Информациятандыру бағдарламасы
Информациятандыру бағдарламасы бойынша - информатика пәнінің мұғалімі А.Аблайханов жауапты. «Информациятандыру» бағдарламасының орындалуын жүзеге асыру мақсатында жылдық жұмыс жоспары жасалып, бекітілді. Жоспар бойынша жұмыстар атқарылды. Мектепте жалпы саны 5 компьютер, 2 мультимедиалық құрал орнатылған. Олар: 2010 жылы келген 3 компьютер, 2016 жылы келген 1 компьютер, 2017 жылы келген 1 компьютер, 2017 жылы келген 2 мультимедиалық құрал. Оның 4 информатика кабинетіне орналастырылған. 1 компьютер үйде оқитын оқушының үйінде орналастырылған. 2019 жылы 1 «Bilimdook» наутбугі, 2020 жылы 10 «Bilimdook» ноутбук, 18 нетбук, 3 планшет келді. Интернет желісі 2 компьютерге қосылған. Интернет «Dual-up» «Қазақ телеком» желісінде интернет орнатылған болатын. Қазіргі уақытта «Dual-up» желісіндегі интернет істемейді. «Қазақ телеком» желісіндегі интернет те баяу жұмыс істейді. Интернетке шығу барысына тарифтік лимит кестесі сақталынды. Интернеттен алған ақпаратты тіркеу журналы жасалынып, парақтары саналып, бекітілді. Электрондық оқулықтармен сабақ өткізу кестесі жасалып, сол бойынша пән мұғалімдері сабақ өткізді. Сонымен қатар 2 мультимедиалық құралға орнатылған «i-Mektep» және «BilimLand» бағдарламаларын пайдалана отырып, сабақтар өткізуде. Информациятық теңсіздікті төмендету бағдарламасының шеңберінде компьютерлік сауаттылықты толық оқу курсынан өткен мұғалімдер анықталып, тізімі жасалынды.