Қарттар күніне сценарий » Байзерек негізгі мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Байзерек негізгі орта мектебі"
Управления образования Кызылординской области
Приемная
+7(72859) 3-17-10
Бухгалтерия
+7(72859) 3-17-10
Версия для
слабовидящих
13
октябрь
2022

Қарттар күніне сценарий

Жетісу  облысы

Алакөл ауданы

Байзерек  негізгі орта мектебі






«ҚАРТТАРЫМ-ҚАЗЫНАМ!»

1-қазан Қарттар күніне арналған концерттік бағдарламаның сценарийі








2022-2023 оқу жылы





«ҚАРТТАРЫМ-ҚАЗЫНАМ!»

1-қазан Қарттар күніне арналған концерттік бағдарламаның сценарийі

Күні: 13.10.2022ж.                                           Жүргізушілер:               

                                                          Рамазан М.Н. – мұғалім 

                                                                        Сухамбай А.С. – 9 сынып оқушысы

(Фанфар. Жүргізушілер ортада)

1-жүргізуші(Аружан):     

                              Армысыз ауылымның асылдары,

Жайналсын көңілдердің жасыл бағы.

Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би,

                             Сіздер үшін мереке шашулары.

2-жүргізуші( Мади):        

                           Қош келдіңіз ақ жаулықты аналар,

Ақыл кенін арқалаған аталар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

1-жүргізуші  (Аружан):    Қымбатты ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар! Ақ жаулықты аналар! Шынайы да ізгі сезімдерді, білімнің алтын діңгегін сыйлаушы ұстаздар қауымы! Барлықтарыңызды қазан айының алғашқы мерекелері қарттар, ұстаздар мерекесі тоғысқан күнімен құттықтаймыз! 

2-жүргізуші(Мади): 

Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,

Зейнет емес бейнеттен арылмаған.

Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,

Қариялар өзіңді ел сыйлаған.

1-жүргізуші (Аружан):

Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше.

2-жүргізуші(Мади):

Олай болса, әр халықтың бойында ықылам заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерешеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. 

1-жүргізуші(Аружан):  

Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты, ойы терең, ақылы тілегей теңіз болып келеді. Міне, осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін 1-қазан Қарттар күнімен құттықтай отырып «Қарттарым-қазынам» атты кешімізге қош келдіңіздер дегім келеді. (пауза)

Кешімізді бастамас бұрын сөз кезегін мектеп директоры  Сауле Аділханқызына береміз.

2-жүргізуші(Мади):         

Алдында ақыл берер қария ғой,

Жақсылар жақсылыққа жария ғой.

Жастарға ол парасатты кеңес берер,

Сөзге бай ағып тұрған дария ғой.

Мектебіміздің  ардагер ұстаздары  Гүлайым Тоқтарқызы мен Жұбан ағамызға   сөз кезегін береміз.

Ән: «Асыл әжем»./8-9 сынып қыздары/

1-жүргізуші(Аружан):  

Халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген. Ендеше «Мен атам мен әжемнің жалғасымын» бөліміне құлақ түрелік.  (бастауыш сынып оқушылары мен 5 сынып )  

2-жүргізуші(Мади):         

Той деп бүгін шашу шашады

 Той деп бүгін әлем сырын ашады

 Қарттар күні мейрамына арналған

 Бишілер өнерлерін шашады.

Мектебіміздің биші қыздарын сіздердің қошеметтеріңізбен ортамызға шақырайық!  («Қара жорға  биі». 6-7  сынып оқушылары)

1-жүргізуші(Аружан) :             

Асқар тауым, ақылгөйім, ғұлама,

Аспанымдай мәңгі жаса, құлама

Ер жетсем де еркелігім қалмайды,

Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана!

Ән «Әжемнің  шайы» 3-сынып оқушылары



2-жүргізуші(Мади):

Ата ардақты тұлға. «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының қайырымды, мейірімді, ақылды, іскер болуын тілеп сол үшін қамқорлық іс-әрекеттерін жерге жеткенше дамыта береді, өнеге көрсетеді, өсиет айтады.

«Асыл әжем қымбатты» әні. Орындайтын: 4  сынып оқушылары


1-жүргізуші(Аружан):     Тұра-тұршы есейгенде ұл-қызың, 

Жүре тұршы жалғанғанда үзігің.

Маған бақыт неге керек, ақ әже-ау?!

Өзің бірге көре алмасаң қызығын.

Сіздердің құрметтеріңізге 6-7сынып  сынып оқушыларының орындауындағы «Лизгинка» биін  қабыл алыңыздар!

2-жүргізуші(Мади): Қарттарды құрметтейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсету сынды қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?! 

«                                                         »Манарбек ағамыздың орындауындағы   Ән

1-жүргізуші(Аружан): 

Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – ол баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Қарт кісіні құт-береке деп танысақ – ол ұрпақ көрегендігі. 

2-жүргізуші(Мади): 

Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.

Ән     Айбек ағай

1-жүргізуші(Аружан): 

Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатырған салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер.

Ән – «                                                           » Манарбек аға

2-жүргізуші (Мади):        

Сіздерсіздер бүгінгі ұлықпандар,

Мың жасаған ұрпақпен ұлық жандар.

Қарттар тарих, қазына, ел қазығы,

Ей, адамзат, осыны ұмытпаңдар!

1-жүргізуші(Аружан):              

Абырой амандығың арта берсін,

Бақ дәулет қызығымен қатар берсін.

Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп, 

Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін.

Ән__________________________________________

2-жүргізуші(Мади):                   

Тыныштық елімізге бере берсін,

Молшылық жерімізге ене берсін.

Соғыстан ел жұртымыз аман болып,

Қызығын бейбіт өмір көре берсін.

1-жүргізуші(Аружан):              

Алатаудай кейпі биік қашанда,

Таң сызылып, күлер нұр шашарда

Бата бер деп бар адамдар жаяр қол,

Бір биіктен бір биікке асарда.

Сіздерден бата берулеріңізді сұраймыз!   (Бата).

2-жүргізуші (Мади):  

Бүгінгі «Қарттарым-қазынам» атты кешіміз осымен аяқталды.  

1-жүргізуші(Аружан)

Келіп тамашалағандарыңыз үшін көп-көп рақмет!






Орындаған,жауапты:

ДТЖО   А.Т.Калабаева

Педагог-ұйымдастырушы А.М.Аблайханов




Наш адрес
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Байзерек ауылы Ж.Жабаев улица, 20 дом

Жетысуская область, Алакольский район, село Байзерек, улица Ж.Жабаева 20
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Байзерек негізгі орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru