Республика күні
Байзерек негізгі орта мектебі бойынша 10-25 қазан аралығында Республика күніне арнап өткізген онкүндіктің мәліметі
Байзерек негізгі орта мектебі бойынша 10-25 қазан аралығында Республика күніне арнап аудандық білім бөлімінің жоспарын негізге ала отырып, іс-шаралар жоспары құрылып,мектеп директорымен бекіттірілді.Сынып жетекшілерге таныстырылып іс-шаралар бөлініп алынды.
Республика күніне орай онкүндік жоспарына сай сынып сағаттары әзірленіп, әр түрлі форматта сынып сағаттары өткізілді.Барлық сынып жетекші.Республика күнінің маңызды мереке екенін,Республикамыздың құрылған күн екенін таныстырып өтті
5-7сыныппен «Менің елім, менің Қазақстаным.» атты Интелектуалдық ойыны өткізілді.
Жастар мен этно мәдени орталықтарының өкілдерінің қатысуымен «Өнеріміз саған, Қазақстан!» атты патриоттық челленджі 30ға дейінгі жастар арасында А.Т.Нысанбаева,Қ.М.Оспановалардың құрастыруымен челлендж өткізіліп желіге жүктелді.
Қазан айының 19күні жаппай диктант алу күні болды.Қазақ тілі мамандары А.Т.Нысанбаева 5-7сынып арасында«Туған жер»,Ж.С.Даркембаева 8-9 сынып арасында «Атамекен» тақырыбындағы жалпы республикалық патриоттық диктант байқауын өткізді.Оқушылардың барлығы да сауатты жазуға тырысты.

8-сынып диктанттан кейін
Қыран елім – Қазақстан!» жалпы патриоттық акциясы аясында2-9 сынып арасында оқырмандар байқауы өткізілді.Оқырмандар байқауы мәнерлеп оқу байқауымен алмастырылды.Сайыс оқушылардың оқу деңгейлер бірдей болғандықтан орын берілмеді,Дегенмен нң үздік өлең оқушы Аружан Сухамбай 9-сынып оқушысы ,Медведева Анжела 9-сынып оқушысы,Ахметқан Жанерке 8-сынып оқушысы болды.
«Патриотизм дауысы» мемлекеттік әнұранының жаппай орындалуы бойынша 21 қазан жаппай Гимн орындау күні болды.
Қазан айының 21 күні «Қазақстан – менің Отаным» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиында сайыстардың жеңімпаздары,оқу озаттары мектеп директорының алғыс хатымен марапатталды.


Салтанатты жиын «Өзін-өзі басқару»ұйымының дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.
25-қазан Республика күнін мерекелеуге дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері
М.А.Айдарова мен Е.Б.Нысанов Спорттық жарыс ретінде 5-9 сыныптар арасында «Тоғызқұмалақ»пен «Шашки»ойындарын өткізді.
Республика күнінде атқарылған іс-шаралар әлеуметтік желіге жүктелді.
Мектеп директоры С.А.Канапина