің  орындалуымен ашылды.
 Фестиваль салтанатты және өте көңілді өтті, оқушылар Қазақстан аумағында тұратын түрлі халықтардың мәдениетімен таныстырды, халық билерін билеп, әндер айтып, өлеңдер оқыды. Фестиваль соңында 
4- сынып оқушыларының қатысуымен "Қамажай" қазақ ұлттық биі қойылымы көрсетілді. Қазақ халқының көрнекті ұлы, жазушы, партизан, Халық қаһарманы Қасым Қайсеновтың туғанына 105 жыл толуына орай "Батыр Қасым" тақырыбында  спорттық   іс-шара өткізілді. Іс-шараға қатысушылар аты аңызға айналған батырдың әскери батырлықтарын, оның қалай жазушы болғандығы туралы көп нәрсе білді. Қасым Қайсеновті қазақ әдебиетіндегі партизандық тақырыптың негізін қалаушы деп атайды.

03.05.2023 жылы мектебімізде мектепішілік оқушылар арасында педагог ұйымдастырушының ұйымдастыруымен «Жігіт сұлтаны 2023» байқауы ұйымдастырылды. Байқауға:7  сынып оқушысы Тлеубек Ақжол,сынып оқушысы Слямханұлы Аян ,6 сынып оқушысы Қанатұлы Арсен, 8  сынып оқушысы Қанағат Ақәділ6  сынып оқушысы Абузяров Тауфик , 8  сынып оқушысы Есімбек Санжар  қатысты.
 «Жігіт сұлтаны-202
3» байқауына қатысушы сайыпқырандар жақсы деңгейде тапқырлығы, білімділігі, шымырлығымен көзге түсті. Жігіттеріміз барынша өз өнерлері ортаға салды. 
 Байқау ережесі: 
 І кезең«МЕН ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫМЫН» - Өзін-өзі таныстыруы
 (Өзін ұстауы, киімі, өлеңмен, қара сөзбен.)
ІІ кезең«СЕГІЗ ҚЫРЛЫ БІР СЫРЛЫ» - Өнер сайысы (Өз өнерін көрсету, ән, күй, би, көрініс және т.б.)
 ІІІ кезең«БІЛГЕНГЕ МАРЖАН»-қазақтың ұлттық әдет-ғұрыптар аясында танымдық сұрақтар қойылады. Жігіттеріміздің мергендігі сыналады.
IV кезең«КҮШ АТАСЫН ТАНЫМАС» - күш сынасу сайысы
V кезең«ШЕБЕРДІҢ ҚОЛЫ ОРТАҚ» - Үй тапсырмасы Қамшы өру, газет.
 
 «Жігіт сұлтаны-202
3»байқауында 8 сынып оқушысы Есімбек САнжар «Бас жүлдеге»  ие болып «Жігіт сұлтаны» атанды. 1-орынды 5- сынып оқушысы Слямханұлы Аян  иеленді,жүлделі 2- орынды 8-сынып оқушысы Қанағат Ақәділ иеленді 3-орында 6-сынып оқушысы Абузяров Тауфик.

https://www.instagram.com/p/C7JTvVLC3_e/?igsh=MTlib2Y0YmdteDdqYQ==

«Тоғыз айға 9 іс-шара» тұжырымдамасы негізінде «Жасыл мекен» челленджі өткізілді. «Жасыл мекен» челленджі көктемде көшет отырғызу арқылы қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауды дәріптеумен қатар, еңбек құндылығын қалыптастыруға, айналаны көгалдандыруға, абаттандыруға бастама болып табылады.

«Жасыл мекен» челленджі білім алушылардың бойында экологиялық мәдениетті дарытуға, табиғат пен қоршаған ортаны құрметтеуге, қоршаған ортаға ғана емес, адамдарға деген қамқорлық сезімін дамытуға бағытталған. 

Мақсаты: білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және еңбекқорлыққа баулу.

Міндеттері:

  • білім алушылардың қоршаған ортаға қамқорлық сезімін ояту
  • білім алушылардың табиғатқа ұқыптылықпен қарауын дамыту
  • еңбекке деген құрмет сезімін ояту;

Өткізу мерзімі: 12.05.2023 

https://www.instagram.com/reel/C6ncjDwCbfN/?igsh=bm0yaWtqOXVraGdu

2024 жылы 24 мамыр күні «Білім - Отаныма» жалпыреспубликалық бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді. Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай-қуатты ел екендігін мақтан етуге үйреніп,туған еліне,жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып,махабат сезімін ояту, Отанын,туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлендері мен ата бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері мен ата- бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлжандылыққа, ата мекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатты алдыға қойып «Білімім - Отаныма» атты біріңғай тәрбие сағаты 1-9 сыныптарда өткізілді. Тәрбие сағаты Гимнмен  басталып, Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевтың мектеп оқушыларын, мектеп бітіруші түлектерді, педагогтер мен ата-аналарды бейнеқұттықтауы көрсетіліп,жоспар бойынша әр сыныптың балаларының жыл бойғы білім жетістіктері мен тәрбие тағылымы бойынша бір минуттық бейнеролик көрсетіліп, жетістікке жеткен оқушылар марапатталды.Тәрбие сағаттардың соныңда сынып жетекшілер әр бір оқушыға жазғы демалысты қызықты және сәтті өткізуге тілек білдіріп GUIDEBOOK «Қызықты ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС» кеңестер кітапшалары табысталды.

9   сынып түлектері үшін «Мен.Мектеп.Ұстаз» атты тақырыбында эссе жазды. Олар мектеп қабырғасындағы балалық шақтан болашаққа қадамы туралы өз ойларымен бөлісті.

Атқарылған іс-шаралар әлеуметтік желіге жарияланды.

https://www.instagram.com/p/C7V3XdKttTB/?igsh=MW0wenVkNjc3dTg2cw==

https://www.instagram.com/p/C7Wukyvti8H/?igsh=MmxoYWN4ZWpxNWZ0

https://www.instagram.com/p/C7WuwUBNz2K/?igsh=MWh5YnpkNXNrYjVsMQ==

https://www.instagram.com/p/C7VzsL_NVAu/?igsh=MWVzbjZoc3JsajJtMw==

https://www.instagram.com/p/C7V-j3ztEO3/?igsh=Z3ZjcTN5bG1kcDlz

https://www.instagram.com/p/C7Vq8zKtdtd/?igsh=MWEyOXNpcmhjaTd0dA==

https://www.instagram.com/p/C7Vz0ZJN-Er/?igsh=MTBmMGlmZW5zcmNneg==

https://www.instagram.com/p/C7WuNi2NtqH/?igsh=ejU5Ym9lMHdlN3Rw

https://www.instagram.com/p/C7WuXi6N807/?igsh=MWxoMXZ5ZHA5cnE3aw==

28 мамыр күні ата-аналар жиналысы өткізілді  жиналысында  балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жне қауіпсіздік ережесін сақтап баланың өмірінің жауапкершілігі  туралы таныстырылды.Жазғы демалысты ұйымдастыру барысында  Алматы  қаласындағы «BAQSY» сауықтыру лагеріне мектебімізден 2 оқушы баратынын,біреуі оқу үздігі Есімбек Санжар және көпбалалы статусындағы Бақтай Аружан баратыны  айтылды. Ауданымыздағы «Шағала» сауықтыру лагеріне  статустағы балалар баруы тиіс екенін біздің мектебіміздің кезеңі 2-4-6 кезеңдерде 7оқушы баруы тиіс екені таныстырылды.

Кітапханашы Э.Т.Мендыбаеваның  ұйымдастыруымен 31 мамыр саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Азалы жылдар жаңғырығы» атты кітап көрмесі өткізілді. Мақсаты Зұлмат жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбаны болған азаматтардың есімдерін ұмытпау, оларды мәңгі есте сақтау, қуғын-сүргінге ұшыраған халықтардың тарихын таныстыру. 

Кітап көрмесінде сол кезеңдегі тоталитарлық жүйенің жазықсыз құрбаны болған қайғылы оқиғалар мен деректер көрсетілген.

Педагог-психолог жұмысы  бойынша талдау

                        Жұмыс кезеңдері:

1. 2023-2024 оқу жылындағы жұмыс сараптамасы

2. Психологиялық  қызметтің жоспары

3. Оқу жылындағы жұмыс бағытын іске асыру

4. Нәтижелерді қорытындылау есеп кезеңі

Тақырып:

Преподаватели мен оқушылардың даралық психологиялық ерекшеліктерін  зерттей отырып,  психологиялық жетекшілік жасау.

Мақсаты:

Білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік психологиялық жағдай жасау, білім беру үрдісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.

Міндеттері:

1.  Білім алушылардың  мазасыздықтарын жою, білімдегі олқылықтардың себептерін анықтау, түзету жұмыстарын жүргізу.

2.  Психологиялық диагностика жүргізу арқылы білім алушылардың қиыншылықтарын, мәселелерін анықтау

3.  Білім алушылардың қиыншылықтары мен проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру

4.  Психологиялық проблеммаларды шешуде және оқу-тәрбие жұмыстарының қолайлы әдістерін таңдауда ата-аналар мен  педагогтерге консультациялық көмек көрсету

5.  Білім беру  үдерісі субьектілерінің психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін көтеру.

6.  Білім үрдісіне қатысушылардың арасында өзара түсіністік   қарым-қатынаста болуына ықпал ету.

7.  Оқушылар, педагогикалық қызметкерлер және ата-аналар арасында ағартушылық кеңес жұмыстарын жүргізу.

8.  Әр түрлі қиындықтары бар оқушыларға түзету дамыту бағдарламаларын құру.

9.  Оқушы тұлғасын  дамыту.

10. Жанжалдық тұлғаралық қатынастарды түзету

   Жұмыс бағыттары:

  1. Психологиялық диагностика:

Мақсаты: жеке және жас, тұлғалық мүмкіндіктерін оқыту және тәрбиелеу процесінде зерттеу, білім алу, дамыту, әлеуметтік үйрену кезінде механизімнің бұзылуының себептерін анықтау.

2.Психологиялық кеңес:

Мақсаты: оқушылардың психикалық және тұлғалық даму кезінде бейберекеттік орын алуын ескерту, педагогикалық процеске барлық қатысушыларға мәселелерді шешу үшін көмек көрсету.

3.Психологиялық түзету дамыту:

Мақсаты: Жалпы оқу дағдыларын машықтап дамыту және жетілдіру, тұлғаның қалыптасу процесіне белсене атсалысу.

  1. Психологиялық ағарту:

Мақсаты: оқушылар және олардың ата-аналары, педагогтардың психологиялық мәдениетін қалыптастыру және көтеру.

  1. Психологиялық алдын алу (прафилактика)

Мақсаты: оқушылардың психикалық және тұлғалық даму кезінде бейберекетті орын алуын ескерту, педагогикалық процестің барлық қатысушыларға мәселелерді шешу үшін көмек көрсету.

        9-сынып оқушыларымен мамандық таңдауға байланысты «Климов» сауалнамасы алынды. Нәтижесінде 3-оқушыдан   Айым, Жанерке, Асел  «адам-адам», мұғалімдікке, дәрігерлікке, қорғаушы мамандықтарына жақындығын анықтады.1-оқушыдан Раиль «адам-табиғат», ауыл шаруашылығы, агроном, табиғат зерттеуші мамандықтарына қызығушылығы жоғары екендігі анықталды. 

Сауалнама атауы:  Зорлық-зомбылықты анықтау

Мақсаты: Оқушылар арасында зорлық зомбылықты анықтау барысында алынды

Мектеп атауы: «Байзерек НОМ» КММ

Зерттелушілер: 5-9 сынып

  2023-2024 оқу жылының қазан айында зорлық-зомбылық көрген оқушыларды анықтау  мақсатында оқушыларға психодиагностика жүргізілді.

Барлық оқушылар - /5-9 сынып/ -  24 оқушы

Сауалнамаға барлығы  - /24/ оқушы қатысты Жүргізілген сауалнаманың қорытынды нәтижесі бойынша мектепте зорлық-зомбылыққа тап болған оқушы мен бопсалаушылық  деректері анықталмады. Сауалнамаға 5-9 – сынып оқушылардың  барлығы қатысты. 

Л.Пономаренко «Ағаш» проективті тесті

Өткізілген күні: 02.10.23 жыл

Сыныбы: 5-9 

Мақсаты: Оқушылардың ішкі жан дүниесіндегі эмоционалдық жағдайын анықтау

Барлығы:  24

Катысқаны: 20 

Қорытынды: Оқушылардың қазіргі  мектептегі эмоционалдық жағдайы бойынша  1 оқушының жиі ішкі мазасыздыққа бейімдігі, адамдармен қарым-қатынасқа түсуде қиыншылық көретіні, 1 оқушының эмоцияоналдық жағдайының   құлдырауы,  ішкі күйзеліске түсуі, 1 оқушы өзін шаршаңқы сезінеді.   Диангостика нәтижесі бойынша   оқушылармен жеке әңгімелесу жүргізілді. 

1-9 сынып оқушыларымен жүргізілген “Кактус” проэктивті әдістемесі алынды.

Мақсаты: Баланың эмоционалдық жағдайын анықтау, агрессияны анықтау.

Школьникам ақ   парақтар мен қарындаштар таратылды. Балалар өздері қалағандай кактустың суретін салды. 

Қортындысы: Барлығы 39 бала қатысты шыққан қортындымен таныстырылды. Агрессиясы жоғары балалармен жекелей түзету, дамыту жұмыстары жүргізілді

 5-сынып оқушыларының бастауыштан орта буынға бейімделуін ұйымдастыру бойынша.

Л.Пономаренко «Ағаш» проективті тесті

Өткізілген күні: 02.10.23 жыл

Сыныбы: 5 

Мақсаты: Оқушылардың бастауыш буыннан орта буынға ауысу кезіндегі бейімделуінің сәттілігін анықтау.

Барлығы:  4

Катысқаны: 4

Қортындысы: I- таңдау бойынша сыныптағы оқушылардың   орта буынға бейімделуінде қалыпты жағдай анықталынды. Сыныпта достық қарым-қатынас орнаған, сыныптастары тарапынан, қолдау бар.  II- таңдау бойынша  (болашақта) оқушылар жағымды позицияны таңдаған. Оқушылардың көшбасшылыққа деген көзқарасы, өзін жоғары бағалауы, қарым-қатынас, қолдау, позицияның тұрақтылығы (қиындықтарды жеңбестен жетістікке жетуге деген ұмтылыс) көруге болады. Диангостика нәтижесі бойынша  оқушылармен жеке әңгімелесу жүргізілді.  

Әдістеме атауы: Менің сыныбым әдістемесі

Зерттеу әдісі: проективті әдістеме

Мақсаты: Оқушылардың мектепке дайындығын диагностикалау

Мектеп атауы: «Байзерек НОМ» КММ

Зерттелушілер: 5 сынып

Жұмыс жүргізілген мерзімі: 19.09.2023

Қортындысы: Сынып ұйымшыл, өзіндік пікірлері жоғары, көпшілікке қосыла алатындығы анықталды

Тақырыбы: «Тұлғаның психологиялық күйін анықтау» 

Әдістеме: Айзенк сауалнамасы

Қатысушылар: 5-сынып оқушылары

Мерзімі: Қыркүйек

Диагностикалау мақсаты: оқушылардың психологиялық күйін анықтау. Бастауыш буыннан орта буынға бейімделуінде кездесетін проблемаларды анықтау.

Қатысқандар саны: 4 оқушы.

Зерттеу нәтижелерінен байқалғаны 5 сынып оқушыларының 100 %- ешқандай қобалжу, мазасыздық, агрессиялық мінез –құлықтың нышаны байқалмады. Жалпы алғанда оқушылардың орта буынға бейімделуі ортадан\жоғарғы деңгейді көрсетіп отыр. Жаңа пән мұғалімдеріне деген жақсы көзқарас қалыптасқан. Әр оқушының жауаптарынан өздеріне деген сенімділік жақсы дамығанын байқауға болады. Сыныпта достық қарым-қатынас нышандары байқалды. Қорыта келгенде 5-сыныпқа бейімделуінде оқушыларда ешқандай психологилық проблемалар, мінез-құлқындағы өзгерістер байқалмады. 

2023 жылдың қазан айының 12 күні 5-сынып оқушыларымен      «Алақай, мен 5-сыныпта оқимын!» тренингі өткізілді.

Мақсаты:  5-сынып оқушыларына орта буында (орта мектепте) оқу жағдайына бейімделу кезеңінде психо-педагогикалық қолдау көрсету.  Жұмыс жоспарына сәкес, бірінші “Өзіңді мақта” жаттығуында, оқушылар өздерін мақтай алмайтыны байқалды. Өздеріне деген сенімділігі төмен екен. Екінші   “Топтық ереже қабылдау” Мынадай ереже қабылдадық 

  • Ашық әңгімелесу
  • Белсенді болу және әзілдесе білу
  • сөзді бөлмеу
  • көп қатынасу

Үшінші Ой қозғау жаттығуынан оқушылардың жетістікке жеткісі келетіндігі, түрлі сайыстарға қатысқысы келетіндігі, бастауыш сынып мұғалімімен тағы оқығысы келетіндері анықталды. Бұл жоғарғы сынып мұғалімдерінің, оқушы жүрегіне жол табуға талпынбауы деп ойлаймын.                   5-сыныпқа сабақ беретін мұғалімдерімен осы мәселе бойынша консилиум өткізсін, түсіндірме жүргізсін. Төртінші “Обратная связь” жаттығуынан оқушылар өздерін аша білу керек екендігі анықталды.

1 сынып оқушыларымен  бейімделуі бойынша қорытындысы:

Оқу жылының басы қыркүйек айында сырттай бақылау болды.                                                                                                          15.09.2022ж 1 сынып 3 оқушыдан Керн-Йерасек тесті алынды.                                                                                                    Әдістеменің мақсаты: бірінші сынып оқушыларының мектепте оқуға психологиялық даярлығы мен бейімділігін анықтау. 

Тесттің 1ші кезеңінде 3 тапсырма берілген  1-тапсырма: Ер адамның суретін сал2-тапсырма: Сөздерді көшіріп жаз3-тапсырма: Нүктелер көшірмесі

Диагностика қорытындысы бойынша барлық оқушылар 1,2,3 тапсырмалар бойынша оқуға психологиялық даярлығы мен бейімділігі орта деңгейде екені анықталды.

Қазан айында 1 сынып оқушылардың өзін-өзі бағалауын анықтау мақсатында «Баспалдақ әдістемесі» В.Г.Щур диагностикасы бойынша зерттелді.  3 оқушыда баспалдақтың жоғарғы сатысына өздерін суреттерін салып, өздерін жоғары бағалайтындықтары анықталды. 

1 сынып оқушыларының мектепке бейімделуінің бастапқы диагностика мен шығу диагностикасының салыстырмалы мониторингі қыркүйек/қаңтар 

Қатысушылар: 1сынып оқушылары 

Жас ерекшелігі: 6-7 жас

Оқушы саны: 3

1-тапсырма: Ер адамның суретін сал

2-тапсырма: Сөздерді көшіріп жаз

3-тапсырма: Нүктелер көшірмесі

Әдістеменің мақсаты: үлкендердің тапсырмасын мұқият тыңдап, дәл орындауларын, берілген сызықты парақта дұрыс белгілеуін, өз бетімен  тапсырма бойынша әрекет етуін тексеру.

Диагностика нәтижесі бойынша сыныптағы барлық оқушының тапсырманы мұқият тыңдап, өз бетімен орындауы орта деңгейде екені анықталды.

Күні: 10.01.2024

Сынып: 9

Қатысқаны: 3

Қатыспағаны: 

Сабақ түрі: зерттеу, кеңес беру

Мақсаты: Жеке тұлғаның кәсіби түрін, кәсіби саласын, мамандық таңдауға дайындығын зерттеу. Кеңес беру арқылы жоғарғы сынып оқушыларының назарына  кәсіптік мамандықты ұсыну. «Сенің кәсіби ой-ниетін» тақырыбында сауалнама алынды. Сауалнама 10 сұрақтан құралған Қорытынды: Оқушылардың 2 оқушы 9  сыныптан соң колледжге оқуға түсуді ойлайды. Ал бір оқушы 10-11 сыныпты оқып мектептегі оқуларын жалғастырады. Ұсыным: Оқушылармен топтық, жеке және сабақтарына қатысып жұмыс жүргізу. Мамандық таңдауға пән мұғалімдері, ата-аналар дұрыс бағыт бағдар беру, оқушыларды жыл бойы психологиялық түрде қолдау, кеңес беру.

Әдістеме атауы: «Баспалдақ» В.Г.Щур 

Зерттеу әдісі: проективті әдістеме 

Мақсаты: оқушылардың өзін-өзі бағалауын анықтау.

Мектеп атауы: «Байзерек НОМ» КММ

Зерттеушілер: 4-сынып

Жұмыстың нәтижесі:

Қорытынды: Төрт оқушы да жоғарғы деңгейді көрсетті.

5-9 сынып оқушыларынан “Өмір, мен сені жақсы көремін”           тақырыбында алынған эссеге анықтама.

            “Өмір, мен сені жақсы көремін” тақырыбында 5-9 сынып оқушылары эссе жазды. Эссені жазғанда оқушылардың өмір сүруге деген құштарлығы  жоғары екендігі байқалды. Әсіресе ата–аналарды, достарын бағалағандары қуантты. 

            Өмірге деген реніш немесе басқадай жағымсыз көзқарастың болмағаны қуантты.Алдарына мақсатты нық қоя білуі де жақсы көрсеткіш.

 Эссе қортындысы бойынша, оқушыларда позитивті ой-пікірлері басымдық көрсетті.

Күні: 14.12.23

Сынып: 5-9 сынып

Түрі: диагностика (Филипс тесі)

Мақсаты: кіші және орта жастағы балаларда болатын мазасыздың түрін және деңгейін зерттеу.

Қатысқаны: 21

Қатыспағаны: 2

            5-9 сынып оқушылардың мектептегі мазасыздықтың, сынып оқушыларымен, мұғалімдермен қарым-қатынасы анықталды. Нәтижесі төмендегідей.

Ұсыныс: Оқушылардың өзіндік бағалауларын көтеруге, мазасыздық, қорқынышпен күресуге арналған ойын-жаттығулар, әдіс –тәсілдерді қолданып топтық жұмыс жүргізу. Ішкі тіректерін күшейту. Родителям балаларын үйде қолдау көрсету. 

               9-сынып оқушыларынан Э.Ховард әдістемесі алынды.
 Мақсаты: Оқушылардың стреске төзімділігін  анықтау. Қорытынды: Оқушылардан алынған Э.Ховард стреске төзімділігін анықтау нәтижесі бойынша 1- оқушының стреске шамалы ұшырайтыны анықталды. Ал  2-оқушының стреске орташа ұшырайтыны анықталды. Диагностика нәтижесі бойынша оқушылармен жалпылама әңгіме жүргізілді және де оқушыларға эмоционалды қолдау көрсетілді. Ұсыныс өзіме: «Стресс және оның алдын алу жолдары» тақырыбында тренинг өткізу барысында оқушылардың өзіне деген сенімін ойын- жаттығулар арқылы ояту.

5-9 сынып оқушыларынан Г.Н.Казанцеваның «Өзін-өзі бағалау» тесті алынды. Мақсаты: Оқушылардың өзін-өзі бағалау деңгейін анықтау. Қорытынды: Оқушылардан алынған өзін-өзі бағалау тестінің нәтижесі бойынша оқушылардың бағалау деңгейлері жоғары екені анықталды. 

Байзерек негізгі орта мектебі ұстаздарының «Өзін-өзі бағалау деңгейін анықтауға» алынды. Қорытындысы: Сіз өзіңізге ризасыз және өзіңізге сенімдісіз. Сізде адамдарға үстемдік ету талабыңыз көп, өзіңіздің «меніңізді» көрсеткенді, өзіңіздің ойыңызды жекелегенді ұнатасыз. Сізге сіз туралы не айтатындары бәрібір, бірақ өзіңіз басқаларды сынауға бейімсіз. Сіздің ұпайыңыз неғұрлым көп болғанымен, сізге соғұрлым мынадай анықтамалар сәйкес келеді: «Сіз өзіңізді жақсы көресіз, бірақ басқаларды жақсы көрмейсіз». Бірақ сізде бір жетіспеушілік бар: өзіңізге тым байсалдылықпен қарайсыз, ешқандай сыни ақпаратты қабылдамайсыз. Егер сізге тест нәтижесі ұнамаса, сіз «барлығы алдайды» дегенмен «қорғанасыз». Өкінішті... Бұл категорияға   екі мұғалімнің  жауабы сәйкес келді: Преподаватели сипаттамамен толығымен келісті және де өз кемшіліктерімен күресу керек екенін мойындады.

 Сіз өзіңізбен татулықта өмір сүресіз, өзіңізді білесіз және өзіңізге сенесіз. Жеке сипатта да, адамдармен өзара қатынаста да қиын жағдайлардан бағалы шеберлікпен шығуды білесіз. Сіздің өзіңізге және айналадағыларыңызға деген қатынастың формуласын мынасөздермен жеткізуге болады: « Өзіме ризамын, басқаларға да ризамын». Сізде қалыпты өзіндік бағалау, сіз өзіңіз үшін тірек және күштің қайнар көзісіз, және бастысы біреулердің есебінен емес. Бұл категорияға   он бір мұғалімнің де жауабы сәйкес келді: Преподаватели сипаттамамен толығымен келісті.

   Сірә, сіз өзіңізге риза емессіз, өзіңіздің зерделілігіңізге, қабілетіңізге, жетістіктеріңігге, өзіңіздің сыртқы түріңізге, жасыңызға, жынысыңызға қанағаттанбаушылығыңыз бар және сізді күмән азаптайды... Тоқтаңыз! Кім айтты өзін-өзі жақсы көру жаман деп? Кім иландырды сізді, ойлампаз адам, үнемі өзіне риза болмауы керек деп? Әлбетте, ешкім сізден масаттанушылықты талап етпейді, бірақ сіз өзіңізді қабылдауды, өзіңізді сыйлауды, өзіңізді осы отта қолдауға тиіссіз. Бұл категорияға    екі мұғалімнің  жауабы сәйкес келді: Преподаватели сипаттамамен толығымен келісті және де өз кемшіліктерімен күресу керек екенін түсінді.

8-9 сынып оқушылары және ата-аналармен «Баланы жәбірлеудің және кибербуллингтің профилактикасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Семинарға қатысу «Функционалдық сауаттылық – білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары» тақырыбында бастауыш сыныптарда аудандық семинарда «Көңіл-күйдің сан қырлы сырлары» тренингі өткізілді.

2023 жыл желтоқсанның 6 сы күні жетекші мектеп ретінде Шынжылы және Көкжар негізгі орта мектеп мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсетілді. Келген мұғалімдермен «Өзара түсіністік өнері» тақырыбында тренинг өткізілді. Мақсаты: Ынтымақтастық ортасын орнату. Тренингке барлық келген мұғалімдер қатысып, тапсырмаларды бірігіп орындады.

Семинарға қатысу «Тәрбие жұмысында білім алушылардың бойына ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған тиімді әдістер» тақырыбында аудандық семинарда «Ұйымдасқан ұтады» тренингі өткізілді.

        Теріс субмәдениеттердің таралуына жол бермеу және әлеуметтік желілерде, соның ішінде TikTok және Discord-та деструктивті және жағымсыз мазмұнды құруға жол бермеу тақырыбында 8-9 сыныптар арасында Конференция өтілді. Барысында ғаламтор уақыт санап адам өміріне қолайлы, әрі оң өзгеріс әкелумен қатар, зиянын да тигізуде. Өйткені ғаламторға тәуелді болу процесі қоғам арасында өзекті тақырыпқа айналуы соның дәлелі. Ғаламтордың тигізер пайдасымен қатар зияны да орасан зор. Соның дәлелі ретінде смартфонды үздіксіз қолданған қаншама жасөспірімдер көз жанарының көруі нашарлағаны   дәлел. Смартфонды тек қажет жағдайда, қажет адамдарыңызбен хат алмасуға, керек ақпаратты алуға ғана қолданған жөн. Смартфоннан керек емес ақпараттарды көру арқылы қаншама жасөспіріміміз жат діни ағымдар сайтына кіріп соған тәуелділік тууда.  Қазіргі таңда кез-келген мемлекеттің шекарасын басып алмай-ақ, халықтың ақпарат көзі арқылы сол елдің кемшілік тұстарын жан-жақты зерттеп, түрлі айла тәсілдерді қолдану арқылы, елді іштен іріту құралына ғаламтор айналып үлгергені де жасырын емес. Бір халықтың ертеңгі болашағы жастар дейтін болсақ. Қазіргі таңда кереғар ағым мүшелері жастардың ғылым-білім жолындағы әрекеттерін ізденіске емес, өздерінің арам пиғылды мақсаттарына пайдалануы соның дәлелі. Құрметті оқушылар смартфонды да қолданудың өз мәдениеті болады. Сол мәдениеттілікті сақтай отырып, уақытымызды тиімді әрі пайдалы іске жұмсауларыңызға кеңес берді. 

Формасы: тренинг

Жұмыстың атауы: «Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын»

Өткізілген уақыты: 28.11.2023 ж

Қатысушылар: 5-9 сынып оқушылары

Мақсаты: 

Школьникам зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру,адамның ең жаман қасиеті екенін айту.Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету.Зорлық-зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру.

    Тренингте  мектептің педагог-ұйымдастырушысы Аблайханов Айбек Меделханұлымен ұйымдастырылды. Тренинг барысында алдымен оқушылармен «кел амандасайық ойыны» ойнатылып, кейін «жалғыз аяқ жол» жаттығуында төбе,шұңқыр,жалғыз аяқ жол сөздеріне белгілі бір іс-қимылдарды музыка ырғығына ілесіп орындап шықты.  Тренингтің ең басты бөлігінде зорлық-зомбылыққа байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда зорлық-зомбылықтың қандай түрлері туралы айтылды. Топпен талқылау бойынша берілген 7 сұрақ бойынша топтағы оқушылармен ақылдасып,кезекпен тақтағы шығып сұраққа жауап берді. Адам не үшін өмір сүреді тапсырмасында,әр оқушы өз ойымен бөлісіп, тақтаға жазып шықты. Тапсырмаға қосымша  педагог-ұйымдастырушы Аблайханов Айбек Меделханұлы өзінің ойымен бөлісіп, оқушыларға кеңестер айтты. Тренинг соңы Немістің ұл ақыны В.Гетенің сөзімен аяқталып, оқушылар осы тренингтен не түйгендерімен алдын-ала дайындағын жүрекшелерге жазып, алған әсерлерімен бөлісті. 

 Жұмыстың атауы: салауатты өмір салты

Формасы: тәрбие сағаты

Өткізілген уақыты: 22.01.2023ж 

Қатысушылар:  оқушылар

Мақсаты:  Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру.

Бірінші байлық денсаулық деп халқымыз айтқандай, қазіргі заманда ең бірінші   алға қойған мақсат-міндеттердің бірі – адамның хал ахуалы мен өркениетті елдің әрбір азаматы дені сау, салауатты болуы шарт. Осыған байланысты постер қорғау жұмысы берілді. Бұл жерде зиянды әдетер мен салауатты өмір салты тақырыбына сурет салып,оқушылар қорғап шықты. Кейін «Есірткіге жол жоқ!» тақырыбында бейнекөрініс көрсетіліп, тақырыпқа байланысты оқушыларға сұрақтар қойылды. Тәрбие сағатының соңында  бүгін мен ... деген сөйлемді аяқтап, сабақтан алған әсерлерімен бөлісті.

Жұмыстың атауы:    Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің алдын-алу

                                   «Сиқырлы көзілдірік» жаттығуы, «Өкпені еріту техникасы»

Формасы: жаттығу,техника

Қатысушылар: оқушылар

Мақсаты: 

Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің алдын-алу

Оқушылардың бойындағы өкпе,ренішті арнайы техника арқылы шығарып және бір-бірінің бойындағы жақсы қасиеттерін айту. 

5-9 сынып оқушыларының арасында «Сиқырлы көзілдірік» жаттығуы жүргізілді. Бұл жаттығуда қатысушылар екі қатарға шеңбер жасай тұрып,қарама-қарсы тұрған оқушының бойындағы тек жақсы қасиеттерін айтып шықты. «Өкпені еріту» техникасында оқушыларға қара бұлтша ұйысқан өкпені еріту керек болды. Бұл жаттығудан кейін жаңа өмір бастау керектігі туралы айтылды.

Жұмыстың атауы: психологиялық жарақаттан қалай көмектесуге болады?

Формасы: тренинг

Өткізілген уақыты: 22.12.2023ж

Қатысушылар:  оқушылар

Мақсаты:  оқушыларды депрессия және абыржудан арылту.

Тренинг жоғарғы сынып оқушыларымен жүргізілді. Тренинг барысында терең тыныс алу жаттығулары және «Джунглидегі жаңбыр»  жаттығуы жүргізілді. «Сарқырама» релаксациялық жаттығуы жүргізілді. Бұл жаттығу қатысушылардың өздерін сергек сезінуіне көмектесті. 

Формасы: түсіндірме жұмыс

Жұмыстың атауы: «Қазіргі әлемдегі цифрлық сауаттылық»

Өткізілген уақыты: 22.09.2023ж

Қатысушылар: оқушылар

Мақсаты: 

  «Ғаламтордың пайдасы мен зияны туралы ой»

    Ғаламтор – қазіргі қоғамның ажырамас бөлігіне айналған дүние. Тіпті, кейбіріміз ғаламторсыз өмір сүре алмайтын деңгейге жеттік. Ғаламтордың жылдамдығы нашарлап қалса болды, - ашуға беріліп шыға келеміз. Осыған байланысты оқушыларға цифрлық сауаттылық туралы түсіндірме жұмыстары берілді. 

Атап айтқанда төмендегі тақырыпта түсіндірме жұмыстар жүргізілді.

  • Ғаламтордың пайдалы жақтары;
  • Ғаламтордың зияны;

Жалпы компьютердің алдына артық отырып алмай, ғаламторды ретімен пайдаланса, өзіне қажетті деген сайттар мен ресурстарға кіріп, керегін ала алса, онда ғаламтор түк те зияны жоқ. Тек тәуелді, масыл болып қалудан қашқан жоқ. 

Формасы: дөңгелек үстел

Жұмыстың атауы: «Құқық бұзушылық және тәуелсіздіктің алдын-алу»

Өткізілген уақыты: 10.10.2023 ж

Қатысушылар: оқушылар

Мақсаты: 

  Жастар мен жасөспірімдердің арасында күйзеліс, жағымсыз әрекеттердің әдетке айналуымен мінез-құлықтың алдын-алу және жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

Сабақ барысы:

«Сәлемдесу» жаттығуында әртүрлі тайпалардың сәлемдесуі іс-қимылдар арқылы оқушылар бір-бірімен амандасып шықты.«Сенімділік» жаттығуында параққа жақсы,жаман қасиеттерін жазып, жағымсыз қасиеттерін қоқыс шелегіне лақтырды. Ойлан тап тапсырмасында әр сөздің   сипаттамасын тауып, кейін екі бақа туралы аңызбен таныстырылды. Соңында  «егер сізге ұнаса» кері байланысы жүргізілді. 

Буллинг және кибербуллингтің алдын-алу 

Формасы: дөңгелек үстел

Өткізілген уақыты: 13.10.2023

Қатысушылар: 7-9-сынып

Мақсаты: 

Жасөспірім кезеңіндегі кездесетін буллингтің түрлері,себептерін анықтау, қиыншылықтардың және оның алдын-алу жұмысын жүргізу,буллинг туралы ақпаратты  кеңейту.

Дөңгелек үстелдің басында оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру мақсатында музыкалық бит сергіту сәті ойнатылды. Кейін алдын-ала дайындалған қар кесектерін шашып, сонда бейнеленген тілектерді көршісіне беріп,тілеп шықты.   Жалпылама дөңгелек үстел барысында «буллинг» сөзіне анықтама берілді. Буллинг ағылшын тілінен аударғанда қорлау,қудалау,мазалау дегенді білдіреді. Төменде осы тақырыптар бойынша қысқаша түсіндірме жұмыстар айтылды.    

  • Буллинг қандай жағдайларға әкеліп соғуы мүмкін;
  • Буллингтің белгілері;
  • Буллингтің құрбаны
  • Буллингті а    йыру белгісі
  • Қамқорлық және қолдау көрсетуді сақтаудың маңыздылығы

Дөңгелек үстел соңында буллинг туралы бейнеролик көрсетілді.                                                                                                                                   Жасөспірімдер және қылмыс 

Формасы: түзету сабағы

Өткізілген уақыты: 15.09.2023

Қатысушылар:   Оқушылар;  Құқық қорғау органды

Мақсаты:  Оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу

  • бөлім. Кіріспе 
  • бөлім. «Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру» тренинг.
  • бөлім. «Соңғы сөзді мен айтайын ...» 
  • бөлім. Қорытынды 

 Жалпылама дөңгелек үстелде бала құқығы туралы, құқықтық тәрбие туралы айтылды. «Қимыл-қозғалыс арқылы жауап беру» тренингі жүргізіліп, «Соңғы сөзді мен айтайын» айдарында құқық қорғау органдары полиция подполковнигі Н.В.Менжулина сөз сөйледі. Соңында оқушылар қолшатыр әдісі арқылы сабақтан не түсінгегін айтып бөлісті.

«Денсаулықтың 6 шарты – таза ауа, дұрыс тамақтану, қозғалыс, тыныш ұйқы,  көтеріңкі көңіл-күй, күйзеліске түспеу»  

Формасы: түсіндірме жұмысы

Өткізілген уақыты: 23.10.2023

Қатысушылар: 1-9-сынып

Мақсаты:  Оқушылардың адамгершілікке, қоғамдағы жат қылықтардан аулақ болуға, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Сабақтың барысында:Сәлемдесу ойынында оқушылар дене мүшелерімен бірінікін бірі қайталамай амандасып шығу керек болды. Аяқталмаған сөйлем тапсырмасында  денсаулық сөзінің мағынасын ашты.  Кейін оқушыларға  - денсаулыққа кері әсер ететін факторлар; - денсаулыққа дұрыс әсерін тигізетін факторлар туралы қысқаша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сабақ соңында «денсаулықтың 6 шартымен» таныстырылды. Жалпылама сабақта оқушыларға денсаулықты қалай бағалау керек туралы айтылды. 

2023-2024 оқу жылында вариативтік компонетінен сағаттардың бөлінуі

Вариативтік компонетінен сағаттардың бөлінуі

1-4 сыныптардағы белсенді-қозғалмалы сипаттағы жеке және топтық сабақтар оқушылардың жеке қызығушылығы және ата-аналардың өтініші негізінде келесі мақсаттармен бөлінді:

1-сыныпта  «Жас математик»  үйірмесі - 1 сағат жүргізілді 

2-сыныпта  «Оқу   және тіл дамыту»,  «Математика әлемі»  үйірмесі - 2 сағат жүргізілді.

3-сыныпта    «Логикалық математика »   үйірмесі - 1 сағат жүргізіледі

4-сыныпта             «Оқу және тіл дамыту »  үйірмесі    -1 сағат жүргізілді.

5-9 сыныптардағы оқу жоспарларының вариативтік бөлігіндегі Жаһандық құзыреттілік немесе таңдау бойынша оқушылардың жеке қызығушылығы және ата-аналардың өтініші негізінде келесі мақсаттар үшін бөлінді:

Жаһандық құзыреттілік немесе таңдау бойынша: 

5-сыныпта «Жаһандық құзыреттілік» - 0,5 сағат, 6-сыныпта «Жаһандық құзыреттілік» - 0,5сағат, 7-сыныпта «Жаһандық құзыреттілік» - 0,5сағат, 8-сыныпта «Жаһандық құзыреттілік» - 0,5 сағат, 9-сыныпта «Жаһандық құзыреттілік»  - 1сағат оқытылады.


 "Өмір қауіпсіздігінің негіздері" міндетті оқу курсын игеру;


2023-2024 оқу жылында «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» (бұдан әрі – ӨҚНкурсын кіріктірілген оқу бағдарламасы арқылы: 1-4-сыныптарда «Дүниетану» оқу курсының аясында; 5-9-сыныптарда – «Дене шынықтыру» пәні аясындажүзеге асырылады«ӨҚН» курсын 2-3-сыныптарда жылдық оқу жүктемесі 6 сағат, 4-сыныпта 10 сағат көлемінде бастауыш сынып мұғалімдері жүргізеді. 5-9-сыныптарда «Дене шынықтыру» оқу курсының аясында 15 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен дене шынықтыру мұғалімінің оқытуымен іске асырылады; Жаңа оқу бағдарламасына сәйкес ӨҚН-нің әр тақырыбын «Дүниетану», пәнімен байланыстыру қарастырылған, бұл білім беру курсынның оқу міндеттілігін қамтамасыз етеді. ӨҚН оқушыларға оқыту мазмұнының практикалық бағыттылығын күшейту үшін оқу сабақтарын ұйымдастыру және өткізу кезінде мұғалімдер жеке тұлғаға бағытталған, белсенділік және құзыреттілік тәсілдерін жүзеге асырады. Сабақтарда мұғалімдер оқушылардың жеке қасиеттерін көрсетуге және дамытуға жағдай жасайды, олардың мүдделерін, жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескереді.

9) "Жолда жүру ережелері" міндетті оқу курсын іске асыру; 

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес мектепте «Жолда жүру ережелері» оқу курсының мазмұны 1-4 сыныптарда әрбір сыныпта 6 сағаттан сынып сағаттары есебінен және сабақтан тыс уақытта сынып жетекшілері жылдық жұмыс жоспарында тақырыптары мен мерзімін көрсете отырып, іске асырылып жатыр. 5-8 сыныптарда сыныптан тыс уақыттарда және сынып сағаты есебінен 10 сағат көлемінде жүргізіледі. «Күнделік» жүйесіне уақтылы енгізіліп отырылды. 

 «Жолда жүру ережелері» оқу курсының мазмұны 1-4 сыныптарда сынып сағаттары есебінен іске асырылды. 

5) Оқу- материалдық активтер. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып білім беру мазмұнына өлшем шарттар:

Жалпы мектептің ішкі алаңы - 385,3 ш.м

1 ғимарат , 1 қабатты  оқу корпусы, 5  оқу кабинетінен тұрады. Құрылыстың жалпы ауданы – 157,2 ш.м. құрайды, жобалық қуаттылығы- 50 орындық Коридор 40,2, 1 оқу кабинеті -20,7, 2 оқу кабинеті -20,7, 3 оқу кабинеті- 25,7, 4 оқу кабинеті -20,7, 5 оқу кабинеті- 22,8, кочегарка- 6,4..

 2 ғимарат, оқу корпусы 1 қабаттан тұрады; коридор 18,7, информатика кабинеті-   22,9,  мұғалімдер бөлмесі - 27,4, кітапхана-  18,7, мед. кабинет 34,2, директор кабинеті 27,4.

Жалпы мектеп бойынша 35 дана партамен, 70 дана орындықтармен, 6 дана тақталармен, 6 дана шкафтармен қамтылған. Мектеп 12 компьютер, 32 ноутбук, 7 планшет, 2 мультимедиялық құрал, 1 панелді тақта құрылғыларымен қамтылған. 

Мектепте 14 орналасқан видеокамералар және интернет жүйесі орнатылған, ЦОУ қосылған.

Мектептегі әлеуметтік санитарлық тораптары. санитарлық өткізу пункті орналасқан, мектептің ішіне әжетханалар орналасқан 2 ұяшықты, қол жуғыштар 2 дана. Мүгедектерге арналған пандустар тұтқаларымен орнатылған, дабыл нүктесі орнатылған. 

Мектептегі өрт сөндіру құралдары және жарықтандыру туралы мәлімет: мектепте 4 өрт сөндіру тақташалары құралдарымен және 8 өрт сөндіру балондарымен қамтылған; мектеп ғимараты барлық оқу бөлмелері лампалармен толық қамтылған.

Мектептегі медициналық пункт  04.10.2022  жылы № 22018199  лицензиясына сәйкес алғашқы медициналық көмек көрсетеді. 


6) Информациятық ресурстар және кітапханалық қорОқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып білім беру мазмұнына өлшемшарттар:

2023-2024 оқу жылында 13 компьютер, 6 планшет, 24 ноутбук, 11 Білімбук бар.

 Кітапхана алаңы  18,7 ш. м.; жалпы   кітапхана қоры – 1867 дана: оның ішінде  1)  әдістемелік нұсқаулық -26 дана,               2) дидактикалық материалдар -0,  3)   әдеби кітаптар - 486 дана , 4) электрондық оқулық – 27 дана,                         оқулықтар – 1328.


7) Білім алушылардың білімін бағалау. Білім алушылардың дайындық деңгейіне өлшемшарттар:

1) ЖБП үлгілік оқу бағдарламалары мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) талаптарына сәйкес тиісті білім беру деңгейінің әрбір білім беру саласы (және оқу пәндеріне) бойынша білім алушылардың дайындық деңгейі (оқытудан күтілетін нәтижелер);

2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 52 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13137 болып тіркелген) білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарына сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды жүзеге асыру мен қалыптастырушы және жиынтық бағалау талаптарын сақтау;

Білім беру ұйымдарында бағалау келесі бұйрықтармен реттеледі: 

- «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» МОН РК -нің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы (2020 жылғы 28 тамыздағы өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес);

- Білім беру мазмұнын жаңарту аясында орта мектеп үшін критериалды бағалау мен құжаттарды рәсімдеу бойынша нұсқаулық;

- Бастауыш мектеп мұғалімдері үшін критериалды бағалау бойынша нұсқаулық;

Формативті бағалау, БЖБ және ТЖБ қорытындысы бойынша (білім алушылардың оқу жетістігі) баллдар электрондық журналға, электрондық журнал болмаған жағдайда қағаз журналға қойылады.

Педагог 2-9 -сыныптарда пән бойынша ФБ, БЖБ және ТЖБ-ды «Білім алушылардың үлгерімін, аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгілік ережелерін бекіту туралы» МОН РК-нің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (өзгерістермен және толықтырулармен....) сәйкес өткізілді

2-9-сынып білім алушыларының оқу жетістіктерін формативті бағалау бір балдан 10 балға дейінгі шекте жүзеге асырылады. Обратная связь беру үшін электронды журналдың рубрикаторларын пайдаланды.

БЖБ және ТЖБ қорытындысы "Kundelik.kz" электронды журналға енгізілген.






  9. Кемшіліктер мен ескертулер  оларды шешу жолдары 

      Жалпы педагог кадрлардың потенциалдық құрамы «жақсы», ұстаздардың 100 пайызы жоғары білімді, біліктілік санаты бойынша бастауыш сынып мұғалімдері «орташа», негізгі мектеп мұғалімері «орташа» бағасын құрайды. Магистрлік дәрежелері бар мұғалімдер 1. Мендыбаева Салтанат Сериковна, тарих пәнінің мұғалімі.

Педагогтердің біліктілік арттыру курстарынан өтулері бойынша: жылда бір рет өз пәндері бойынша білімдерін жетілдіру курстарынан уақытында өтіп отырды. Сонымен қатар, технологияларды меңгеру, бағалау, сараптау тапсырмаларын құрастыру, функционалдық сауаттылықты арттыруға арналған тапсырмалар құрастыру, ақпаратты технологияларды меңгеру сияқты курстарға онлайн курстарға да үйрену семинар, конференцияларға жіберіліп отырылды. Кейбір көркем еңбек, дене шынықтыру т.б. пәндерден курс сыйымдылығына байланысты қатыса алмаған мұғалімдер ақылы курстардан да өтті. Мектеп басшысы 9 айлық курс пен мектеп менджментіне байланысты курстардан өткен. Бірақ, мектеп директорының орынбасарлары мектептегі менджментке байланысты курстан өтпеген. Аталған мектеп директорының орынбасарларымен 2023 жылы мектепті басқаруға байланысты семинарға қатысу жоспарланған.



Жылдық талдаудағы кемшіліктерді ескере отырып, 2024-2025 оқу жылына келесі міндеттерді алдына қояды:

  1. Авторлық бағдарламалар құрастыру жұмысы аяқталмады, жоспар бойынша   Б.Е.Сулейменова мен С.С.Мендыбаева бағдарлама құрастырып аяқтау;
  2. Преподавателидің кәсіби байқауларға қатысуы аз, жылына әр мұғалімді бір кәсіби байқауға қатыстырту; 
  3. «Зерде» жарысына оқушылар қатыстырылмады, әр мұғалімге оқушы дайындап, қатыстырту;
  4. Әдістемелік басылымдарға, жинақтарға, интернет сайттарға материал жариялау;
  5. Пәндер олимпиадасына оқушыларды қатыстырып, нәтижеге қол жеткізу;
  6. Педагог-психолог лауазымына білікті маман алу.


SWOT талдау


Күшті жағы

Әлсіз жағы

1 «Алтын тұғыр» республикалық математикалық олимпиадасының облыстық кезеңінде 2 орын;

 2 «Педстарт» республикалық қашықтық олимпиадасында 5 мұғалім қатысып, жүлделі орын алды.

3  Семинарда үлгілі сабақ көрсету

4 «Ақбота» зияткерлік олимпиадасында     бірнеше жүлделі орын алды

«Кенгуру»  конкурсында жүлделі орындар көп болды

Шеберхана, зертхана кабинеттерінің жоқтығы. Сарамандық жұмыс жүргізуге қажетті құралдардың, модификациялық кабинеттердің болмауы.

2 Пәндер олимпиадасында жүлделі орындардың аз болуы

3 Аудандық мектеп лигасынын аясында өтілген қазақтын ұлттық ойындарында оқушылардың аз нәтиже көрсетуі. 

4. Педагог-психолог жұмысының әлсіздігі

Мүмкіндіктер

Қауіп -қатерлер

1.Авторлық бағдарламалар құрастыру

2.Әдістемелік басылымдарға, жинаққа, интернет сайттарға материал жариялау

3.Преподавателидің кәсіби байқауларға қатысып, жүлделі орындар алуы

4. 2-9 сынып оқушыларын «Зерде»,  ғылыми жоба жарысына қатыстыру

5. Мұғалімдердің өзара сабаққа қатысуын жүйеге келтіру

1. Химия, физика, география мұғалімдерінің жоқтығы



Наш адрес
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Байзерек ауылы Ж.Жабаев улица, 20 дом

Жетысуская область, Алакольский район, село Байзерек, улица Ж.Жабаева 20
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Байзерек негізгі орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru