Байзерек негізгі орта мектебінің тарихы » Байзерек негізгі мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Байзерек негізгі орта мектебі"
Управления образования Кызылординской области
Приемная
+7(72859) 3-17-10
Бухгалтерия
+7(72859) 3-17-10
Версия для
слабовидящих
» » » Байзерек негізгі орта мектебінің тарихы
24
январь
2022

Байзерек негізгі орта мектебінің тарихы

Алматы облысы Алакөл ауданы 

Байзерек негізгі орта мектебі

Мектеп тарихы


         1937 жылы Байзерек ауылында бейімделген орында алған бастауыш мектебі ашылды. Ұлы Отан соғысы жылдарынан кейін 1946 жылы жеті жылдық мектепке айналған. Сол кезде мектеп директоры болып Иван Михайлович Батурин тағайындалған (Ұлы Отан соғысына қатысқан "Красная Звезда" медалінің иегері. Лепсі педагогикалық училищесін бітіріп, зейнетке шыққанға дейін осы мектепте жұмыс істеді). Көпшілік құрметіне бөленген адамның бірі. 

         1950-1951 жылдары төрт сыныптық мектеп салынды. 1959-1960 жылдары "Заря Востока" деген совхоз жиналысында жаңа мектеп тұрғызу жөнінде қаулы қабылданып, мектеп директоры И.М.Батурин ауыл тұрғындарымен бірлесе саман кірпішінен жаңа мектеп тұрғызды.  

         1963 жылдан бастап 1989 жылға дейін мектеп директорының қызметін  Илья Нестерович Семенко атқарды.  1960 жылдары мектеп 8 - жылдық мектепке ауысты.  Сол кездегі совхоз директоры Червонныймен бірлесе 1970-1971 жылдары үлкейтілген жаңа мектеп тұрғызылды. 1988 жылы совхоздың жаңа директоры Тұрғанбаев Қабидолда Айтұлының басшылығымен тағы бір жаңа ғимарат тұрғызылды. 

          1989 жылдың күзінде мектеп директоры Емцев Николай Васильевич тағайындалып, 2002 жылға дейін қызмет атқарды.  Николай Васильевич 25 сәуір 1951 жылы Андреев ауданы Андреев ауылында дүниеге келді. 1958 -1968 жылдары  Андреевка ауылында №1 орта мектепте оқыды. 

1968 жылы Андижанск Мемлекеттік педагогикалық институтына оқуға түсіп 1972 жылы бітірді. Сонымен қоса М.Фрунзе атындағы Симферополь мемлекеттік университетінде оқып,  дипломына ие болды. Өзінің еңбек жолын Андреевка ауылында №1 орта мектебінде дене шынықтыру пәні мұғалімі ретінде бастады.  Емцев Николай Васильевич Байзерек орталау мектебінде басшылық еткен жылдары 1992 жылы алғаш қазақ тілінде оқитын қазақ сыныбы ашылды.  

         2002 жылы Қыстаубаев Әділхан Кәкенұлы мектеп директорының қызметін әрі қарай жалғастырды. Қыстаубаев Әділхан  Кәкенұлы 1963 жылы Андреев ауданы Екпінді ауылында туған. 1980 жылы Екпінді орта мектебін бітіріп, 1981-1983 жылдары Кеңес Армиясы  қатарында әскери борышын өтеген. 1984 - 1985 жылдары Үшқайың ауылында орта мектепте мұғалім болып істеді. 1985 жылы Абай атындағы қазақ педагогика институтының тарих факультетіне түсіп, оны 1990 жылы аяқтады. 1990 жылдан Екпінді орта мектебінде мұғалім, 1998 - 2002 жылдары директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2002 - 2003 оқу жылы Байзерек орталау мектебінің директоры болды.

         2003- 2004 жылдары мектеп директоры Баяділов Қазығұл Бекжанұлы болды. Қазығұл Бекжанұлы 1953 жылы 11ақпанда Андреев ауданы Екпінді ауылында дүниеге келді. 1960 жылы 1 сыныпқа барып, 1970 жылы мектепті аяқтады. 1971- 1973 жылдары Кеңес Армиясы  қатарында әскери борышын өтеген. Әскерден кейін 1974 жылы Абай атындағы Мемлекеттік Қызыл Ту ордені институтының сызу және сурет факультетіне оқуға түсіп, 1979 жылы жоғарғы оқу орнын аяқтады.  

         2004-2005 оқу жылынан бастап мектеп директорының қызметін Ибраева Тұрсынхан Жанатқанқызы атқарды. Тұрсынхан Жанатқанқызы 1965 жылы 28 наурызда   Андреев ауданы, Андреевка селосында дүниеге келді. 1972 жылы Андреев ауданы Глиновка селосы Глиновка орта мектептің 1 сыныбына барды, 1982 жылы аяқтады.  Алғашқы еңбек жолын  1986 жылы Андреевка селосы №2 орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып бастады. Осы білім ордасында ұстаздық қызмет ете жүріп, 1993 жылы Талдықорған қаласына кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында І.Жансүгіров атындағы Талдықорған университетіне түсіп, педагогика және бастауыш мұғалімі мамандығына 1998 жылы ие болды.

 Еңбек жолы Андреев селосы №2 орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі, директордың  оқу - тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Андреев аудандық білім бөлімі әдіскері, кадр жұмысын ұйымдастырушы инспектор қызметтерінатқарған Тұрсынхан Жанатқанқызы 2004 - 2009 жылдар аралығында Байзерек орталау мектебінің директорлығына тағайындалып, басшылық етті. Тұрмыста, жұбайы, 1 қызы,1 ұлы бар. 


         2009-2010 оқу жылынан бастап Мухамедиева Гуляим Тоқтарқызы мектеп директоры қызметіне тағайындалды. Гуляим Тоқтаровна 1961 жылы 22 ақпанда Талдықорған облысы Андреев ауданы Лепсинск ауылында дүниеге келді. 1970 жылы Лепсинск ауылындағы Ушинский атындағы орта мектепті бітірді. 1978 жылы Алматы қаласындағы Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық институна филология факультетіне оқуға түстіп, 1983 жылы орыс тілі мен әдебиеті мамандығына ие болды. Сол жылы Қарлығаш ауылындағы Қарлығаш орталау мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалім болып еңбек жолын бастады. 1988 жылы Байзерек орталау мектебіне мамандығы бойынша ауыстырылды. 1991-2009 жылдар аралығында директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2009 жылдын қыркүйек айынан бастап 2013 жылдын қыркүйек айына дейін Байзерек негізгі орта мектебінің  директоры қызметін атқарды. 

2013-2014 оқу жылы Ушинский атындағы орта мектебінің директоры болды.

2014 жылдын күзінен бастап зейнет жасына дейін  Байзерек негізгі орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі болып жұмыс істеді. 2020 жылы зейнетке шықты. Тұрмыста, жұбайы, 2 қызы 1 ұлы бар. 


         2013 -2014 оқу жылынан бастап  мектеп директоры қызметін Нусупова Гулнар Қасымбаевна атқарды. 

1962 жылы 31 қаңтар күні Екпінді ауылында дүниеге келген.

1978 жылы Екпінді орта мектебін үздік бітіріп, Абай атындағы Қазақ Педагогикалық университетінің физика факультетіне оқуға түсіп, 1982 жылы бітірді.  1982 жылы Екпінді орта мектебіне физика пәнінің мұғалімі болып орналасып еңбек жолы басталды. Осы мектепте директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

2013-2016 жылдары Байзерек негізгі орта мектебінің директоры болды.  Осы жылдарда мектептің материалдық - техникалық базасын нығайтуға, оқушылардың білім сапасын көтеруге үлкен ықпалы болды.   Мектеп оқушылары облыстық, аудандық олимпиада, ғылыми жоба жарыстарында жүлделі орындар иеленді.

Педагогтардың кәсіби құзіреттілігін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылды. Педагогтардың аудандық, облыстық кәсіби  жарыстарына, педагогикалық оқуларына қатынасатын мұғалімдер саны   

артып, мұғалімдердің іс-тәжірибелері аудан көлемінде таратылып, әріптестер арасында қолдау тапты.


           2016 жылдын 1 қыркүйегінен бастап қазіргі  уақытқа дейін Канапина Сауле Адильхановна. мектеп директоры қызметін атқарады. Канапина Сауле Адильхановна 1975 жылы 21 қантарда бұрынғы Андреев ауданы Глиновка ауылында дүниеге келді. 1981 жылы алғаш мектеп табалдырығын аттады. 1992 жылы Екпінді орта мектебін бітірді. Сол жылы Ілияс Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтының филология факультетіне түсіп, 1996 жылы орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша диплом алды. Жолдамамен Екпінді орта мектебіне орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі болып жұмысқа орналасты. 2000 жылы Ә.Әлімжанов атындағы орта мектебіне ауысты. Бұл мектепте Орыс тілі мен әдебиеті пәндерінен сабақ беру мен қоса, бір жыл директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 6 жыл директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Тұрмыста, жолдасы , 3 баласы бар.


Мемлекеттік мекеменің заңды мекен жайы "Алматы облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Байзерек негізгі орта мектебі" Управления образования Кызылординской области . 

         Байзерек негізгі орта мектебі "Кішкентай мектептің жүрегі" үлкен қағидасымен нәтижелі жұмыс істей келеді. 

         Мектепте 19 мұғалім , 9 қызметкер жұмыс жасайды. Педагог - зерттеуші - 3, педагог - сарапшы - 4, педагог - модератор - 4, санаты жоқ - 5 мұғалім. 19 мұғалімнің 18 мұғалімнің білімі жоғары, 1- арнаулы орта. 

         Оқушылар саны 1-9 сыныпта 52, мектепалды даярлық тобында - 4, барлығы - 56 оқушы. Сабақ екі ауысымда өтеді. 

         Мектепте үш бірлестік жұмыс жасайды. Бастауыш мұғалімдер бірлестігі, қоғамдық - гуманитарлық пәндер бірлестігі және жаратылыстану - математикалық, өнер және эстетикалық пәндер бірлестігі

         Мектепте әдістемелік, тәрбие және психолог жұмысы дұрыс жолға қойылған. Жылдық жоспар негізінде жұмыс  уақытылы жүргізіліп отырады. Өтілген іс - шаралар туралы суреттер Facebook, Инстаграмм желісінде жарияланып отырады. 

Аудандық көлемінде өтетін байқаулар мен оқуларға қатысып отырады. Аудандық олимпиада, "Зерде" ғылыми жоба байқауларында, интеллектуалдық ойындарда оқушылар жүлделі орын алып тұрады. Соның нәтижесінде 2020 - 2021 оқу жылының Алакөл аудандық білім бөлімінің рейтингісінде ШЖМ мектеп арасында ІІІ жүлделі орынға ие болды. 

         Мектеп ұжымы бірлесе жұмыс жүргізіп, нәтижеге қол жеткізуге үлесін жыл сайын қосып келеді

Наш адрес
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Байзерек ауылы Ж.Жабаев улица, 20 дом

Жетысуская область, Алакольский район, село Байзерек, улица Ж.Жабаева 20
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Байзерек негізгі орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru