"Көпмәдениеттік және көркем-эстетикалық тәрбие" жұмысы бойынша атқарылған жұмыстар
Көпмәдениеттік және көркем-эстетикалық тәрбиеБағыты: көпмәдениеттік және көркем-эстетикалық тәрбие
Мақсаты: Жалпы мәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, жеке тұлғаның өнер мен шынайылыққа эстетикалық объектілерді қабылдауға, меңгеруге, бағалауға дайындығын дамыту, оның ішінде "Ұшқыр ой алаңы" мектеп оқушыларының дебаттық қозғалысы" жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын іске асыру арқылы білім беру ұйымдарында полимәдени орта құру.




Мектеп алаңы түрлі - түсті шарлармен, жалаушалармен безендірілді. Жиын өтетін орынды:доға тәріздес, екі жақ бөлігін шармен өрнектеп қосылды.
Салтанатты жиын мектеп түлектерін салтанатты түрде фанфарымен ортамызға шақырып кіргізумен басталды.

Салтанатты жиынның бірінші бөлімінде Мемлекеттік ту кіргізіліп, Гимн орындалды.


Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Т.Нысанбаева «Оқу жылын аяқтау» туралы бұйрықпен таныстырды сонымен қатар биылғы оқу жылының жетістіктеріне тоқталды.

Мектеп директоры С.А.Канапина оқу жылының аяқталуымен құттықтап, байқау жеңімпаздарына салтанатты түрде мадақтама қағаздарын тапсырды.



«Білімнің алтын кілтін» мектебіміздің "Лучший аттестатпен" бітіруші түлегі аудандық,облыстық пәндік олимпиаданың жүлдегері,Қалидолда Ілияс 1-сыныптың «Лучший оқушысы»Тлеубек Бақытжанға тапсырды.
«Соңғы қоңырауды» соғу рәсімі 1 сыныптың оқушысы Чакержан Нұрсұлтан және 9 сыныптың мектеп бітіруші түлегі математика пәнінің аудандық олимпиада жүлдегері Айтпаев Елдар мен география пәнінен Ғылыми жоба жарысының жеңімпазы Қанатұлы Абылайға ұсынылды.