2019-2020 оқу жылы » Байзерек негізгі мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Байзерек негізгі орта мектебі"
Управления образования Кызылординской области
Приемная
+7(72859) 3-17-10
Бухгалтерия
+7(72859) 3-17-10
Версия для
слабовидящих
23
январь
2022

2019-2020 оқу жылы

Әдістемелік жоспар негізінде, мектепте қазан айында «Табысты сабаққа жету жолдары» тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинардың  бағдарламасын «Облыстық білімді дамыту оқу - әдістемелік орталығы» бекітті.  
Семинардың мақсаты: Гуманитарлық – қоғамдық  пәндерді оқытуда  табысты сабаққа жету жолдарының  тиімділігін көрсету. Семинарға 18 мұғалім қатысты.
Бірінші бөлімі «Ұйымдастыру кезеңі». Бұл бөлімде келушлерді таңғы 8.00-8.30 аралығында тіркедік. 8.30-8.45 аралығында келушілерді қарсы алып, 8.45-09.00 аралығында мектеп психологі «Көршіңді таныстыр» тренингін өткізді.  Екінші бөлімінде «Тренинг» бұл бөлімде сағат 9-да   қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Нысанбаева «Сабақта барлығы да мақсатқа бағынуы керек» тақырыбында тренинг өткізді. Үшінші бөлімі «Практикалық кезең» 9.40 – та тарих пәнінің мұғалімі С.Мендыбаева «Кіші жүздің Ресей империясына қосылуының басталуы»  тақырыбында 7 -сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж.Даркембаева «Әлемнің жеті кереметіне саяхат»  тақырыбында 6- сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді. М.Әубәкіров атындағы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Байкелова Г.К.  5- сынып оқушыларымен  «Мысыр пирамидалары қалай салынғаны туралы қайдан білеміз?»  тақырыбында ашық сабақ өткізді. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Кайранова 7 –сынып оқушыларымен   «Рассказ»  тақырыбында ашық сабақ өткізді. Шынжылы негізгі орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Декальбаев М.К. «Қобыланды батыр» жыры   тақырыбында 5 –сыныпоқушыларымен ашық сабақ өткізді.Төртінші бөлімінде «Коучинг». Бұл бөлімде орыс тілі пәнінің мұғалімі С.Канапина «Сабақта кері байланыс пен рефлексияны қалай тиімді қолданамыз?» тақырыбында коучинг өткізді. Соңғы бөлімі «Қорытынды кезең». Мектеп директоры С.Канапина  келушілерден «Үйренгенім мен түйгендерім» кері байланыс алды. Семинарға келушілер босқа келмегендерін, қоржындарының бос қайтпағандарын айтты. 
Наш адрес
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Байзерек ауылы Ж.Жабаев улица, 20 дом

Жетысуская область, Алакольский район, село Байзерек, улица Ж.Жабаева 20
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Байзерек негізгі орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru