Аудандық семинар » Байзерек негізгі мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Байзерек негізгі орта мектебі"
Управления образования Кызылординской области
Приемная
+7(72859) 3-17-10
Бухгалтерия
+7(72859) 3-17-10
Версия для
слабовидящих
13
октябрь
2022

Аудандық семинар

Байзерек негізгі орта мектебі

2022-2023 оқу жылы 

«Білім сапасын арттырудағы тиімді әдіс – тәсілдер» тақырыбындағы аудандық семинар қорытындысы

          2022 жылдың 11 – қазан  күні Аудандық білім бөлімінің жылдық жоспары негізінде  Байзерек негізгі орта мектебінде «Білім сапасын арттырудағы тиімді әдіс – тәсілдер» тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинарға 9 мектептен 22 мұғалім қатысты.   8.00.-8.30 аралығында келушілер  QR бойынша тіркелді. 8.30.-9.00 аралығында қонақтарды қарсы алып, мектеп психологі тренинг өткізді.  9.00.-30 аралығында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С.Канапинаның (әкесінің қайтыс болуына байланысты) орнына бастауыш сынып мұғалімі Б.Сулейменова «Білім сапасын арттыруға әдіс – тәсілдердің пайдасы бар ма?» тақырыбында қонақтармен коучинг өткізді. Коучинг мақсаты:  сабақта түрлі әдіс- тәсілдер арқылы оқушылардың  білім сапасын арттырудың тиімді жолдарын бірлесіп шешу.  Коучинг барысында қатысушыларды  «Алфавит» әдісі бойынша 3 топқа бөліп, келушілердің ойын жинақтау мақсатында  «Сабақта оқушылардың қызығушылығын қалай арттырасыз және оның  білім сапасын   арттыруға әсері бар ма? деген сұрақ қойылды. Осы сұрақ арқылы конақтар коучинг мақсаты мен тақырыбын өздері анықтады.  Мағынаны тану бөлімінде «Алфавит» әдісі арқылы  мұғалімдердің өз сабақтарында қолданатын әдіс – тәсілдерінің анықтамасын   жазу ұсынылды.  Зейінін шоғырландыру мақсатында, «Әріптер айтысы» әдісін қолданды. Ой – толғаныс бөлімінде «Білім сапасын арттыруға әдіс – тәсілдерді қолданудың 10 пайдасын» топ болып анықтап талдады.  «Активатор 3,2,1»  әдісі арқылы  кері байланыс жасады.  

         9.35.-9.55 аралығында Байзерек негізгі орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі А.Калабаева 8 сыныппен Биология сабағында «Online Mektep» платформасының тиімділігін көрсетті.  Мақсаты: «Online Mektep» платформасының тиімділігін көрсету.   Оқушылар «Online Mektep» платформасында еркін жұмыс жасай алды. Оқушылардан сабақ соңында QR код арқылы кері байланыс алды. Мұғалім сабақ мақсатына жете алды. 

10.00.- 10.20 аралығында Байзерек негізгі орта мектебінің бастауыш сынып  мұғалімі К.Оспанова бастауыш сыныпта «Learing.apps» платформасының тиімділігін көрсетті.  Мақсаты: «Learing.apps» платформасының тиімділігін көрсету.  Оқушылар сабақта «Learing.apps»  платформасында еркін жұмыс жасай алды.  Сонымен қатар QR код арқылы оқушыларға тапсырма орындатты.  Мұғалім сабақ мақсатына жетті. 

10.00.- 10.20 аралығында Ақжар орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің   мұғалімі А.Мукашева 5 сыныптың  қазақ әдебиеті сабағында  «Wordwall» платформасының тиімділігін көрсетті. Мақсаты: «Wordwall» платформасының тиімділігін көрсету.  Оқушылар сабақта «Wordwall» платформасында еркін жұмыс жасай алды. Мұғалім сабақ мақсатына жетті. 

10.25.- 10.45 аралығында Төңкеріс негізгі орта мектебінің бастауыш сынып    мұғалімі А.Канапьянова 3 сыныптың қазақ тілі  сабағында  «Құндылықтарға бағытталған тәсілдердің тиімділігін көрсетті.  Сабақта «Жебе ату» әдісін қолданды. Мұғалім сабақ мақсатына жетті. 

10.25.- 10.45 аралығында Байзерек  негізгі орта мектебінің тарих пәнінің     мұғалімі С.Мендыбаева 9 сыныптың тарих  сабағында «Online Mektep»  және  «Wordwall» платформасымен жұмыс жасады.     Мұғалім сабақ мақсатына жетті. 

10.50.- 11.10 аралығында Байзерек  негізгі орта мектебінің бастауыш сынып  мұғалімі К.Сакенова 2 сыныптың математика сабағында  «Online Mektep»  платформасымен және  «Пазл» әдісін, қолдану арқылы жұмыс жасады.     Мұғалім сабақ мақсатына жетті. 

10.50.- 11.10 аралығында Шынжылы негізгі орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің   мұғалімі А.Болатова 9 сынып оқушыларымен «Орыс тілі сабағында шығарманы талдаудағы тиімді әдіс-тәсілдерді көрсетті.    Мұғалім сабағында «kahoot.com»    платформасын қолданды.   QR код арқылы оқушыларға тапсырма берді.   Мұғалім сабақ мақсатына жетті. 

Оқу ісі жөніндегі орынбасар А.Нысанбаева  семинарға келген қонақтардын «434» стратегиясы арқылы кері байланыс алды. 

Әр өткізілген іс –шарадан кейін қонақтардан QR код арқылы кері байланыс алынып отырды. 

Келген қонақтардың семинар бойынша берген кері байланыстары: Байзерек негізгі орта мектепте аудандық семинардан аларымыз көп болды; Тиімді әдіс – тәсілдерді пайдаланды; «Online Mektep»   платформасы ұнады, тиімді қолданды. А. Канапьянованың «Жамбы ату» әдісі сабақ мақсатына жетуге жақсы ықпалын тигізді; Балалардың семинарда еркін қатысуы ұнады; Ұжымның ауыз біршілігі ұнады; Платформаларды тиімді қолданды, әр түрлі әдіс –тәсілдерді еске түсіріп,үйрендік. т.б.


Мектеп директоры                 С.Канапина





Похожие публикации:

23 январь 2022 2019-2020 оқу жылы
22 январь 2022 2017-2018 оқу жылы
22 январь 2022 2017-2018 оқу жылы
Наш адрес
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Байзерек ауылы Ж.Жабаев улица, 20 дом

Жетысуская область, Алакольский район, село Байзерек, улица Ж.Жабаева 20
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Байзерек негізгі орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru